Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет12/33
Дата25.11.2023
өлшемі418,31 Kb.
#126224
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

 
 


Білім беру ұйымдары қызметінің нормативтік құқықтық және ұйымдастырушылық 
негіздері. Білім беру ұйымдарының түрлері. 
Білім беру ұйымдарының құқықтық мәртебесі. Білім беру ұйымының жарғысы 
 
 
40-бап. Білім беру ұйымдары 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
1. Білім беру ұйымдары меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына 
қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) 
білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқытуды және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін 
заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектеп мәртебесі бар 
филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім 
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жеке кәсіпкерлер болып табылады.
Бiлiм беру ұйымының мәртебесін (типін, түрін) оның құрылтайшылары айқындайды 
және, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Заңның 
талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі 
білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында 
көрсетіледі.
Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының мынадай 
үлгілері болуы мүмкін: мектепке дейінгі ұйымдар, орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) 
бiлiм беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, орта білімнен кейінгі 
білім беру ұйымдары, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымдары, мамандандырылған білім беру ұйымдары, арнайы білім беру ұйымдары, жетім 
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, 
балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, ересектерге арналған қосымша білім беру 
ұйымдары.
Білім беру ұйымдарының үлгілеріне сәйкес бірқатар түрлерін қарастырайық:
1. Мектепке дейінгі ұйымдар: 
-
бөбекжай; 
-
балабақша; 
-
отбасылық бөбекжай; 
-
шипажайлық бөбекжай; 
-
мектепке дейінгі шағын орталық. 
2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта): 
1) білім беру деңгейі бойынша:
-
бастауыш мектеп; 
-
негізгі орта мектеп; 
-
жалпы орта білім беретін мектеп. 
2) оқыту бейіні бойынша: 
-
гимназия; 
-
лицей; 
-
бейіндік мектеп (жоғары мектеп). 
3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша: 
-
шағын жинақты мектеп; 
-
тірек мектеп (ресурстық орталық); 
-
түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп; 
-
кешкі мектеп; 
-
девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы; 
-
ерекше режимде ұсталатын балаларға арналған білім беру ұйымы; 
-
аурухана жанындағы мектеп. 


4) халықаралық: 
-
халықаралық мектеп; 
5) интернаттық ұйымдар: 
-
мектеп-интернат; 
-
әскери мектеп-интернат; 
-
жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат; 
-
тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат; 
-
көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-
интернат; 
-
шипажайлық мектеп-интернат. 
6) аралас: 
-
"мектеп-бөбекжай" кешені; 
-
"мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені; 
-
"бастауыш мектеп - бөбекжай - балабақша"; 
-
мектеп-гимназия; 
-
мектеп-лицей; 
-
қосымша білім беру мектеп-орталығы; 
-
мектеп-интернат-колледж; 
-
оқу-сауықтыру орталығы (кешен); 
-
оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық); 
-
оқу-тәрбие орталығы (кешен); 
-
оқу орталығы; 
-
дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы. 
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет