Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес



Pdf көрінісі
бет20/33
Дата25.11.2023
өлшемі418,31 Kb.
#126224
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес 
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында құрылатын және 
педагогтердің педагогикалық әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган болып 
табылады. 


Педагогикалық әдеп білім беру ұйымдарының педагогтері басшылыққа алатын 
педагогикалық әдеп қағидаттары мен нормаларының жалпы жиынтығын білдіреді. 
Педагогикалық әдеп ережелерін педагогтердің білуі және сақтауы олардың кәсіби 
қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады. 
Педагогикалық әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және педагогті 
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке алып 
келеді. 
Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары: адалдық, әділдік, жеке тұлғаның абыройын 
және қадір-қасиетін құрметтеу; патриотизм, жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және 
толеранттылық, кәсіби ынтымақтастық, үздіксіз кәсіби даму. 
16-бап. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес. «Педагог мәртебесі туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңы 
1. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметі білім беру саласындағы уәкілетті 
орган бекітетін педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың 
үлгілік қағидалары негізінде білім беру ұйымы айқындайтын тәртіппен жүзеге 
асырылады. 
2. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады. 
Педагогті тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім педагогикалық әдеп жөніндегі 
кеңестің ұсынымы ескеріле отырып, білім беру ұйымы басшысының актісімен 
қабылданады. 
Білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесіне педагогтердің 
педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар жүгіне алады. 
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің
негізгі міндеттері: 
1) педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу; 
2) білім беру ұйымы ұжымының адамгершілік-психологиялық ахуалын жақсартуға, 
педагогикалық әдептің бұзылуына байланысты даулы жағдайларды реттеуге ықпал ету
3) педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және 
жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу
4) педагогикалық әдепті бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды қарау және 
олардың негізінде білім беру ұйымының басшысына ұсынымдар әзірлеу болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет