Кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Кеңес төрағадан, хатшыдан және
Кеңестің басқа да мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелерінің саны тақ болуы және 7 адамнан
кем болмауы тиіс (кеңес хатшысын есептемегенде).
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңеске
білім басқармаларының (бөлімдерінің)
өкілдері, білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіподақтардың және (немесе)
үкіметтік емес ұйымдардың және (немесе) қоғамдық бірлестіктердің өкілдері; кемінде екі
педагог; құрметті демалысқа шыққан педагогтер кіреді. Білім беру ұйымының басшысы, білім
беру ұйымының басқарушылық, әкімшілік, қосалқы персоналының қызметкерлері, осы білім
беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің ата-аналары Кеңес құрамына
оның мүшелері ретінде енгізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: