Геннің нәзік құрылымына алғаш классикалық талдау жасап зерттеген С.Бензер болды. Ол
ішек таяқшасын (E.coli) зақымдайтын Т4 бактериофагына тәжірибе жүргізіп , rII мутанттарын
зертеді. Бір хромосомада (цис-жағдайында) және түрлі хромосомаларда (транс жағдайларда) пайда
болған мутациялардың фенотиптік көріністерін салыстыра отырып , олардың бір ген ішіндегі
қандай (бір немесе бірнеше) комплементация топтарына жататынын зерттеді. Нәтижесінде Бензер
геннің өз ішінде жеке –жеке , функционалдық кішігірім бірліктер немесе цистрондар болатынын
көрсетті.
Сур.3. Цис – транс мутация типін анықтауға арналған тест.
Егер зерттеліп отырған осы екі мутацияны фенотиптік көріністері цис – және транс –
жағдайында (1 және 3) түрліше болса , бұл мутациялар бір геннің ішіндегі бір цистронның шегінде
орналасқаны. Егер екі тәжірибеде де цис және транс жағдайында (2 және 4) фенотиптері біркелкі
болса ол мутациялардың бір геннің ішіндегі түрлі цистрондарда орналасқанын көрсетеді. Олай
болса , функционалдық ең кіші бірлік 1 тұтас ген емес , тек оның бөлігі цистрон болып табылады.
Бір геннің ішінде бір немесе бірнеше цистрон болуы мүмкін.
Осы жұмыстардың нәтижесінде геннің теориясы туралы бірнеше ереже пайда болды.
Ген
–бұл физика-химиялық объект, бiр полипетидтiк тiзбектiң синтезiне жауапты
генетикалық ақпараттың бiрлiгi болып табылатын ДНҚ молекуласының бөлiгi. Күрделi
генетикалық талдау нәтижесiнде Бензер геннiң күрделi құрылысын анықтады. Ол генетикалық
ақпараттың функциональдық бiрлiгiн
цистрон
-деп атауды ұсынды. Қазіргі кезде «цистрон
термині» геннің баламасы ретінді қолданылады. Сондықтан ген мен белгінің арасындағы қатынас
«бір цистрон-бір полипептидтік тізбек» деген түсінікке өзгертілді.
Ген бір немесе бірнеше цистроннан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: