Жылдың август айында маған инспектордан қатынас қағаз келді



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата25.11.2023
өлшемі443,62 Kb.
#126338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Оқытушы

«Мектеп» 
 
Мен мектеп қашықта шығар деп ойлап тұрғанымда, бай бір қызыл 
темпіне көрсетіп: 
— Әне,— деп қолын сілтеді. 
— О не? — дедім мен. 
— Әне, мектепті айтам. Алдыңғы күні ғана салып болды. Әдемі-
ақ. 
— Мектеп дегеніңіз анау ма? 
— Иә, сол, мектеп. Әлде сіздің көңіліңіз толмай қалды ма? Ең 
әуелі ішіне кіріп керіңіз. «Сыртына қарап ішінен түңілме» деген бар 
емес пе? Біздің елімізде тастан салдырған сарай болмайды, осындай 
жер үйлер ғана болады. Бірақ жер үйдің де жер үйі бар... Мынау 
әйдік жақсы үй! —деді старшын. 
— Жақсы, ішіне де кіріп көрелік. 
— Шөгіп жатқан қызыл нар сияқты екен өзі,— деді атшы күліп. 


— Бұл елде қыстау болмайды, осындай бірен-саран жер үй 
болмаса,— деді шаруа. 
Күн ертең балалар оқысын деп салынған мектепке де келіп кірдік. 
Он төрт шаршыметр шамасындай жер үй екен. Қақ төбесінде жалғыз 
терезесі бар, оның да көзі әйнек емес, қарын. Пеші жоқ. Жер едені 
тегістелмепті. Есігі де қондырылмапты. Бір бұрышта киіз үйдің 
сықырлауық есіктері тұр. 
— Міне, есіктеріне дейін әкеліп қойдық, тек енді қондыра қоюы 
ғана қалды,— деді бай сол есіктерге қарап. 
— Әдемі-ақ емес пе?— деді старшын маған. 
— Ұядай екен — дедім мен. Бірақ менің кекесінімді түсінбеген 
бай: 
— Несін айтасыз, саңғырлап тұр! — деді. 
— Әйбәт, әйбәт,— деді молда. 
— Төрде балалар мен өзіңіз отырасыз, есік жақта қысқа қарай 
бірен-саран кенже туған арық-тұрақ төлдер тұрады,— деп бай 
жалпы жағдайды түсіндіріп жатыр. 
— Мектепті төл қора етуге бола ма екен? — дедім мен. 
— Төл қорасы несі? — деп қалды бай едәуір ренжіп. 
— Бірен-саран арық-тұрақ төлдерін айтып тұр бұл кісі...— деді 
старшын. 
— Тым құрмаса еденін тегістеу керек еді,— дедім мен. 
— Тегістеледі ғой,— деді бай,— анау ойқыл-шойқыл жерлеріне 
топырақ төгіп тегістейді әлі. 
— Ол оңай ғой. Ер қосы жүре түзеледі деген емес пе, — деді 
старшын байды қостап. 
«Мектептен» шығып, үйге қарай жүріп келеміз. Менің тағы да 
еңсем түсіп кетті. Мектептің сиқы мынау. Елдің басшылары, адам 
қаралары деген кісілердің айтып келе жатқан сөздері мынау. 
Бұлардың арасында айтқанды ұғар адам жоқ сияқты. Не істеу керек? 
«Сабасына қарай піспегі» деген осындайдан шыққан мақал екен ғой 
деп ойлап келемін. 
Бай қасына ерген молда мен старшын мектеп жайын ұмытып, ел 
арасының өсек-аяңын айтып өздерінше сылқ-сылқ күлісіп, мәз-
мейрам болып келеді. 


Үйге кірдік. Мен қасақана төрге барып отырып алдым. Молда мен 
старшынның ығысыңқырап, менің екі жағымнан отырғанына бай 
үндеген жоқ, бірақ жаратпай қалды. Тағы да қымыз келді. 
— Болысқа хабар ету керек мына мектепке кім-кімнің балалары 
алынады, тізімін жасап беру керек шығар? — деді бай қымыз ішіп 
отырып, старшынға қарап қойып. 
— Кеше осы ауылға соғып қайтамын деп отырған. Ертең 
болыстың езі де келіп қалса керек — деді старшын. 
— Бұл бала қайда жатпақ? — деді кенеттен молда. 
— Қайда жатсын? Байдың үйінде жатады да,— деді старшын. 
— Жататын үй табылады ғой,— деді шаруа. 
Бай үндемеді. 
— Үй табылса, жалдап алар едім,— дедім мен. 
— Қатың балаңыз бар ма еді? — деді бай. 
— Жоқ. 
Олай болса, үй табылғанымен ол үйге кіміңіз қарайды? Ас-
суыңызды кім даярлайды?—деп қалды тағы да бай. 
Мен оған тіл қатқаным жоқ. Қымыз жиналып, ас келді. Ас жеп 
болған соң, молда құран оқып, жұрт тарай бастады. 
Мен шаруамен бірге еріп шығып, соның үйіне бардым. Біраз 
әңгімелескен соң, одан шығып баяғы мектепке келдім. Мектеп деген 
аты ғана болмаса хәлі мүшкіл еді. Амал нешік бұдан басқа 
саңғырлап тұрған үй жоқ. Маған қалайда әйтеуір негізі қаланған жер 
үйді мектеп етіп шығару керек. Ендігі жерде осы мәселені өз қолыма 
алмасам, болмайды екен деп, мен мұның жоспарын ойлай бастадым. 
Ең алдымен еденін тегістетуім керек. Одан кейін есігін 
қондыртып, ішін жақсылап сылатып, мүмкін болса, пеш салдырып 
көру керек. Мектептің ішкі жабдықтарынан да түк жоқ. Парта 
орнына қазақтың дөңгелек үстелдерін қойғызып, тақта жасату 
керек... Не керек әйтеуір бітпеген жұмысы жеткілікті еді. Ал осы 
жұмысты істейтін кім? Мұны істететін де, істете алатын адам да осы 
ауылдағы бай. Олай болса, әзірге осы байдың «тілін табу» керек 
басқа қолданар шара жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет