Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет67/135
Дата25.11.2023
өлшемі8,52 Mb.
#126497
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135
Байланысты:
b2 (1)

§11. Кеңістік пен уақыт.
Қозғалыстан шығатын келесі негізгі формалар 
кеңістік
пен 
у
ақыт.
Материалистік философия кеңістік пен уақытты адамдардың 
ойлауынан тыс, материяның объективтік формалары деп қараған. И. 
Кант (XVIII ғ.) кеңістік пен уақытты адамдардың сырттан алғап әсер- 
лерін қабылдаудың априорлық (тәжірибеге дейінгі) сезімдік форма­
сы деп дәлелдеуге тырысқан. Яғни оның ойынша олар тек субъек- 
тивтік формалар. Субъективтік идеализм (Беркли, Юм, Кант, Мах) 
кеңістік пен уақытты жеке адам санасының мазмүнына тәуелді деп 
қарады.
Қозғальіс өзін кеңістік пен уақыт формасында айқындайды. Олар 
козғалыстың коріну формалары деуге болады немесе оның сыртқы 
өлшемдігі. Қозғалысты біз кеңістік пен уақыттың арақатынасы арқылы 
олшей аламыз. Кеңістік - қозғалыстың әр сөттегі қүралымы, оның 
қүрамды боліктері мен формаларының арақатынасы немесе қозғалы- 
стың әр сәттегі сыртқы нәтижесі. Кеңістіктің заттық формадағы ерек- 
шелігін алсак, онда ол - денелердің әр сәттегі орналасу қалпы. Кеңістік 
пен уақыт материя қозғалысының сандық айқындығы.
Уақьіт - қозғалыстың формалары мен күрамды бөліктеріні (не 
элементтердің) бірінен бірі туындап үласу формасы.
Ғылым мен материализмнің тарихында калыптасқан қағидалар- 
дың бірі: материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Яғни ма- 
терияның аяқталатын немесе таусылатын шегі жоқ. Материя таусыл- 
майды. Адамдар өздерінен тыс өлемнің тек шексіз азғантай болігін 
ғана біледі. Материяның кеңістікте сақталатын шегі бар деген түжы- 
рым бізді шешілмейтін логикалык кайшьшықтарға душар еткен бо­
лар еді. Себебі материя таусылғаннан кейін оның аржағьінда қандай 
дүние болуы мүмкін? Ол тек бос кеңістік болуы мүмкін. Бүлай ойлау
- материяны тек зат түрінде гүсінуден шығатын корытынды. Зат жоқ 
жерде бос кеңістік кана бар. Ал бос кеңістік бүл үғымда жоқ болумен 
бірдей. Адамзат материя деп затты білген кезінде кеңістік заттың 
сыртқы алатын орны деген көзқарас болды. Сондықтан кеңістікті
143


материяның ажырамас қасиеті екендігі жаратылыстану гылымдарын- 
да XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырда анықтап отыр.
Кеңістік үш өлшемді (үзындығы, ені және биіктігі). Бүл өлшем 
тек заттық формаға ғана тән емес, процестерге де тән.
Уақыттың да ерекше сипаттары оның қандай қозғалыстың ағымы 
екендігіне байланысты. Уақыт заттың емес, тек процестің сипаты. 
Уакыттың ағымы жеке оқиғалардың мазмүнына тәуелсіз сияқты 
көрінеді. Уақыт ғылым мен философияда көбінесе қозғалыстың фи- 
зикалық формаларымен байланысты қаралып келді. Әсіресе біздің 
ғасырымыздың басынан бастап физикада күрт өзгерістер материя мен 
қозғалыстың, козғалыс, кеңістік және уақыттың өзара байланысы, 
бір-біріне тәуелділігі жөнінде жаңа көзқарастарға алып келді.
Бүрын кейде материя мен қозғалыс, козғалыс пен кеңістік және 
уақыттың бір бірімен байланыстары озара дербес күбылыстардың 
сырткы катынастары сияқты сииатталатын.
Бүл жонінде әсіресе А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясы 
(теория относительности) үлкен жаңалык әкелді. Ол микроболшек- 
тердің кеңістіктегі козғалысы сәуленің жылдамдығына (секундына 
300000 км) жакындаған сайын оның массасы шексіз үлғая беретіндігін 
жөне ол болшектің түрқының да қысқара түсетіндігін дәлелдейді. Яғни 
дененің кеңістіктегі қозғалысы шаишандаған сайын оның кеңістік 
сипаты да озгереді, ол денедегі уақыттың да ағымы баяулай түседі. 
Қозғалыстың озгеруі кеңістікті де, уақытты да озгертеді.
С о н ы м ен қатар б и о л о г и я л ы қ , когам дй іқ ғы л ы м д арды ң
жетістіктері қозғалыстың органикалық және әлеуметтік формаларында 
кеңістік те, уакыт та тіиті басқаша сипатта болатынын корсетеді.
Адамдардың кеңістік жэне уақыт туралы түйсіктері мен сезімдері 
әлеуметтік - тарихи проиестердің, тарихи дамудың ағымы, оның ішкі 
ырғақтарын әрі жасайды, әрі бейнелейді. Сондыктан кеңістік пен 
уакытты тек физикалық кеңістік жөне уакыт деп түсіну қате. Жеке 
адам санасы болсын, коғамдык сана болсын ондагы кеңістік және 
уақыт туралы категория (ойлаудың формасы) әлеуметтік кеңістік, 
әлеуметтік уақыттың нәтижесі.
Маркс экономикалық еңбектерінде әлеуметтік кеңістік жонінде 
коп айтқан. Мысалы, товар айналымының өрістеуі, оған сәйкес ры- 
ноктың кеңеюі туралы үғымдар бар. Рыноктың кеңеюі ол география- 
лык, не территориялық кеңею емес. Сол бір территорияның ауқымын- 
да айырбас катынастары жан-жакты өрістейді. Ягни физикалы к 
кеңістік озгермейді, бірақ соның колемінде адамдар қатынастары- 
ның шеңбері кеңиді. Түпкі табигаты бір болгандыктан кеңістік йен 
уакыт бірінің функциясын екіншісі атқара алады. Бүл әсіресе даму 
ироцесінде, соның ішінде қогамдық дамуда козге түседі. Ягни уақыт
144


дамуда тұрған кейбір құбылыстар үшін кеңістіктің ролін атқарады. 
Мысалы, Маркс “Капиталдың” алғашкы бір қолжазбасында уақыт 
жеке адам дамуы үшін - кеңістік деген. Яғни адамның дамуы 
кеңістіктен көрі уақыттың шеңберінде өрістейді. Әрине, бүл айтканы- 
мыз адам дамуында кеңістіктің ешқандай ролі жоқ деген сөз емес. 
Тек уакыт болмыстың формаларының қатар өмір сүруі емес, олар- 
дың бірінен екіншісінің туындап бірте-бірте үласуы.
Адамдар, әрине, өздеріне дейінгі қалыптасқан табиғаттағы фи- 
зикалық т.б. кеңістік пен уақытты өз практикасында игереді, әрі да- 
мытады. Соның негізінде кеңістік пен уақыттың әлеуметтік форма- 
сын жасайды. Ол формалар да тарихи озгеріп отырады. Қазіргі жи- 
накталған этнографиялық деректер, адамдар ойлауыньщ эр заман- 
дағы ерекшеліктері туралы зерттеулер олардың кеңістік пен уакыт 
туралы үғымдарының соншалыкты саналуан екендігін корсетеді. Се- 
бебі эр заманда олардың әлеуметтік практикасының озі бір біріне 
үқсамайды және соған сэйкес кеңістік басқаша үйымдастырылып, 
уақыт та басқаша өтеді екен.
Тарихта алғашқы ру, тайпа одан кейінгі халык, сословие, т.т. 
сияқты берік топтасқан бірліктерде әрбір жеке адам сол бірліктерден 
ажырамас калыпта болады. Адамдардың әлеуметтік окдіаулануы әсіре- 
се капитализм дәуірінде басталды дедік. Ол окдіауланудың оң және 
теріс жақтарына бүл тақырыпта тоқтала алмаймыз. Сол окшаулану 
әр адамның дербес толысқан, үйлесті дамитын жолына түсуі тиіс. 
Осы түрғыдан алғанда дамыған коғамдарда әрбір жеке адамның бірша- 
ма өзіндік уакыты бар деп те айтуға болады. Себебі ол адамның даму- 
ының, толысуының ерекшелігі оның оз қасиетінің қызметінің бел- 
сенділігіне байланысты бола береді. Әлеуметтік омірдің ырғағы біздің 
заманымызда әлдеқайда шапшандады. Өзгерістердің тым баяу өтуіне 
үйлескен адамдар коп жағдайда жаңа дәуірдің екпініне бейімделе ал- 
май жатады.
Сондықтан да кеңістік пен уақытты да материя сиякты адам- 
дардың дүниеге қатынасынан оқшау карап, тек табиғаттағы адамға 
қатысы жоқ заттар мен күбылыстардың қасиеті деп түсіну - ол мәсе- 
лені философиялық түрғыдан карау емес, физикалық және т.б. жара- 
тылыстану ғылымдарының түрғысынан қарау. Бүлай караудың дүни- 
еге қозқарастық мәні жок. Ондай дүниеде адамға да орын жоқ. Жаңа 
дәуірге дейінгі қоғамның байырғы формасында (қауымдық қоғам) 
адамдардың уақыт туралы түсінік - сезімдері жағдайларды үнемі жаңар- 
тып отыруға бағытталмаған, керісінше, оларға қалыптаскан дәстүрлі 
катынастарды үнемі қайталап отыру бірде-бір он нәрсе болып корінген.
Осы айтылған анықтаулардың өзі кеңістік, уақыт қозғалыс және 
болмыстың біртума бірлікте екенін көрсетеді. Ол бірлік сыртқы фор-
145


маларының бір-біріне тәуелділігі емес. Бүлардың бәрінде де әртүрлі 
емес, бір нәрсе туралы әңгімелеудеміз. Өйткені олар болмыстың 
өзіндік айқындықтары. Оның ең жалгіы, ең абстрактылык айқын- 
дықтарынан біз бүрынғыдан көрі нактырақ, мазмүны күрделірек 
айқындықтарына өрлей береміз. Соның негізінде айқындықтарды 
бейнелейтін үғымдарды анықтаймыз. Бүл диалектикалық ойдың жолы.
Кеңістік пен уақыттың айқындықтары мен өлшемдері тек зат- 
ты қ, табиғи қүбылыстарға ғана тән деп қабылдау адамдардың 
күнделікті үйреншікті сезімдерінде, ойлау салтында берік бекінген. 
Егер біз бір нәрсенің түрқын, енін, биіктігін, тереңдігін, шектілігін, 
шексіздігін, оңын, солын, артын, алдын т.т. тікелей өлшей алмасақ, 
онда кеңістіктің белгісі жоқ сияқты. Онда адамдардың әлеуметтік, 
техникалық, рухани т. б. өмірі, оның формалары болмыстың кеңістіксіз 
салалары болып шыкдай ма? Оларды метрлеп, километрлеп өлшей 
алмайсың.
Сонымен катар адамдар күнделікті ойлауында озара қатынасга- 
рын, қоғамдасудың формаларын, олардың ішкі қүрылымын т. б, жакта- 
рын кеңісгіктің формаларында қабылдайды, түйсінеді, сипаттайды. 
Олар тағыда адамгершіліктің сипаттамалары болып түрады. Істерді, 
әрекеттерді, қатынастарды, тіпті ойлар мен сезімдерді біз биік, томен, 
алыс, жақын, терең, тайыз т. т. деп сипаттаймыз. Ал осы тек аллего­
рия ма? Ягни физикалык қүбылыстардың касиеттерін ондай қасиет- 
тері жок коғамдық катынастарға корнекі бейнелік куат беру үшін 
ғана үқсатамыз ба?
Біздіңше кеңістік қатынастар қоғамдықомірге, қатынастарға объ- 
ективтік мағынада тән. Бірақ коғамдык, рухани кеңістіктің озіндік 
үлкен өзгешелігі бар. Оған рыноктың кеңеюі туралы айтқанымыз 
дәлел. Әлеуметтік күрылыстың да шеті мен орталығы, төменгі және 
жоғары жақтары, биігі мен ені бар. Оларда да шеңберлік немесе пи- 
рамидалық қүрылымдар кездеседі. Мысалы: катаң бір орталыққа 
бағынатын басқару жуйесін пирамидалық деп атайды. Ол әшейін 
корнекі бейне емес, ол өлеуметтік пирамида, оның басқару орталығы
- жоғары үшкірінде. Бүл көбінесе тоталитарлық жүйелерге тән. Сон- 
дықтан да қарапайым бүкарада кең тараған “Қүдай биікте, патша 
алыста” деген мәтел олардың шын қатынастарын көрсетеді. Патша 
географиялық алыстьгқта емес, әлеуметтік алыстықта. Географиялық 
жағынан тіпті жакын түрған патшаға жету карапайым адамға киямет- 
тей қиын, одан көрі жүмыр жерді он айналу оңайырақ шығар.
Қауы мдық күрылыстардағы адамдардың дүниеге байырғы 
козқарасын, қоғамдық қүрылымын т.б. жақтарын алып қарасаңыз 
олардың негізінде жатқан қүндылыктардың қандай кеңістік қатына- 
старды туғызғанын коруге болады. Мысалға түркі халықтарының бай-
146


ырғы түрмыс - тіршілігін, дүниеге көзқарасын алуға болады. Олар- 
дың байырғы нанымдары “Тәңірі-Үмай”-дың жүйесінде Тәңірі (ас­
пан) әке де, Үмай (жер) - ана. Түркілер солардың үрпағы. Аспан 
дүниесі, ондағы денелер, әсіресе, күн түркілердің айрықша қастер- 
лейтін, табынатын киелілері. Аспан (тәңірі), әсіресе, күн, адамдарды 
тудырған, оларға нүр шашып, өмірді үнемі жандандырып, жайната- 
тын күш. Одан қымбат, одан қүнды ешнәрсе жоқ. Үмай - жер-ана - 
одан кейінгі табынатын нәрсе. Ал жер асты, оның қойнауы - өлілер 
дүниесі, адамдарга жат, қоркынышты, көбіне жамандық әкелетін жақ. 
Яғни олар үшін қүндылықтың ең бастысы - Аспан, Күн. Ертедегі 
түркілер үйлерінің есігін үнемі шығысқа, яғни, күннің туатын жағына, 
немесе, күннің ең қуатты жағы - оңтүстікке қаратқан. Түркілерде 
алдыңғы, артқы, оң, сол жақ олардың шығысқа қатынасына байла­
нысты. Алдыңғы жақ барлық уақытта - шығыс жақ. Қазіргі адамдар- 
да олар кайда бара жатса, алдыңғы жақ сол ғой. Яғни адамдардын 
әлеуметтік дүниесінде кеңістіктің қүрылысы, үйымдасуы олардың ең 
түпкі қүндылықтарынa бағынады.
Бүған дәлел ретінде біздің дәуіріміздің 732 жылы Күл-тегіннің 
қабіріне орнатылған тастағы түріктердің Орхон жазуы. Онда өзіне 
қараған барлық тайпалар мен үлыстарға арнаған Білге-қаһанның тасқа 
қашалған сөзін алсақ. Өзінің жасаған жорықтары туралы Хан былай 
дейді: “Ілгері Шандуң жазығына дейін өскермен бардым, теңізге сәл 
жетпедім. Оңға “он эрсенге” дейін де әскермен бардым, Тибетке сәл 
жетпедім. Артка темір қақпаға дейін әскермен бардым. Солға Бай- 
ырқы жер еліне дейін бардым. Қанша жерлерге жорыттым...”20 Бай- 
ырғы түрік дүние танымындағы үғымдар Білге-каһанның сөзінде де 
сол күйінде түр. Ол үшін де ілгері карай жүру - тек шығысқа қарай 
жүру. Соған сәйкес оны да, солы да, арты да анықтала береді.
Егер күндылыктың негізінде бүкіл коғамдық қүрылыс, адамның 
өмірлік бағыттары анықталып, тек солармен іске асып жатса, оны біз 
калай жоққа жатқыза аламыз? Оның үстіне біз бар нәрсенің бәрі тек 
акиқат, тек дүрыс нәрсе демейміз ғой. Яғни әлеумегтік кеңістіктің де 
өзінің түңғиығы, өзінің бет жағы, биігі мен төмені, өзіндік аукымы 
бар. Сондыктан да рухани кеңістік, мәдениеттік ауқым деген үғым- 
дар тек баламалы мағынада емес, өмірде бар, шын нәрселердің көрінісі. 
Кеңістік категориясына қарағанда уакыттың табиғи процестермен ғана 
емес, тарихи процестермен де тығыз байланысты екеніне ешкім дау- 
ласа алмайды. Бірақ, сирек те болса ондай пікірлер айтқандар болған. 
XX ғасырда осыны мысалы логикалык позитивизм өкілі Г.Рейхенбах 
айтқан. Онын физика ғылымы жетістіктерінен ашқан қорытындыла-
20 Цит. по 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет