шексіздік. Ш ектіліктің өз шегінен асуы - оның өзін өзі теріске
шығаруы. Оны ешбір сырт нәрсе теріске шығармайды, нағыз теріске
шығару, өзінің табиғи шегінен асу, ол - шын диалектикалық терістеу.
Шексіздік - шектелген нәрсенің өзінің ішкі табиғи шегінен аттауы,
яғни ол шектілікке сырттай ғана қарама-қарсы түрған жоқ, оның өзінің
ішкі айқындығы, өзін өзі іштей төрік етуі.
Олай болса әрбір шектінің ішінде өзіне тән шексіздігі бар. Тап
осы сияқгы шексіздікте өзінің тікелей айқындығының, яғни шектілікке
қарсы айқындығының аржағында, ез ішінде шектелгендігін де айт-
тық. Оның шектелгендігі тікелей айқындығы емес, оның сыртқы кел-
беті емес, оның жасырын екінші келбеті, оның іштей өзін өзі терістеуі.
Осы шектілік оның өз ішіндегі өзгелігі, шегі. Әр кайсысының тікелей
айқындығын ар жағынан, іштей әзіне қарама-қарсы айқындық то-
лықтырып түрады. Олардың осы сырттай (формалық жағынан) бір-
біріне етуі, бірінің екіншісіне ауысуы екеуінің де жалпы қалпында,
мазмүнында езгеріс туғызбайды, яғни шын мағынасында ауысу, өту
жок, тек сол сияқгы корініс жасайды. Бүл тек ойдағы жалған ғана
козқарас емес, шын процестің сыртқы жағы, ол бар нәрсе, бірақ шын
бірліктің және шын озгерістің ішкі ақикаты емес. Ондағы шын бар
қозғалыс: шектіліктің шексіздікке қарсы жағы ретінде ғана шектілік,
ал шексіздік те солай, тек шектілікке қарсы анықтама ретінде ғана
шексіз, ал олардың бір-біріне отуі қарама-қарсылықтардың кезек-
тесіп озіне қайта келуіне саяды. Ш ектілік шексіздікке отіп озін
терістейді, ал шексіздік те озін терістеу арқылы шектілікке ауысады.
Және керісінше шексіздік те осындай жолдан отіп озіне қайтып ора-
лады. Әр жағының оз қарама-қарсылығы арқьілы озіне қайтып ора-
луы, яғни бүрынғы қалпын қайталай беруі озгерістің шын мазмүнын
корсетпейді. Бүл шын монінде озгеріс емес, қарама-қарсылықтар-
дың озара қайшылык қалпын шексіз қайталай беруі. Шексіздікті осы
лай түсіндіруді Гегель мағынасыз шексіздік (дурная бесконечность)
деп атаған. Мүнда шектілік пен шексіздіктің қайшылығы шешілмейді,
бірақ шешілген сияқтанады.
Оның себептерінің негізгісі: қарама-қарсы екі жақ - шектілік
пен шексіздік о бастан бір-біріне тең (әртүрлі бағалы болса да), дәлірек
айтса бір-біріне тек сырттай қауышқан, тек бірін екіншісі толықты-
рып кана түратын екі жарты нәрселердей қараудан.
Өзінің шын мәнінде
Достарыңызбен бөлісу: