Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың


Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті



Pdf көрінісі
бет35/72
Дата25.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#126513
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
Байланысты:
httpsprimeminister.kzassetsmediaazastan-2050-strategiyasy.pdf

Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті

дамыту.
Бұл –
өзекті міндет. Бұл арада бізге:

Жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді 
ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді
жаңғыртуымыз қажет.

Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық
-
түліктің жаппай өндірісін басты етіп 
қоятынымызды айқындауымыз керек.
Алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ІЖӨ
-
дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5
есе артуы 
болуы тиіс.
2013 жылдың
 
өзінде
 
Үкіметке мыналарды тапсырамын:

Ел агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасын әзірлеу.

2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4,5 есе арттыру.

Ең жаңа агротехнологияларды қолдануға бағытталған орта және ірі тауарлық ауылшаруашылық 
өндірістерін құру жөніндегі заңнамалық және экономикалық ынталандырулар жүйесін тұжырымдау.

Берілгеннен кейін белгілі бір кезеңде игеру қолға алынбаған жерлерге салық мөлшерлемелерін 
көтеруді енгізу.
Жетіншіден, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет.
Ауыл шаруашылығы мұқтаждығы үшін бізге аса көп су көлемі қажет. Осыған байланысты біз:

Басқа елдердегі, мысалы, Австралиядағы сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешудің озат 
тәжірибесін мұқият зерделеп, оны біздің жағдайымызда пайдалануға тиіспіз.

Бізде елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озат технологияларын 
енгізу қажет.

Агроөнеркәсіп секторында ылғал үнемдеу технологиясына кешенді түрде
ауысуға тиіспіз.
Қоғамымыздағы ой
-
сананы
түбегейлі өзгерту қажет. Біздің ең асыл табиғи байлығымыз –
суды ысырап 
етуді тоқтатуымыз қажет.
2050
жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиіс.
Үкіметке дәйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай –
тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 
жылға қарай суару проблемасын шешетін ұзақмерзімді бағдарлама жасауды 
тапсырамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет