Қазақстан азаматтарының өмір - тіршілігі қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін
барлық рұқсаттар мен лицензияларды қайтарып алып , оларды хабарландырумен ауыстыруды тапсырамын.
Заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін
жағдай тудыру қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесін алып тастап,
олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеп шығу керек.
Екіншіден , Мемлекеттік
-
жекеменшік әріптестігі принципіне негізделген сенімді диалог құру үшін бизнесті
топтастыруды жалғастыру керек, ол бұл жаңа стратегияны жүзеге асыруда кең ауқымды және барлық
кәсіпкерлердің тартылуы міндетін шешіп береді.
Халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің палаталарға топтасуы –
экономиканың
тиімділігінің маңызды факторының бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес –
мықты мемлекет»
қағидасы іс жүзіне асты.
Үкімет «АТАМЕКЕН» Одағымен бірлесіп, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына міндетті мүшеліктің
тұжырымдамалық моделін әзірледі.
Аталған модель кәсіби
-
техникалық білім, әсіресе, ауылдық жерлер мен моноқалалардағы шағын бизнесті
кешенді сервистік қолдау, сыртқы экономикалық қызмет салаларында мемлекеттік органдардың кең
өкілеттіктері мен функцияларын құрылатын Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына беруді қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Үкіметтің сенімді және білікті серіктесіне айналады.
Осыған байланысты Үкіметке тиісті заң жобасын әзірлеп, оны Парламентке келесі жылдың бірінші тоқсанында
енгізуді тапсырамын.
Үшіншіден, мемлекет өзінің ролін өзгертуі тиіс. Бізге кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет. Бұл оңай қадам емес, өйткені,
мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді
білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек.
Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан
біз