Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың



Pdf көрінісі
бет70/72
Дата25.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#126513
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
httpsprimeminister.kzassetsmediaazastan-2050-strategiyasy.pdf

зайырлы келбеті

Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты.
Мұны Қазақстанның қазіргі және болашақ саясаткерлері, барлық қазақстандықтар
айқын
 
түсінуге тиіс.
Үкіметке менің Әкімшілігіммен бірлесіп,
Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі 
мемлекеттік бағдарлама
дайындауды тапсырамын.
Сөйте тұрып, мен ұлтты да сақтандырғым келеді. Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға 
айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс.
Дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі 
ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі принциптерін қастер
тұтуымыз керек.
Құрметті қазақстандықтар!
Менің отандастарым!
Бүгінгі Жолдауымда мен сіздердің әрқайсыларыңызға сөз арнаймын.
Ел алдында
ірі мәселелер
тұр. Мен
біздің табысты болатынымызға сенімдімін.
Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін?
Мен
2050 жылғы қазақстандықтар

үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық 
сенімдімін.
Олар –
әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. 
Олар –
өз елінің патриоттары.
Мен
2050 жылғы Қазақстан

жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол –
барлығы да адам игілігі 
үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. 


Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң 
үстемдік етеді.
Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештеңе де түзу жолдан тайдыра 
алмайды.
Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет