Азғындықтарыңды мен білгенмен, мына қонақтарым білмесін?">»
?">
[204]
?">, – деді. Алайда шайтанның
құрығына түскен халқы оның сөзіне құлақ аспады. Олар: «Ей, Лұт!
Біз сені өзгелердің ісіне
араластың деп жолыңа бөгеу болмадық қой. Енді неге біздің жолымызды кесесің. Біз саған үйіңе
қонақ кіргізбе деп ескертіп едік қой. Сен қалауыңша таза бола бер. Бірақ біздің ісімізге
араласпа. Бізде кемшілік болса, ол өз ісіміз. Сенің бізде шаруаң болмасын!»
?">[205]
?"> –
деп жан-
жағынан даурығысты. Лұт пайғамбар (а.с.) оларды бұлай тоқтата алмайтынын білген соң: «Уа,
халқым! Міне, қыздарым. Олар сендер үшін əлдеқайда таза. Оларды сендерге некесін қиып
берейін. Аллаһтан қорқыңдар. Араларыңда жақсы мен жаманды айыра алатын дені түзу біреу
жоқ па?» – дейді. Самуд халқының еркектері: «Ей, Лұт! Сен осы күнге дейін бізді білмейтін бе
едің? Сенің қыздарыңда біздің шаруамыз жоқ. Сен біздің не қалап тұрғанымызды жақсы біліп
тұрған боларсың?» – деп дүрсе қоя берді. Лұт пайғамбар олардың мына сөздерінен кейін қатты
қысылып: «Шіркін-ай! Дəл қазір сендерге қарсы тұратын бір
құдіретім яки қорғана алатын
титтей мүмкіндігім болғанда, мынадай күйге түспес едім?">»
?">[206]
, – дейді. Оның осы сөзіне
қатысты Аллаһ
елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
: «Аллаһ Лұтқа рақым етсін. «Мықты бір қорғанды
паналасам» деп, сол кезде қатты қиналып, Аллаһқа сиынуды ойламаған», – дейді
?">[207]
. Осы
кезде оның қатты күйзелгенін байқаған періштелер шындықты жайып салды: «Ей, Лұт! Біз сенің
Раббыңның елшілеріміз. Қорықпа! Бізге түк те істей алмайды.
Сенің халқың адасудан
арылғылары келмей қасарысып жатыр. Бұдан соң олардың түзелуі əсте мүмкін емес. Сен қанша
насихат айтқанмен, оларға ешбір пайда бермейді. Осы сəттен соң олар саған əсте жапа шектіре
алмайды. Жібер, қанеки бəрі ішке кірсін»
?">[208]
?">, – дейді.
Осыдан кейін Хақ пайғамбар есікті айқара ашқан еді, сыртта ентелеп тұрған еркектер ішке
лап етіп ағылды. Бірақ олар не болғанын түсіне алмай, сең соққан кемедей теңселіп кетті.
Көздері қарауытып артынан түк көрмей қалды
?">[209]
. Бейне бір аналарынан соқыр болып
туғандай күй кешті. Бəрі бірден айқайлап бір-бірін басып-жаншып кимелеп шыңғыра бастады.
Бұлар
жай қонақ емес, сиқыршы, дуалаушылар екен деп, қонақтарды кінəлай бастады. Хазірет
Лұт оларды итерген бойы, далаға шығарып тастады.
Періштелер хазірет Лұтқа: «Кештің бір мезгілінде отбасыңды алып тездетіп жөнел. Өзің
олардың артынан жүріп отыр. Ешқайсысың артыңа қараушы болмаңдар.
Діттеген межеге
жетіңдер. Таңға жуық олардың шаруасы бітеді», – дейді. Хақ пайғамбар дереу өзіне сенген
үмбетін ертіп түн жастанып жолға шықты. Жары Уахила олармен емес,
азғын халықпен бірге
болғысы келіп жұртта қалып қойды. Хазірет Лұт отбасын ертіп қаладан шыққан кезде, майда
тастарды үйіріп алып, бұршақша жаудыратын жел шықты. Бұл азаптың алғашқы белгілері
болатын.
Достарыңызбен бөлісу: