Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған


АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – ХАЗІРЕТ МҰХАММЕД (С.А.С.)



Pdf көрінісі
бет77/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – ХАЗІРЕТ МҰХАММЕД (С.А.С.)
Тарихи кітаптарда өзге пайғамбарларға қара-ғанда Аллаһтың сүйіктісі, адамзаттың соңғы
елшісі Мұхаммед Мұстафа 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
жайлы деректер толық сақталған.
Адамзаттың асылы (с.а.с.) (милади жыл санауы бойынша) 571 жылы, Рəбиул-əууəл айының
дүйсенбіге қараған он екінші түні Меккеде дүниеге келді.
Ол уақыттарда «Мұхаммед» есімі ел арасында кең таралмаған еді. Атасы Абдулмутталиб
немересінің атын «Мұхаммед» деп қойған себебін «Аллаһтың да, халықтың да мақтауына ие
болғанын қаладым» деп түсіндірген
[370]
.
Əкесі Абдуллаһ əлдебір сауда сапарында жүріп, көз жұмады. Бұл кезде хазірет Мұхаммед
(с.а.с.) дүние есігін əлі ашпаған болатын. Тумай жатып əкесінен айрылған Мұхаммед (с.а.с.)
төрт жасына дейін сүт анасы Халиманың, одан кейінгі екі жыл өз анасы Əминаның қолында
өсті. Алты жасында анасы Əмина оны туған-туыстарын аралатып, əкесінің басына ертіп апару
үшін Мəдинаға аттанады. Нəжжарұлдары жағынан туыстарымен танысып қайтқан осы
сапарында қайтар жолында «Əбуа» деген жерде анасы Əмина аяқ астынан ауырып қайтыс
болды. Сапарға бірге шыққан Үммү Əйман ата-анасынан тұлдыр жетім қалған баланы Меккеге
əкеліп, атасының қолына табыс етеді.
Алты жасынан сегіз жасына дейін атасы Абдулмұтталибтің қолында өсті. Атасы қайтқанда,
марқұмның өсиетімен əкесінің бауыры Əбу Тəліптің қарамағына берілді.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) он екі жасқа толғанда, саудамен айналысатын көкесі Əбу Тəліптің
бір жағына шығысып, Сирияға бірге сапар шегеді. Алайда, олар Бусра деген жерден кері оралуға
мəжбүр болады. Өйткені жолда Бахира атты монахқа жолыққан еді. Хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.)
бойынан соңғы пайғамбардың белгілерін байқаған Бахира Əбу Тəліпке кері қайтуға кеңес
береді. Себебі балаға яһудилердің зияны тие ме деп қорыққанын жасырмайды
[371]
.
Бала кезінде бірде Мекке маңында Əбу Тəліптің қойын бағып жүріп жергілікті халықтың
тойына бармақшы болғанында, жолда ұйықтап қалып, той тарқаған соң бір-ақ оянғанын
айтқан
[372]
. Өмірінде кездескен осындай бірқатар оқиғалар
[373]
 Аллаһ тағаланың оны кішкене
кезінен күнəдан сақтаған исмет сипатын аңғартып тұр.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) 591 жылы жиырма жасқа толғанда «Хилфул-Фудул» қоғамына
мүше болып кіреді. Бұл қоғам Меккеде озбырлық болмауын қадағалап, біреудің біреуге
əлімжеттік жасауына жол бермейтін. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарлық келгеннен кейінгі
жылдарда сол кезді «Қазір де сол ұйым өздеріне шақырса, бас тартпас едім» деп еске алған.
Жиырма бес жасында Меккедегі дəулетті Хадиша есімді əйелдің сауда керуенін басқарады.
Хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) адалдығы мен ұқыптылығына тəнті болған Хадиша оны ұнатып,
үйленуге ұсыныс білдіреді. Нəтижеде Аллаһ елшісі (с.а.с.) жиырма бес жасында Хадиша
анамызбен отау құрады. Хадиша анамызбен жұп жарастырған бақытты шаңырақтарында екі ұл,
төрт қыз сүйеді (үшінші ұлы Ибраһим басқа зайыбынан дүниеге келген). Ұлдары: Қасым,


Абдуллаһ, Ибраһим; қыздары: Зейнеп, Руқаия, Үммі гүлсім жəне Фатима
[374]
.
Хадиша анамызбен тату-тəтті өмір сүрген Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол бақилық болғаннан
кейін де өле-өлгенше оның Ислам дініне жасаған қолдауын, басқа да жақсылықтарын
ұмытпаған.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) жастайынан ел ішінде көркем қасиеттерімен танылған еді. Халық
оның шыншылдығы мен сенімділігін ескеріп, «əл-Əмин» (сенімді) деп құрметтейтін.
Оны мыны бір оқиғадан байқауға болады. Меккедегі қасиетті Қағбаның қабырғалары ұзақ
уақыт күтім көрмей, жауын-шашын, жел құздан жер болып мүжіліп біткен-ді.
Осыған байланысты Қағбаны жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Əр рудың
адамдары бұл іске білек сыбана кіріседі. Алайда қасиетті қара тасты (Хажарул-əсуəд) тұғырына
қондыруға келгенде, рулар арасында талас туды. Əр ру оны өз қолымен қойғысы келді. Бұның
соңы қақтығысқа, жаға жыртысар жанжалға ұласу қаупі туындағандықтан, тығырықтан шығар
жолды Құрайыштың ең жасы үлкен қариясы Əбу Үмəйя ибн Мұғира көрсетеді:
– Қаласаңыздар, бұның төрелігін ертең Сафа қақпасынан бірінші болып аттаған кісіге
қалдырайық.
Бəрі осыны құп көрді.
Ертесі күні Аллаһтың қалауымен қақпадан алғаш болып хазірет Мұхаммед (с.а.с.) кірді.
Халық басқаның емес өздері «əл-Əмин» деп атаған шыншылдығымен аты шыққан кісінің
келгеніне айрықша қуанып, оның төрелігіне жүгінеді
[375]
.
Талас-тартыстың неден туындағанын түсіндіргенде, хазірет Мұхаммед (с.а.с.) көп ойланып
жатпастан мата сұратты. Қара тасты соның үстіне қойдырып, əрбір рудан бір кісі ортаға
шығарып, матаның пұшпағынан ұстатып, тиісті жерге жеткізгеннен кейін, қара тасты Аллаһ
елшісі (с.а.с.) өз қолымен орнына қойды. Оның бұл тапқырлығына бəрі тəнті болды. Осылайша
талас-тартысқа соңғы нүкте қойылды
[376]
. Бұл кезде хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) жасы отыз
бесте болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет