үйрететін адам жіберуін өтінді. Осы мақсатта Пайғамбарымыз (с.а.с.) дінді жетік білетін он
адамды аттандырады. Бірақ, олар Ражиъ деген жерге жеткенде, күтпеген жерден опасыздықтың
құрбаны болды. Сегізі шейіт болып, екеуі құлдыққа сатылды. Мүшріктер тұтқынға түскен
Хұбəйб ибн Адий мен Зəйд ибн Дəсинаны (р.а.) Меккеге апарып, құлдыққа сатады. Зəйд ибн
Дəсинаны Сафуан ибн Үмəйя сатып алды. Зəйдті өлтірерде, Əбу Суфиян халықтың көзінше
одан: – Əй, Зəйд, Құдай үшін расын айтшы, сені өлтіргенше тап қазір Мұхаммедтің өлтірілгенін
қалар ма едің? – деп сұрады. Сонда Зəйд оған жұлып алғандай: – Мен сүйікті Пайғамбарымның
өлтірілгені тұрмақ, оның табанына абайсызда бір тікен кіріп, жанына батқанын да қаламаймын,
– деп жауап қатады. Бұны естігенде Əбу Суфиян: – Мұхаммедті сахабаларының
құрметтегеніндей мұншалықты құрметке бөленген басқа ешкімді көрген емеспін, – деп еріксіз
мойындаған еді
[408]
.
Ал, Хұбəйб ибн Адийді (р.а.) біраз уақыт тұтқында ұстап, оны да халықтың көзінше өлтіруді
ұйғарады. Хұбəйб ажал алдында екі рəкат намаз оқығысы келетінін білдірді. Сөйтті де мынадай
өлең жолдарын оқыды: «Аллаһ жолында мұсылман ретінде өлгеннен артық бақыт бар ма? Аллаһ
қаласа менің зардап көрген тəнімді ақыретте игілікке кенелтеді»
[409]
.
Бұл екі ықыласты сахаба да жанын құтқару үшін сенімінен айнымады. Дін жолында шейіт
болды.
Бұл қайғылы оқиға Ислам тарихында «Рəжиъ оқиғасы» деген атпен қалды.
Достарыңызбен бөлісу: