— 124 —
Б
аспана жайлы
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
2.
Салық режимдері.
Қанша пайыз салық төлейсіз,
қашан, қалай салық есептіліктерін тапсырасыз –
осы режимге байланысты болады. Сол үшін
салық
режимдерінің бәрімен танысып артықшылығы
мен кемшілігін біліп алыңыз.
Табыс салығының пайыздарына қарап,
оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі
мен патент негізіндегі салық
режимі тиімдірек көрінуі
мүмкін. Бірақ, ол екі режим жалпы айналымнан салық
төлейтінін ұмытпаңыз. Егер сізде үлкен айналым,
бірақ аз табыс болса сізге жалпыға бірдей салық
режимі тиімді болуы мүмкін. Мысалы, телефонға
бірлік салатын аппараттар қойсаңыз, 1000 тг бірлік
салынғанымен сізге тек 20 тг қалады делік. Осы тұста
оңайлатылған салық режимі бойынша 30 тг салық
төлеу керек боласыз, ал жалпыға бірдей салық режимі
бойынша 20 тг-ден 10% 2 тг ғана салық төлейсіз.
Құжатпен дәлелденген шығындарды алып тастап,
таза табыстан төлеу мүмкіндігін сізге тек жалпыға
бірдей салық режимі береді.
Сондықтан салық
режимін таңдамас бұрын, қағаз бен қалам алып,
болашақ шығындарыңыз бен табысыңызды есептеп
барып, шешім қабылдаңыз.
Оңайлатылған декларация негізіндегі салық
режимін пайдалану үшін мынандай кәсіп түрлерімен
айналысуға тыйым салынады:
1.
акцизделетін тауарлар (спирттің барлық
түрлері, сусын, шырын, арақ-шарап, сыра,
темекі, алтын мен күмістен жасалған зергерлік
бұйымдар және т.б) өндiруді;