«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


Бірнеше жылғы тәжірибе көрсеткендей, «Жас Сарбаз» сыныбының  тиімділігі -



Pdf көрінісі
бет13/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   188
 
Бірнеше жылғы тәжірибе көрсеткендей, «Жас Сарбаз» сыныбының 
тиімділігі
-
жасөспірімдер ерте кезден өздерін қоғамға қалыптастырып, дамуы 
үшін жұмыс жасайды, өзінің қандай салаға бейімді екенін анықтайды, 
психологиялық, физикалық дайындығын жетілдіреді, шыдамдылық дағдысы 
қалыптасады, еліміздің Қарулы Күштерінде және басқа әскери құрылымдарда 
қызмет етуге дайын болады.
Қорыта айтқанда, оқушылармен жоғарыда баяндалғандай әдістерді 
қолдана отырып, білім алушының көкейіне ой сала білсек, үлгі көрсетсек 
заманға сай, отансүйгіш азамат елге қызмет ететін азаматтар тәрбиелейміз деп 
сенемін. 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды 
дамытудың 2020-2025 жылдырға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2019. 
2.
"Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс 
сапасын арттыру". 2018. 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ-МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ 
 


23 
Болат Жанибек 
Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскері, 
Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Аңдатпа.
Автор бұл мақалада Ахмет Байтұрсынұлының білім саласына 
қосқан үлесіне жан-жақты тоқталып, ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, 
нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасы тұрғысынан зерттеп жазады. Автордың 
ізденгені, еңбекті талдағаны анық байқалады. Мақаланың тілі жатық, еңбегі 
жүйелі түрде жазылған.
 
Қазақтың ғылым-білімі жайлы сөз болған кезде ұлы ғалым Ахаңды, яғни 
Ахмет Байтұрсыновты еске алмай кету мүмкін емес. Қазақ тіл ғылымының, 
әдебиеттану ғылымының басында Ахмет Байтұрсыновтың тұрғаны белгілі. 
Оның артына қалдырған мұралары, әдебиет пен тіл біліміне қосқан үлесі, 
жасаған терминдері ғылымға қосылған баға жетпес мұра екені анық. Олар қазақ 
елі барда ұрпақ санасынан өшпек емес.
Ахмет Байтұрсынов әсіресе, қазақ тіл біліміне өлшеусіз үлес қосты. Оны 
«Тіл білімінің атасы» деп те атайды. Ол қазақ тілін ғылым ретінде бірізділікке 
келтірді. Байтұрсыновтың көбірек тер төккен тағы бір еңбегі – қазақ жазуы еді. 
Ол бұрыннан қалыптасқан араб әліппесіне негізделген оқу жүйесін түбегейлі 
өзгертті. Жаңа реформа нәтижесінде араб әліпбиіне негізделген жаңаша 
қазақтың төте жазу үлгісі өмірге келді. Бұл әліпбидің өміршеңдігі сол, оны арғы 
беттегі қытай қазақтары әлі де қолданып келеді. 
Араб әліпбиімен тек құран сүрелеріне оқуға келетіндіктен, қазақтың 
ауызша сөйлеуін араб әліпбиі дәл жеткізе алмайтындықтан, әрі араб әліпбиінде 
басы артық таңбалар болғандықтан, Байтұрсынов әбден екшелген өз әліпбиін 
ұсынды. Сол кездегі халық сұранысын толық өтеген бұл әліпбиде Ахмет 
Байтұрсынов араб әліпбиіндегі үш қана дауысты әріпті әртүрлі дәйекше қосу 
арқылы санын көбейтті. Араб әліпбиіндегі басы артық таңбаларды алып тастап, 
тек қана қазақ тілінің өзіне тән төл дыбыстарды ойлап тауып қосты. Сонымен 
қатар ол кезде араб әліпбиі балаларға оқытылған кезде, тура араб тілін оқытып 
жатқандай, «а» әрпі «әліп» деп, «б» әрпі «би» деп оқытылды. Бұл баланың 
сауаттануына үлкен кедергі жасайтындықтан, Ахаң бұны да алып тастап, өз 
әліппесіне «ежіктемей төте оқу» деген атау берді. Бұл төте оқу көп адамды 
сауаттандыруға себеп болды. Жазу мәселесін бір жайлы еткен соң ол сол жазу 
арқылы оқу құралдарын жаза бастады. Бұрын араб, парсы тағы басқа да 
тілдерде қойыртпақталып келген оқу құралдарын қазақ баласының таным- 
түсінігіне, қабылдауына сай етіп жаңаша жазып шығарды. Одан бұрын әр 
мұғалім өзіне ыңғайлап оқытып келген болса, Ахмет Байтұрсынов оқулықтары 
бір ізділікті қалыптастырды. Ғалымның «Оқу құрал» (1912), «Тіл құрал» (1914), 
«Әліпби» (1924), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Баяншы» (1926), «Тіл жұмсар», 
«Әліппе астар», «Сауаташқыш» сынды оқу құралдары бойынша оқушылардың 
оқу сауаттылығын арттыра отырып, пікірталас алаңдары ұйымдастырылады. 
Бұл әдістер болашақ журналистерді дайындаудың алғышарттары. 


24 
Латын әліпбиіне көшу кезек күттірмейтін мәселе екені айдан анық. 2025 
жылдан бастап латын әліпбиіне көшер болсақ, осы күнге дейін жазылған ұлт 
руханиятына сүбелі үлес қосқан барлық асыл қазына кітаптарымызды латын 
әліпбиіне көшіру керек. Егер баспа түрінде шығару қиын болса, электронды 
нұсқасын жасау қажет. Себебі біздің болашақ ұрпақтарымыз ата-бабаларының 
рухани мұраларынан нәр алып, суындап өсуі қажет. Латын әліпбиіне көшу 
жайлы сөз болғанда тіл ғалымдары әртүрлі нұсқаларды ұсына бастады. 
Арасында жақсылары да, көңілге қонбайтындары да аз емес. Қазіргі әліпбиге 
қойылатын басты талап кезінде Ахмет Байтұрсынұлы атамыз жасағандай, 
артық таңбалардан ада болу қажет. Ахмет Байтұрсынұлы тілге, жазуға 
қаншалықты талап қойса, қазіргі әліпби де сол
Латын әліпбиіне өтудің тағы бір себебі – компьютерлік құрылғылардың, 
ғаламордың латын әрпінде болуы. Ағылшын тілін үйренуде де латын әліпбиін 
тану, көз жаттықтыру мен қол үйрету айтарлықтай көмегін тигізеді. Оқушылар 
ғана емес, өзіміз де сабақ барысында латын әліпбиін қолдануға тырысамыз. 
Айталық, ашық сабақ кездерінде кейбір сөздің үш тілдегі нұсқасын жазып 
отырамыз. Бұл бір жағынан оқушылардың тіл байлығын молайтса, екінші 
жағынан латын әліпбиін жазуға ынталандыру, қол жаттықтыру болмақ. 
Осындай әрекеттерден кейін оқушы латын әліпбиін үйренуге ынталанады.
Қорыта келгенде, қазіргі қазақ тілі де сол талапқа сай болуы қажет. Әліпби 
ауыстырар кезде де ғалымның салып кеткен сара жолын пайдалана білгеніміз 
жөн. Қазақ тілінің табиғатына сай емле жасап, Ахаңның тәжірибесін бағдарға 
алуымыз қажет. Қазақ әліпбиіне орыс тілінің ықпалымен енген әріптерді, атап 
айтсақ, щ, х, ч, э, ь, ъ сияқты әріптер мен таңбаларды алып тастаған жөн. Бұл 
әріптерді міндетті түрде орыс тілінің ықпал заңдылығымен емес, қазақша тілге 
сәйкестіріп пайдалануымыз қажет. Латын әліпбиі ескі көзқарасты жойып, 
мәңгілік елдің рухани жаңғыруы ретінде ізгі бастама, игілікті іс болары анық. 
Жаңа әліпби туысқан, түбі бір түркі елдерінің мәдени байланысын өзара 
біріктірері сөзсіз.
Осы ретте латын әліпбиін мұғалімдер қауымы, соның ішінде қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінің ұстаздары терең меңгеруі қажет. Жыл сайын тәжірибе ретінде 
алынған жалпыұлттық диктанттың нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Алайда 
Балқаш қаласы білім бөлімінің Абай атындағы
№ 2 мектеп-лицейінің ұстаздары латын әліпбиі бойынша диктант жазуда 
жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
Ел болашағы оқушыларды тәрбиелеген кезде ең әуелі ұстаздар қауымы өте 
сауатты болуы керек. Мұғалім өмір бойы ізденуден жалықпайды. Ұлт ұстазы 
Ахаңнан тәлім алып, алдымыздағы шәкірттерді жарқын болашаққа баулып, 
мәңгілік елдің жалауын бірге желбіретейік! 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы. Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық 
анықтамалық. Алматы: Сардар, 2014, 528 бет.
2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (Қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты 
еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. -448 бет.


25 
3. Байжанова Рауза Набиевна, Кобдабаева Ботакуз Жадигеровна. Латын 
әліпбиі – жарқын болашақтың бастауы // «Жаңартылған білім бағдарламасы: 
қазақ тілі және оны оқыту мәселелері» атты республикалық ғылыми-
әдістемелік конференция


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет