206
мәліметтер жинаудан басталды.Оқушылар негізгі мектепті бітірерде өз
қабілеттері мен бейіндерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Мектептегі оқу-
жекелеген оқу пәндерін тереңдетіп оқыту негізінде кәсіптік бағдарлауды жүзеге
асыру үшін ,балалардың кәсіптік маңызды қасиеттердің қалыптасуына назар
аударылды.
Кәсіптік бағыттылықты диагностикалау
үшін
жоғары сыныпқа
келген оқушылармен ұзақ уақыт бақылау жүргізіліп, қызығушылықтарын
сұрақтар қою арқылы анықталды.
Ғалымдардың зерттеу әдістерін басшылыққа ала отырып, оқушылар
бойынан бала кезіндегі әдебиетке,тарихқа, музыкаға, бейнелеу өнеріне
қызығушылық
пен
бейімділік
көрсететіні
анықталды.Оқушылардың
қызығушылығын қалыптастыруға қоршаған орта, білім мен тәрбие әсер етеді.
Психологтар өмірлік сценарий деп атайтын әр адамның өзінің «бағдарламасы»
бар. Сценарий ерте балалық шақта негізінен ата-аналардың ықпалымен
қалыптасады. Абай атамыз айтқандай баланың мінезіне 1-ата ана, 2-ұстаз, 3-
құрбысы әсер етеді дейді. Егер осы қағиданы ескеретін болсақ бала осы үш
адамға ұқсауға тырысады. Тектанушы ғалымдардың зерттеуі бойынша ата-
әжелердің бойында болған қабілет пен дарын келесі ұрпақтарға беріледі, оның
ішінде 3-4 ұрпақта басым болатыны кейінгі кезде байқалуда.
Қызығушылық қалай туындайды?
Ең алдымен әуесқойлық пайда болады – бұл жануарларда да іске
қосылатын бағдарлық- зерттеушілік рефлексі. Әуесқойлық білімқұмарлыққа
ауысу үшін зияткерлік белсенділік қажет. Әуесқойлық пәнге немесе құбылысқа
деген қызығушылықты туындататын танымдық әрекетке деген қажеттілігін
оятады. Сондықтан да баланың бойындағы әуесқойлықты жоғалтпау үшін және
оның әрі қарай дамуына ықпал ету үшін ересектер әрдайым қолдау көрсетуі
тиіс.
Оқушылардың кәсіптік қызығушылықтарын дер кезінде анықтау және
дамыту олардың болашақ кәсіптік табыстылығына оң ықпал етеді. Әңгімелесу
барысында 11-сынып оқушыларының бойынан осы қабілеттер бар екені
анықталып,мамандық таңдауда басқа саланы алып тұрса да әуесқойлық ретінде
өзінен осы қабілеттерді дамыту керек екеніне кеңес берілді. Әр адамның
бойында туа біткен қабілет болады. Оны ата-ана мен ұстаз ынтымақтастықта
бірге отырып жұмыс жасаса, баланың өмірден өзін адаспай табуына үлкен әсер
етеді.
Ұстаз баланың білімге деген қызығушылығын оятып, таланттарын ашуына
зор ықпал етсе, ата- ана әуесқойлығымен күніне 45 мин көңіл бөлуін қадағалау
арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын болады.Бұл өз
кезегінде баланың эмоционалды денсаулығына оң әсер етіп, өмірге және
мамандыққа деген құлшынысын арттырады.
Төменде
ұсынылған
әдістемелер
оқушылардың
өз
кәсіптік
қызығушылықтарын, бейімділіктерін үсінуге және алынған нәтижелерді
қабілеттері мен тұлғалық ерекшеліктерін диагностикалау деректерімен
салыстыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: