Дипломдық жобаға ТҮсініктемелік жазба 5В060200 «Информатика» мамандығы Алматы 2019



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127561
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Карабалаева Динара. Find system мобильді қосымшасы

Жобалау бөлімі 
 
2.1 Унифицирленген модельдеу тілі
 
 
Жобамен жұмыс жасаған кезде оған міндетті түрде анализ және модельдеу 
мен қатар модельдеу процесін бейнелеуді жатқызады. Модельдеу тілі 
бағдарламалық қамтамасыз етудің сызбасын құрастырудың стандартты құралы 
болып табылады. 
UML – Unified Modeling Language сөзінің мағынасы болып саналады. 
Қарапайым тілде айтқанда, UML модельдеу мен құжаттау үшін бағдарламалық 
қамтамасыз етуге арналған қазіргі заманауи қоғамның тәсілі. Шындығына 
келгенде, UML модельдеу тілі арқылы бизнес процестерді модельдеу қазіргі 
таңдадағы ең танымал әдістердің бірі. Бұл модельдеу тілі өте күрделі және аса 
ауқымды 
жүйелерді 
модельдеуді 
бұрыннан 
пайдаланылатын 
озық 
технологиялардың үйлесімін көрсетеді. 
Ол бағдарламалық қамтаманың компоненттерінің схемалық көрінісін 
көрсетуге негізделген. Визуальды түсініктерді пайдалана және бейнелерді көре 
отырып, біз бағдарламалық қамтамасыз етудегі немесе бизнес – үдерістердегі 
мүмкін болатын кемшіліктерді немесе қателерді жақсы түсіне аламыз. Сол 
себепті ең алдымен жобаны модельдеуіміз қажет. Мобельдердің құрастырушы 
бөліктеріне класстар, интерфейстер, түйіндер, компонеттер және болмыстар 
жатады. Бұл бөлімдер құрылатын бағдарламаның құрылымын анық көрсетуге, 
оның қалай жұмсы жасайтынын көрсетуге және жасалған өзгерістерді диаграмма 
түрінде сызуға көмек береді. Осы кезде UML тілінің диаграммалары түрлерімен 
танысамыз. Әр диаграмма әртүрлі қызмет атқаратындықтан, бағдарламаға 
қажетті диаграмма түрін таңдап алған жөн. Жобамен жұмыс жасау үшін Rational 
Rose модельдеуге арналған бағдарламалық ортасы алынды. Себебі бұл 
бағдарлама көмегімен бизнесті үлгілеуден тестілеуге және дайын бағдарламаны 
пайдалануды тапсыруға дейінгі аралықты қамти алады. Басты ерекшелегі 
обьектілі бағытталған графикалық сызбаларды UML тілінің қарапайым етіліп 
көрсетіледі. 
Rational 
Rose 
модельдеу 
құралдары 
бағдарламаны 
дайындаушыларға иерархияның әртүрлі деңгейлерінде бірге іс-қимыл мен 
бақылаудың барлық әсерлерін сақтай отырып, бағдарламалық процестердің 
тұтас архитектурасын жасауға мүмкіндіктер береді. Басқа артықшылығына 
модельдерді басқарудың оңайлығы жатады. Барлық модельдер оңай өзгертіледі 
және модельдер бір бірімен байланысты болса ол өзгерістер автоматты түрде 
өзгертіліп көрсетіледі. Нұсқалар және конфигурацияны басқару жүйесі 
модельдерді басқаруға қолданылады. Бұл кез келген бизнес-модельге оңай 
өзгерістер енгізуге мүмкіндіктер береді. 
Дипломдық жұмыста құрылатын жүйенің моделі бірнеше сызбада 
қарастырылады. Әр сызбада бағдарламаның әртүрлі әрекеттерін көрсетеді.
Прецеденттер диаграммасы. Бағдарламаны құруға арналған заттар 
облысын толықтай біліп танысқан жөн. Сонымен қатар жүйенің қалай жұмыс 


жасайтыны туралы ақпараттар толықтай болу қажет. Диаграмма негізінен 
бағдарламалық жүйеде, яғни графикада орындайтын операциялардың тізімдерін 
құру үшін тағайындалған. Ол берілген методтағы жүйе обьектісі болып 
анықталған тізім жүйесін табжылмай міндетті түрде орындайды. Осындай түрде 
жасалатын жүйенің функция құрылымы құрылады, сондай-ақ жүйемен 
байланысқан обьектілердің барлығыныің іс-әрекетінің жоспарларын жазады. 
Прецедент диаграммасы процесін модельдеу үшін пайдаланушы іс-әрекетін 
толықтай көрсетуіне, сонымен қоса толық реакциясына да бағытталған 
диаграмма түрі.
Бағдарламадағы қосымша жүйенің жасайтын жұмысы онымен қалай 
айналысатынына және не қажет болуына байланысты болады. Обьект моделі 
өзгергіштік тараудағы прецедент моделімен байланысты болады. Динамикалық 
модельді құру негізінде «сырттан ішке» деп аталатын принцип негізінде 
жасалады. Орналасқан жүйеден басқа жерде болуы мүмкін пайдаланушы 
зерттеуінен, сонымен қоса ақпараттық қимыл бөліктерін ашу жолынан 
басталады. Осындай тұрыптан ақпараттардың құрылымы пайда болады, яғни 
қажет ететін іс-әрекетттің ұсынуынан болады. Ішкі бағыттың жылжуы, сонымен 
қатар оның қадамы бөлек бір жоспары болып табылады.
Жүйенің мінез құлқын модельдеу (Use Case Diagram) – бұл шамаланған 
жүйені жүргізудің құжаттық моделі. Диаграмма прецедент элементтері, 
актерлері мен олардың қатынастар жиынынан тұрады. Прецеденттер 
диаграммалары көмегімен жүйе үшін прецеденттің статикалық көрінісі 
құрылады. Бұл ОЖ-нің талаптарын алдын ала модельдеу және ұйымдастыру 
болып табылады. Қандай да бір қолданушыны немесе субьектіні бағдарламада 
белгілеу үшін актерді пайдаланамыз. Модельдің бұл түрі 2.1-суретте 
көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет