ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАУЛАП АЛУЫ ЖӘНЕ
ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРСЫЛЫҒЫ
Жұбанышов Б.Т.-т.ғ.к.
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Аннотация:
Бұл мақалада Черняев пен Веревкин бастаған орыс әскерлерінің
Оңтүстік Қазақстанды жаулау үшін жасаған басқыншылық жорықтары рет-ретімен
кӛрсетіледі. Әулиеата, Түркістан, Шымкент сияқты қалаларды аяусыз талқандаған орыс
әскерлерінің мейірімсіз, әрі жүгенсіз іс-әрекеттері баяндалған бұл мақалада автор оларға
қарсы Сыздық тӛре сияқты қазақтың біртуар батырларының ерліктерін жан-жақты паш етеді.
Түйін сөздер:
Оңтүстік Қазақстан, Черняев, Веревкин, жаулау, патша әскері, қазақтар,
шайқас, Шымкент.
Черняев бастаған орыс әскерлері Әулиеатаға қарай жорыққа шыққанда Сырдария
шебінен шыққан Веревкин Оңтүстік Қазақстанның «есігі» болып табылатын Түркістанға
бағыт алып, 1864 жылы 24 мамырда оған шабуыл жасайды. Бірақ Түркістан қазақтары
қолына қару алып орыстарға қарсы жаппай кӛтеріліп, «ғазауатқа» соғысына шығып, туған
жерді қорғауға аттанады. Қаланы қорғаушыларға Кенесарының ұлы Сыздық сұлтан Созақ
пен Шолаққорған қорғанының қазақтарынан құралған 120 адаммен кӛмекке келсе, Қарабура
шатқалы жақтан Сарымсақ манаптың белсенді ұйымдастыруымен 400-ден аса адам жетсе,
Түркістанның бегі Мырзадәулет те қажырлылық танытып, мұсылман жұртын қаланы
қорғауға жұмылдырады [1, 202 б.]. Бұхар әмірі де барлық мұсылмандардың қасиетті қаласы
Түркістанды қорғаңдар деп үндеу таратады [2, 202 б.].
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
34
Түркістан түбіне жеткен Веревкин қаланың шығыс жақтағы дуалдарының астын кеулеп
қазып, жарылғыш оқ-дәрі толтырып, қопаруға бұйрық береді. Алайда Сыздық бастаған
қорғанушылардың түнде тұтқиылдан жасаған шабуылы Веревкиннің бұл жоспарын асырмай
тастайды.
Сыздық бастаған қазақтардың осы ерлігіне қарамастан күші мықты Веревкиннің әскері
бекіністі бірнеше кескілескен шайқастардан кейін ғана 2 маусымда басып алады
[2, 169-173 пп]. Сыздық тӛре бастаған қазақтар болса Түркістан қаласының орыс әскерлеріне
тӛтеп бере алмасын білгендіктен, Ташкент қаласын қорғанысқа дайындау мақсатында
бекіністен шығып үлгіреді. Сыздықтың соңынан қуған Савин бастаған орыс әскерлері
тосқауылға ұшырап, кейін қайтып кетеді [3, 35 б.].
Осы шайқастардағы жеңіс орыс генералдарының басын айналдырып, оларды Шымкент
қаласына жылдам шабуыл жасауға итермелейді. Қаланы қорғауда Сұлтансейіт хан мен молда
Әлімқұл ерекше жігерлік кӛрсетіп, барлық уәлаяттарға бұйрық жіберіп, ислам туы астында
күш біріктіруді талап етіп, қазақ пен қырғыз билеушілеріне үндеулер таратады. Хан
бұйрығын естіген ӛңірдегі қазақтар мен қырғыздардан тұратын қарулы әскерлер мен
батырлар қалаға топтасып келе бастады [4, 120 б.].
Әулиеата жақтан орыс әскерлерін бастап шыққан Черняев Арыс бойындағы Жақсысу деген
жерге келіп тоқтаған соң, тӛңіректегі халықтың қоқандықтар жағына шығып, ӛздеріне қарсы
тұрғанын байқап, полковник Веревкиннен қосымша әскер жіберуді сұрайды. Веревкин
кӛмекке капитан Мейер бастаған 400 адамдық 3 зеңбірегі, 2 ракеталық станогы бар әскерді
Черняевқа аттандырады [4, 122 б.].
Мейер бастаған әскердің кӛмекке келе жатқанын естіген Әлімқұл оның Черняевпен
қосылуына жол бермеуге шешім қабылдап, Мейердің әскерін Шымкентке жақын Ақбұлақ
деген мекенде 13 шілде күні күтіп алады. Ақбұлақ түбіндегі шайқас 14 шілде күні таңда
басталып екі күнге созылады. Ақбұлақ шайқасында қоқандықтармен бірге қазақ пен
қырғыздарда қатысып, қазақтарға Мыңбай, ӛзбектерге Мырзахмет басқарса, ал бүкіл қоқан
әскеріне Әлімқұл қолбасшылық жасаған [5, 30 п.]. Шайқасқа шыққан қоқандықтардың
алғашқы шабуылын Мыңбайдың қарамағындағы әскерлер бастап, кейін оған
Мырзадәулеттің ташкенттіктері, соңынан Мырзахмет күшбегінің қолы қосылған. Оларды
Марғилан, Қоқан, Әндіжан, Наманган нӛкерлері қолдаған [6, 132 б.].
Ақбұлақ шайқасына қатысқан Сыздықтың кӛзсіз ерлігін А.Кенесарин былайша
суреттеп жазды: «Ту ұстаған Сыздық сұлтан жігіттерін ӛзі бастап жүз қадам жерге келгенде
орыстар үш жүз мылтықтан оқ жаудырды. Біріне бірі тығылып келе жатқан жігіттердің
алдыңғылары жаппай құлады, кейінгілері үрейлері ұшып, жерге жата қалды. Он мың
адамның біреуі басын кӛтеруге жарамады. Тек Сыздық сұлтан ту ұстаған күйі, солдаттардан
жүз қадам жерде, бір сағаттай тік тұрды. Солдаттар оны ӛршелене атқанда тудың шүберегі
шұрқ-шұрқ тесіліп, сау жері қалмаған еді. Бірақ Сыздықты құдай сақтады. Бір сағаттан кейін
Әлімқұл молда адам жіберіп, оны кейін шақырып алды. Сыздық кейін қайтқанда, жер
бауырлап жатқан жігіттердің бәрі бастарын кӛтеріп, онымен бірге қайтты. Осы ұрыста мың
адам қаза тапты, олардың ӛліктері кешке дейін жинап алынды [7, 25 б.].
Шайқастың басында Әлімқұл жауға қарсы жаяу әскерін жібереді. Алайда орыстар
олардың шабуылын тойтарғаннан кейін Әлімқұл зеңбіректерден оқ атуға бұйырады [8, 345
б.]. Сол кезде орыстар зеңбірек оқтарынан қорғану үшін оқ тиіп ӛлген түйелер мен аттардың,
тіпті ӛлген жауынгерлерінің ӛліктерін үйіп қойып бас сауғалайды [9, 62-63 бб.]. Мейердің ӛзі
мойындағанындай, «Сырдария шебінің орыс әскерлері мұндай қуатты қарсыласты әлі
кездестірмеген еді» [9, 63 б.].
Талқандалу алдында тұрғанын түсінген Мейер 15 шілде күні Черняевтан кӛмекке әскер
сұрап үлгіреді. Мейердің қиын жағдайда қалғанын естіген Черняев жәрдемге старшина
Катанаев бастаған 2 зеңбірегі бар 125 әскерді аттандырады. Кӛмекке ұмтылған Катанаевтың
әскері де Бӛріжар ӛзенінің бойында қоршауда қалады. Дегенмен, Черняев Катанаевтың
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
35
әскерін зеңбіректердің күшімен құтқарады. Ал, Мейер бастаған әскердің қалдығын
подполковник Лерхенің әскері аман алып қалады [10, 17 б.].
Бұл сәтсіздіктер Черняевқа уақыт ұту үшін қоқандықтармен уақытша бітімге келуге
мәжбүрлеп, «Әлімқұлға бүкіл Түркістан уәлаятын түгел қайтарып беруге уәде етіп, ӛз
қосындарына қайтып кетеді» [4, 122 б.].
Орыс әскерлері Шымкенттің түбінен қайтқан соң, Сұлтансейіт хан мен Әлімқұл
бастаған қоқандықтар мен қазақтар және ӛздерінің жеңісін аспанға зеңбіректен оқ атып,
сырнайлатып атап ӛткеннен кейін Әлімқұл 2 мың әскерді Ташкент пен Шымкенттің
қорғанысын қайта қалпына келтіруге қалдырады да, ӛзі Қоқанға қайтады [2, 183-189 пп.].
Осылайша Шымкентті қорғауға қатысқан жергілікті қазақтар қоқандық қазақ
қыпшақтарымен қоян-қолтық бірлесе отырып, әскери күш қуаты жағынан жоғары тұрған
жау әскерімен шайқасқа түсіп, ӛз қаласын сақтап қалады. Қаланы қорғаушы қазақтардың
ішінен сіргелі рулық бірлестігі мен құрама құрамындағы қазақтар ерекше кӛзге түскен [11,
378 б.]. Сонымен қатар қазақтардың келесі бір қарсылық түрі орыстарға және олардың
аттарына азық-түлік пен жем-шӛп бермеу мақсатында ұрыс қимылдары болып жатқан
жерден алысқа кӛшіп кетті. Яғни, Жӛлек пен Қаратау жотасынан кеткен рулардың кӛп
болғаны соншалықты «Түркістанның тӛңірегі мүлдем қаңырап бос қалды»
Достарыңызбен бөлісу: |