Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
37
Бірақ қоршауда қалған Серов әскеріне 6 желтоқсан күні Түркістаннан кӛмекке 300
адамдық әскері жолға шығады. Сол кезде орыстарға қосымша кӛмек жетсе жағдайдың
мүшкілге айналады деп дағдарып тұрған Әлімқұлды кӛрген Сыздық сұлтан «Сіз осы
әскеріңізбен мына орыстармен соғыса беріңіз, мен ӛз жігіттеріммен келе жатқан жаудың
алдынан шығып, оларды бері жібермей, бӛгейін» дейді [7, 27-28 бб.].
2 зеңбірек 220 адамы бар подпоручик Сукорко мен Степанов бастаған әскерді Сыздық
сұлтан Түркістан жолындағы Сасықбұлақ деген жерде қарсы алып, орыс әскерімен жазық
алаңда соғысу мүмкін еместігін біліп, атыса жүріп, Иқан жолымен шегінеді. Орыс әскерлерін
адастырып, із жасырып үлгерген Сыздық сұлтан қайта Әлімқұлға жәрдем беруге келеді де,
оған бекініп алған орыс әскерлеріне әкесі Кенесары сияқты қамыс пен жусаннан оқ
ӛтпейтіндей қалың етіп буып, бау жасауды және сол бауды қалқа қылып, домалатып арқылы
жақындауды ұсынады. Сыздықтың айласын жүзеге асырған Әлімқұл орыстарды ұрыс
алаңын тастап, ӛлгендер мен жаралыларына қарамай, қашып шығуға мәжбүр етеді. Бұл
шайқастан Серов 30 шақты ғана адамын аман алып шығады.
«Орыстар кӛп ӛлді, мұсылмандар да кӛп шейіт болды. Ақыры бауды домалатып
жүгірді, – деп әңгімелейді Иқан шайқасы жӛнінде Мирзоолим Мушриф, – Орыстың зеңбірегі
мен мылтығының оғы баудан ӛтпеді. Жақын барып, «Аллаху акбар» деп орға кіріп, қоян-
қолтық араласып, ұрыс салды. Қырғыздар қатты айқасты. Ұрыс кезінде байқатпай, бірнеше
орыс қашып шығып кетті. Олардың соңдарына түскен батырлар қуалап, Түркістанға дейін
барды [19, 71 б.].
Осылайша, Әлімқұл молда мен Сыздық сұлтан бастаған қоқан әскерлері Иқан
шайқасында ерліктің тамаша үлгісін кӛрсетіп, басқыншыларына қарсы жан аямай күресті.
Черняевтың Ташкентке жасаған екінші жорығы 1865 жылы кӛктемде басталады.
Әлімқұл молда қаланы қорғау кезінде ауыр жараланып, қаза табады да, қаланы қорғаудың
басшылығын Сыздық сұлтан алады. Дегенмен қала қорғаушыларының жаңқиярлық ерлігіне
қарамастан, үш күндік шайқастан кейін орыстар 1865 жылдың мамырында Ташкент қаласын
алып, оны Ресей империясына қосады [20, 195 б.].
Сол жылы жасалған бейбіт келісімге сәйкес Қоқан ханы ӛз иелігінің біраз бӛлігін
соның ішінде Оңтүстік Қазақстанды Ресей империясының иелігіне береді.
Генерал Черняев пен полковник Веревкиннің сәті түскен әскери жорықтары қазақ
даласын Ресейге қосып алуды аяқтап, Орынбор мен Сырдария шептері қосылды. Шымкент
пен Ташкенттің алынуы Қазақстан мен Орталық Азиядағы саяси жағдайды түп тамырымен
ӛзгертіп, Ресей империясының пайдасына шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: