ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет41/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
 
РЕЗЮМЕ 
В статье на основе документальных источников и специальной исторической 
литературы исследуется этническая история казахского племени уак из Среднего жуза, 
начиная с ІХ-Х веков вплоть до XIX века. 
S
UMMARY 
 
In article on the basis of documentary sources and special historical literature the ethnic 
history of the Kazakh tribe since is investigated the Х-XIX century. 
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
ӘОЖ 37 К 87 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
МҰРАСЫ 
 
Кусайнова Р.Т.
 - 
доцент
Қазақстан, Алматы қ., 
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті 
 
Аннотация:
Мақалада А.Байтұрсыновтың намыс пен ұлттық сезімді ұлттық санаға 
айналдырушы ХХ ғасырдың басындағы ұлттық педагогикалық ой-пікірлердің негізін салған, 
халықтың сауатын ашуға бүкіл күш-қайратын жұмсаған ағартушы ғалымдардың бірегейі 
екені қаралған. Сонымен қатар ол қазақ жерінің тұтастығының сақталуына, тӛл оқулықтар 
жазу, ұлттық ғылым-білімді жандандыру, халықтық тәлім-тәрбиені дәріптеу, соның негізінде 
қазақ жастарына адамгершілік тәрбие беру мәселелерін шешумен айналысқан басты тұлға 
болғаны айтылады. 
Түйін сөздер:
 
ұлттық сезім, педагогика, бастауыш мектеп, оқулықтар, сауат ашу, тәлім-
тәрбие, жаңа алфавит. 
Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан ӛзгерістер білім беру ісіне ӛзіндік ықпал етіп отыр. 
Қоғамда әлеуметтік жағдайларды негізге ала отырып, білім мен тәрбие берудің мазмұны 
жаңаша жасалу үстінде. Мұнда ұлттық салт – дәстүр, тарих, мәдениетімізді меңгеруге аса зор 
мән беріліп, жалпы білім дерудің әлемдік стандартына сай келтіру мәселесі қарастырылуда. 
1999 жыл Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында «Ұрпақтар бірлігі мен 
сабақтастығы жылы», -деп жарияланды. Онда: «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы-салт-
дәстүрді келер ұрпаққа жеткізудің жылы. Басты идея аға ұрпақ жинақтаған адамгершілік 
және әлеуметтік тәжірибеге аялай қарау болып табылады», - делінген. Осыны ескере келе, 
белгілі әдіскер, тіл білімінің атасы, түрколог, демократ – ағартушы, аудармашы 
А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлерін педагогикалық колледждерде бастауыш 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
101 
мектеп мұғалімдерін даярлауда ғалымның еңбектерін пайдаланудың жолдарын жан – жақты 
зерттеу қажеттігі туындады. Біздің мақсатымыз А.Байтұрсынов сынды ұлы тұлғаның ӛмірі 
мен ағартушылық еңбектері арқылы ұлттық мәдениетпен тарихты дамытатын кәсіби шебер 
маман даярлау. Ұлттық педагогикалық мұраларды зерделегенде зиялы қауым идеяларының 
бір-бірімен сабақтастығын айқындау. 
«Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық 
дәрежеге кӛтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген А.Байтұрсынов», - деп Қ.Мұхамеджанов атап 
кӛрсеткендей, А.Байтұрсынов Ыбырай негізін салған идеяларды жалғастырушы болды. 
Олардың идеяларының үндестігін шығармаларынан, әңгіме, ӛлең, мысалдарынан, 
этнографиялық еңбектерінен, ғылыми мақалаларының мазмұнынан анық байқаймыз. 
Мәселен, А.Байтұрсыновтың «Оқу жайлы» атты мақаласында қай халықтың болмасын ілгері 
басу себебі де, кейін қалуы да оқу мәселесімен байланысты екенін дәлелдеді. 
«Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы ӛнерлі 
халықтардың қолына кӛшпекші... Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, 
әлсіздерге күш беретін ӛнер-білім, сол ӛнер-білімге мезгілі ӛтпей тұрғанда үйренсек 
тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де ӛз алдымызға бір 
жұрт екендігімізді білдірер едік» - деген жолдардан ғалымның егемен ел болудың, 
тәуелсіздіктің тірегі-білім деген нақты тұжырымды халық санасына жеткізгісі келгенін 
аңғарамыз. Сол сияқты «осы замандағы жан таңырқарлық нәрсенің бәрі де ғылыммен 
табылған. Адам баласын кӛкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген – ғылым. 
Дүниенің бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған-ғылым, от арба, от 
кемелерді жүргізген-ғылым. Осыларды істеп отырған жұрттың бәрі де сондай болмаған. 
Бұлар да басында біздей, қатта бізден де ӛнерсіз болған. Халық жүре оқи, талаптана келе 
осыншаға жеткен»,- деген пікірі де Ы.Алтынсариннің «Ӛнер-білім бар жұрттар...» атты ӛлең 
жолдарындағы идеямен мазмұндас. А.Байтұрсынов осы мақаласында: «шебер маман, сайлы 
мектеп, сәйкес бағдарлама, оқыту жайын дұрыс үйретіп, маман даярлайтын оқу орны-
педучилищелер жоқ», - деп дабыл қағады. Мектеп, орта және жоғарғы оқу орындарын ашу 
керек, оларды дамыту, қаржыландыру мәселесін «Қазақ» газеті үнемі кӛтеріп, жұртқа жол 
кӛрсетіп отырады» - деп газеттің алға қойған ағартушылық қызметін де білдіреді. 
Сондай-ақ, А.Байтұрсынов «Бастауыш мектеп» атты мақаласында Ресей үкіметінің 
орыстандыру саясатының бет-пердесін аша келе, «хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың 
бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі ӛз діні, тілі, жазуының 
сақталуы. Солай болған соң бастауыш мектеп, әуелі миссионерлік пікірден, политикадан 
алыс болуы керек... олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, 
орысшаға аударамын деген пікірден хүкімет безіп, тиісті бастауыш мектеп екі жаққа да 
зиянсыз, пайдалы болуын кӛздеу керек. Солай ойлағанда кӛңілге ұнамды мектептің түрі 
біздің ойымызша мынау», - деп бастауыш мектептің 5 жылдық болуын, қазақ халқының 
кӛшпелі ерекшелігін ескеріп, мектептерде келіп оқитын және жатып оқитын етіп құруды, 
қыр мектептері мен қала мектептері ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылуын талап етті. 
Жалпы 5 жылдық бастауыш сатының 3 жылы ауыл, екі жылы болыс мектебіне берілсін. 
Ауыл мектебі тек ана тілінде болсын. Онда оқу, жазу, дін, ұлт тілі, тарихы, жағрафия, шаруа-
кәсіп, жаратылыс жайлы пәндер оқытылсын. Болыс мектебі орысша оқытылатын соңғы екі 
жыл. Мұнда берілетін білім гимназияның тӛменгі сыныбына кірерлік пәндер болуы керек»,-
дейді. Демек, бұл салыстырулардан қос ғұламаның мақсат-мүдделерінің үндестігін, әрі 
заманына қарай ӛзіндік ерекшеліктері болғанын аңғарамыз. 
Ол Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсыновтың ағартушылық–педагогикалық мұраларын 
зерделей отырып олардың идеяларының үш бірдей бағытта тоғысатынын байқадық. 
Біріншіден, екеуіде бар ғұмырларын ұлттық мектеп ашуға, қазақ балаларына дүниежүзілік 
білімді терең меңгертуге, ӛнерге мәдениетке таратуға арналған. Екіншіден, сондай дәреже 
де, білім беретін тӛл оқу құралдарын, сол оқулықтарға дұрыс басшылық жасауды үйрететін 
ғылыми әдістемелік құралдар жазуды басты мұрат етті. Үшіншіден, болашақ маман даярлау 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
102 
ісін жандандыру, ұлттық мектептер құрылымын анықтау, мектептердің материалдық-
техникалық базаларын нығайту, оқу-білім арқылы қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерді 
түсіндіріп, ұлттық сананы ояту, ол үшін ұлттық баспасӛз ісін кӛркейту болды. 
А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлерін зерделегенде оның ӛмірі мен сан-
салалы қызметі, отбасы, заман ӛзгеруіне сәйкес ғұмырындағы елеулі ӛзгерістермен терең 
таныспау мүмкін емес екені белгілі. Ал, мұндай мәліметтерді беретін басты орындар бұл- 
мемлекеттік орталық архив қорлары, ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар 
қоры, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және облыстық архив деректері. Соның ішінде, 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік архив қорындағы А.Байтұрсынов туралы 
деректерге қысқаша шолу жасасақ, мұнда оның ӛмірімен қызметін қамтитын құжаттар 1893 
жылдан басталып, 1936 жылғы қыркүйектегі бұйрықпен аяқталады. 
Бұл деректерді үш топқа бӛліп қарастыруға болады: 1)Қазан тӛңкерісіне дейінгі 
кезеңдегі құжаттар: Орынбордағы мұғалімдер школасы, Далалық генерал-губернатор 
канцеляриясы, Торғай, Ақмола, Семей облыстық басқару ұйымдары және т.б. қорларда 
А.Байтұрсыновтың Орынбор мұғалімдер мектебіндегі оқуы, бағалары қойылған табелі, 
мұғалім мамандығын беру туралы куәлігі, 1900-1917 жылдар арасындағы саяси 
ағартушылық қызметінен хабардар ететін мәліметтер. 2)1917 жылдардағы Уақытша 
үкіметтің – Торғай облыстық комиссарының және Торғай облыстық басқармасының 
құжаттары. 3) Қазревкомның, Орталық атқару комитетінің, Халық ағарту комиссариатының 
және басқа кеңес ұйымдарының құжаттары. Архив деректеріне сүйенсек, А.Байтұрсыновтың 
ғұмырында 1920 жылдардан бастап ірі де елеулі ӛзгерістердің орын алғанына кӛз жеткіземіз. 
Яғни, Қазревком тӛрағасының орынбасары, Қазревком ішкі істер бӛлімінің меңгерушісі, 
Орталық атқару комитетінің мүшесі, Халық ағарту комитетінің орынбасары, Академиялық 
Орталық тӛрағасы болып жүрген кездерінде, қазаққа «қазақ» атын қайтару, жерінің 
тұтастығының сақталуына, жергіліктендіру саясатына, Қазақ Автономиясын құру, 
сауатсыздықты жою, ашаршылыққа ұшырағандарға кӛмек кӛрсету, қазақ мектептерінің 
негізін қалау, тӛл оқулықтар жазу және тарату, Қазақстанды зерттеу қоғамының негізін салу, 
тіл саясатын кӛтеру, мектептердің жаңа типін ашу, халықтық тәлім-тәрбиені дәріптеу, соның 
негізінде болашақ жастарға адамгершілік, эстетикалық, азаматтық тәрбие беру мәселелерін 
шешумен айналысуда басты тұлға болғанының куәсі боламыз. Осындай елеулі қызметтері 
педагогикалық кӛзқарасының қалыптасуына әсер етті, ағарту ісінің кӛшбасшысы болуына 
әкелді. 
Міне, осындай деректерді оқып-үйрену, зерттеу арқылы А.Байтұрсыновтың қысқа ғана 
ғұмырын келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін күреске арналған ХХ ғасырдың ірі тұлғасы 
екендігіне кӛз жеткіземіз. 
А.Байтұрсыновтың алғаш ағартушылық ой – пікірлері сонау 1913-1917 жылдары 
Орынборда шыққан «Қазақ» газетіне жарияланған мақалаларынан айқын кӛрінеді. Газет 
ӛзінің тұңғыш жарияланған санында-ақ, «Бұл газеттің мақсаты жұрт пайдасына кӛз болу, 
қазақ арасына ғылым, ӛнер жайылуына басшылық ету, басқа жұрттардың халінен хабар 
беріп, таныстыру. Қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу, күнелту, сауда, кәсіп, жер-су, 
егін-таран, мал шаруасы жайынан кеңесу, оқу, оқыту, мектеп, медресе, ғылым, ӛнер, тіл, 
әдебиет турасында жӛн кӛрсету, адам һәм мал дәрігерлігі жайында жазу» -дейді. 
Бұдан «Қазақ» газетінің ел ӛмірінің алуан саласына терең мән беріп, ӛмір айнасы 
болуды мақсат етіп алға қойғаны байқалады. 
А.Байтұрсынов ұлттық ғылым-білімді жандандыру, білім негізі - бастауыш сатыны 
ӛркендету және кәсіби құзырлы маман даярлау ісіне ерекше мән береді. Мәселен, «Мектеп 
керектері» атты мақаласында: «..ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогикадан, 
методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдар қолайлы 
һәм сайлы болуы. Үшінші – мектепке керегі белгіленген Программа. Әр іс кӛңілдегідей 
болып шығуы үшін, оның үлгісі я мерзімді ӛлшеуі болуы керек...» - деп оқытудың 
дидактикалық ұстанымдарын тұңғыш ғылыми тұрғыда нақтылады, сапалы білім беру ісінің 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
103 
мұғалімнің кәсіби шеберлігімен тығыз байланысты екенін дәлелдеді. Сол үшін мұғалімдерге 
арнап «Баяншы», «Оқу құралы» және т.б. ғылыми-әдістемелік құралдар жазды. 
Сонымен қатар, А.Байтұрсынов ескі оқу жолының тозып, тұтынудан шыққанын, 
жаңаша оқытудың болашағын сӛз ете келіп, «жаңа жолдың оқуы жаңа оқып шыққан жас 
мұғалімдердің қолында. Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа, ниеті – 
жұртына қызмет ету», - деп халқымыздың «асыл-тастан, ӛнер-жастан» деген пікірін дәлелдей 
түсті. А.Байтұрсынов оқытудың әдістемесін жетілдіру мәселесіндегі кемшіліктерін атап 
кӛрсете келіп: «... мұндай кемшілікті түзету мұғалімнің ӛз қолында, үйрету әдістемесі жақсы 
болса, балалардың түсінуіне де жеңіл болады және жеңіл қол жеткізетін нәрсе қызығушылық 
пен белсенділік туғызады. Ал, оның аяғы сапалы білімге әкеледі»,- деп методиканың 
оқытудағы мәніне ғылыми баға береді. А.Байтұрсыновтың «Баласының алған білімінен 
сапалы нәтижені кӛрсе, ата-ана да баласын оқытуға ықыластанады және іс осылай жолға 
қойылса қазақ ішіндегі оқушылардың кӛбейіп жалпы оқу-ағарту ісінің жүрісі шапшаңдап, 
сапасы артар еді», - деген пікірлері бүгінге күнге дейін маңызын жойған жоқ. 
Ал, «Орысша оқушылар» атты мақаласында оқу-ісінің ілгері баспау себептерін, 
қоғамдағы саяси-әлеуметтік теңсіздігі, қазақ бай шонжарларының озбырлығын, жұрттың 
экономикалық әл-ауқаты, тұрмыс тіршілігінің тӛмендігін, қазақ халқы оқысын, бірлі-жарым 
орысша оқыған қазақ балаларының тілмәш, писарь болып шен қуып, шекпен табуға 
кӛшетіндігіне қынжылады. «Оқу-ұлт жұмысы, ал ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен 
жұмысқа кӛп жұмысшы керек. Жұмысшы аз болса, жұмыстың ӛнімі де аз болмақшы»,-деп 
халқын бірлікке шақырады. «Егер оқу іздеген талапкерлеріміздің 40-тан 4-і ғана оқырлық 
орын тауып, басқалары қаңғырарлық далада қалып отырса, жұрт жұмысшысы кӛбейіп 
мандыр ма, жұмысшы кӛбеймесе, жұрт жұмысы ілгері басып ӛнер ме? Алты миллион 
қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп ӛкпелеу жӛн бе?»-деп кемшіліктің себеп-
салдарының бетпердесін ашты. А.Байтұрсынов 1920 жылы 8 қыркүйектегі халық ағарту 
комиссариатының мәжілісінде кешкі мектеп үшін оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын 
және сауат ашу кітаптарын шығару мәселесін кӛтерген. 
Осы мәжілісте денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, 
қазақ еңбекшілеріне тегін білім беру ісінің заң жүзінде бекітілуі сұралған. Архив қорында 
А.Байтұрсыновтың жетім балалар жайын жақсартып, олардың білім алуына жағдай жасау 
туралы жиі-жиі мәселе кӛтергендегі жайында мәліметтер бар. Ол осы жұмысты орындаумен 
байланысты халық ағарту комиссариаты жанынан «Балалар апталығын» ұйымдастыру 
комитетінің құрылуын талап еткен. 
А.Байтұрсынов мұраларын зерттеуді қоғамның дамуына байланысты үш кезеңге бӛліп 
жіктеуге тура келеді. Біріншіден, А.Байтұрсыновтың кӛзі тірі кезінде еңбектерінің 
жариялануы және оған деген сол кездердегі кӛзқарастар, яғни, ғылым туралы объективті 
бағалауға тырысқан мақалалардың, еңбектердің жарық кӛру кезеңі. Екіншіден, 
А.Байтұрсыновтың репрессияға ұшыраған кезеңінен ақталғанға дейінгі уақыттағы ол туралы 
кӛзқарас пікірлер. Ол 37-80 – жылдар аралығындағы уақытты қамтиды. Яғни, ағартушыны 
негізсіз қаралау, айыптау түріндегі еңбектердің жариялануы. 
Үшіншіден, еліміз егемендік алғаннан кейінгі ғалым еңбектерінің жарық кӛруі және 
оның ғылыми тұрғыда зерттелу жайы. Әсіресе, К.Нүрпейісов, М.Қозыбаев, Т.Омарбеков, 
Ә.Тәкенов сынды тарихшы ғалымдар ӛздерінің зерттеу еңбектерінде А.Байтұрсыновтың 
жеке тұлға ретінде қалыптасуына ұлттық баспасӛздің, «Алаш» партиясының ықпалына 
ерекше тоқталып айқындады. 
ХХ ғасырдың басы – Ресей империясының Қазақстанды ӛз отарына айналдыруды 
күшейтіп, аграрлық және ұлттық мәселелердің шиелініскен шағы еді. Мәселен, Қазақстан 
Республикасы орталық мемлекеттік архив деректеріне жүгінсек, осы 1917 жылғы
12-26 шілдеде Орынборда ӛткен бірінші Бүкіл-қазақтық екінші съезде «Алаш» партиясының
бағдарламасын талқылауға Ә.Бӛкейханов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов, Ж.Х.Досмұхамедовтар, Х.Ғаббасов, А.Сеитов бастаған ондаған зиялы азаматтар 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
104 
белсене ат салысып, ӛзіндік үлес қосты. Ә.Бӛкейханов, А.Байтұрсынов осы зиялы қауымның 
кӛшбасшы кӛсемдері болды. 
А.Байтұрсынов мұраларындағы ең негізгі мәселелердің бірі-қазақ алфавитін жасау еді. 
Ахметтің жаңа әріпті енгізуге байланысты идеясын замандасы – Т.Шонанов былайша 
қуаттайды: «...Ахметтің жаңа алфавиті мен жаңа әліппесі біздің мәдени ӛркендеуімізге зор 
пайдасын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тіліміздің таза сақталуына мүмкіндік 
туғызды. Жаңа алфавит әлемдік мәдениетпен араласа түсу жолын жеңілдете түсті. Жаңа 
алфавиттің халық мектептерінің ӛркендеуі жолында алып адым жасағаны анық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет