ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
А.Байтұрсыновтың ағартушылық мұраларының зерттелу жайы // Ізденіс. N 1, 2000;
2.
А.Байтұрсыновтың педагогикалық кӛзқарастары // Бастауыш мектеп. N 8-9, 1999;
3.
А.Байтұрсынов – ағарту ісінің кӛш басшысы. Этнопедагогика, - этнопсихология. V
жинақ, 1998.
4.
Т.Тұрлығұл, Л.Т.Қожакеева «Қазақстан тарихы» 11 сынып. Мектеп 2011.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена педагогическому наследию видного государственного деятеля
А.Байтурсынова, внесшего особый вклад в начале ХХ века в развитие педагогической науки
Казахстана.
SUMMARY
Article focuses on the pedagogical heritage A.Baitursynov prominent statesman, who made a
special contribution to the early twentieth century in the development of teaching science in
Kazakhstan.
АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ
ӘОЖ 9(с)55 Ч 20
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰРАҒАТ ТАРИХЫНА ШОЛУ
Чаргынова Г.О.
– оқытушы
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Аннотация:
Мақалада Қазақстандағы мұрағат тарихының қалыптасу кезеңдері, патша
үкіметі дәуірінен бастап, ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы республикалық мұрағаттың қалыптасу
жағдайы баяндалған.
Түйін сөздер:
мұрағат, Қазақстан, ұлттық, әкімшілік, А.Байтұрсынов, құжаттар,
министрлік.
Қазақстандағы мұрағат жүйесі (республика, салалық, аймақтық, т.с.с.) негізінен ХХ
ғасырдың 20–30-жылдары қалыптасты. Ұлттық мұрағат ісінің бастауында А.Байтұрсынов,
С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев сынды мәдениет қайраткерлері тұрды. Мемлекет 1921–1938
жылы Қазақ АКСР-і Халық ағарту халкоматының, 1938–1958 жылы Қазақ КСР-і Ішкі Істер
халкоматының қарамағында болды, 1958 жылдан Министрлер кеңесіне бағындырылды.
Облысы, ауданы мұрағат жергілікті әкімшіліктерге қарады. Мұрағат қызметінің басты
бағыттары: қор жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қор құрамын зерттеп,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
105
жүйелеу, ғылыми анықтамалар мен кӛрсеткіштер жасау, құжаттарды пайдалануды
ұйымдастыру және жария ету.
КСРО дәуірінде мұрағат социализмді дәріптеудің идеологиялық құралы болды.
Республикадағы барлық құжаттар айналымының 10%-ға жуығы коммунистік құндылықтар
тұрғысынан мұқият сұрыпталып, мемлекет сақтауға – мұрағатқа жинақталды. Құжаттардың
біржақты іріктелуінің салдарынан Қазақстанның шынайы тарихын бейнелейтін аса бағалы
деректер архивке түспей, біржола жойылып отырды. Ал, мұрағат қорындағы құжаттардың
басым бӛлігі түрлі жасанды шектеулер қою арқылы зерттеушілерге берілмеді. Қазіргі
мұрағатта дәстүрлі қағаз құжаттардың түпнұсқаларымен және кӛшірмелерімен қатар фото-
киноматериалдар, дыбыстық және бейнежазбалар, ақпараттың барлық жәдігерлер түрлері
сақталады. Мұрағатта мәңгілік мерзімге сақталып, қорғалатын тарихи деректер –
мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайы, экономика, саяси-идеология қатынастары туралы
құжаттар Ұлттық байлықтың бір бӛлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан мұрағаттану
қызметіне халықаралық байланыстардың артуы оң ықпалын тигізіп отыр [1].
ХVIII ғасырдың 30-жылдары Кіші жүздің Ресей империясының қол астына ӛтуі
орыстар үшін шығысқа бағытталған отарлық саясатты бастау үшін қолайлы жағдай туғызды.
І-Петр патша кезінде алып империяға айналған Ресей, ӛз жеріне тағы да біршама жерлерді
қосып алуға кірісті. Ал, шығыстағы Орта Азия мемлекеттерін отарға айналдыру үшін
алдымен қазақ жерінен бастау қажет болды.
Ресейдің отарлық саясатының ерекше күш алған кезеңі, бұл ХVIII ғасырдың соңы еді.
Осы кезеңде Кіші жүзде Патша үкіметі мен хандық билікке қарсы халық қозғалысы күшейе
түсті, сұлтандар арасында да билікке талас орын алды. Ақыры Кіші жүз халқы екіге бӛлініп,
бір бӛлігі 1801 жылы Жайық ӛзенін асып, жаңа мекенге қоныс тепті. Бұл орын алған ахуал
Ресейдің Кіші жүзде арандату саясатын жүргізіп, екі бӛлікке бӛліп, әлсірету мақсаты
орындалғанын кӛрсетеді. Ӛйткені, 1799 жылы Нұралы ханның баласы Бӛкей сұлтан Ресей
патшасы І Павелге бос жатқан Еділ мен Жайық аралығын мекендеу туралы ӛтініш білдірген
кезде, Ресей патшасы ұзақ ойланбастан ӛз келісімін берген еді. Осыдан, яғни 1801 жылдың
11 наурызынан бастап Бӛкей ордасы тарихи сахнаға шықты.
1801 жылы құрылған Бӛкей хандығы қазақ тарихына бірнеше жаңа есімдерді алып
келді. Оларға Бӛкей, Шығай, әлі де болса күні бүгінге дейін зерттеушілердің пікір таласына
айналған әйгілі Жәңгір, сонымен қатар ержүрек қолбасшы Исатай, батыр, әрі жырау
Махамбет. Күйлері қазақ музыкасының алтын қорына енген күйшілер Құрманғазы,
Дәулеткерей және Динаның есімдері халқымыздың жадында мәңгілікке сақталып қалды.
Бӛкей хандығы құрылғаннан бастап Орынбор губернаторлығына бағынышты болып,
бірінен соң бірі алма-кезек губернаторлық қызметке келген орыс шенеуніктерінің
қадағалауы мен бұйрықтарын орындаумен ӛмір сүріп келді. Ресейдің еуропалық бӛлігіне
жақын орналасқан хандық ӛз тарихында бірнеше саяси әкімшілік ӛзгерістерге ұшырап,
орыстандыру шаралары ауқымды жүзеге асқан аймаққа айналды. Оған дейін сыртқы істер
министрлігінің бақылауында болып келген Бӛкей ордасы 1838 жылы ақпан айының 5 күні
Мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына ауыстырылды. Ӛйткені, жалпы Орта Азия
аумағын отарлауды тереңдетіп, нәтижелі жүргізу үшін Патша үкіметі 1837 жылы осы
министрлікті құрған болатын. Осы арқылы жаңа жерлерді ӛз империясына қосып алу
мақсатында түрлі айла шараларды іске асыра бастады.
Мемлекеттік мүлік министрлігі Бӛкей хандығын бақылауға алысымен оның алдында
жүзеге асырылуға тиісті мынадай міндеттер тұрды: орда жерінде тыныштықты сақтау, Қазақ
халқын орыс халқымен жақындастырып, хандықтың басқару жүйесін Ресейдің басқару
жүйесімен сәйкестендіру, орда жерін кӛршілес орыс губернияларына біріктіріп жіберу, т.с.с.
[1].
Патша әкімшілігінің Бӛкей хандығының ішкі істеріне араласуға қол жеткізу
мақсатының орындалуына 1836-1838 жылдары болып ӛткен шаруалар кӛтерілісі ӛз кезегінде
қолайлы жағдай туғызды. Орда жерінде тыныштықты сақтап тұру мақсатын алға қойып,
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
106
хандықты бақылауға алған Мемлекеттік мүлік министрлігі ханға ішкі қиыншылықтарды
реттеуге жәрдем беруді желеу етіп, хан және ӛзге сұлтандардың күмәнін туғызбай
хандықтың ішкі саясатына араласып кетті. Дәлірек айтқанда, 1843 жылы Жәңгір ханның
кеңсесінің жанында орыс шенеуніктерінен құрылған жаңа орыс кеңсесінің ашылуы және
оның басшысы ретінде мемлекеттік мүлік министрлігінің қызметкері С.И.Матвеев
тағайындалды [2]. Матвеев арқылы Орынбор басшылығы хандықтың ахуалы туралы
ақпараттармен дер кезінде қамтамасыз етіліп тұрды.
1845 жылдың 11-тамызында Жәңгірдің кенет дүние салуы халықты ауыр қайғыға
ұшыратты, бірақ бұл оқиға Патша үкіметінің Бӛкей ордасында хандықты біржола жою
ниетін жүзеге асыруға ӛте ыңғайлы жағдай туғызды. Жәңгірдің ӛлімі туралы деректі
Саратовтан
арнайы
ханға
жіберілген
дәрігер
И.Ф.Троицкийдің
медициналық
қорытындысынан кӛре аламыз, онда: «Тамыз айының 10-нан 11-не қараған түні ханның
ӛліміне 19 сағат қалған кезде Торғын ӛзенінің бойындағы хан ордасына жеттім.
Медициналық тексеру барысында оның миына қан құйылып, ауыр халде жатыр» - делінген
[3]. Жәңгір хан 11-тамыз күні, кешкі сағат алты жарым шамасында дүниеден ӛтеді [4].
Ендігі кезекте мемлекеттік мүлік министрлігі мен Орынбор әкімшілігінің алдында
Бӛкей ордасын тиімді басқару мәселесі тұрды. Жергілікті билікке орыс шенеунігін қойып,
сұлтандар мен халық билігінің наразылығын тудырып алудан қауіптенген патша әкімшілігі
ӛздеріне ыңғайлы, халық арасында беделі мығым қазақ сұлтандарының арасынан біреуін
таңдап алуды жӛн кӛрді. Оған басты үміткер ретінде Жәңгірдің жақын бауыры әрі кӛмекшісі,
сондай-ақ бірнеше руды бір мезгілде басқарып, патша әкімшілігіне танылған беделді сұлтан
Әділ Бӛкейұлын «Ішкі орданы уақытша басқарушысы» ретінде тағайындалды [5]. Ал, оның
кеңесшілері болып сұлтандар Шӛке Нұралыханұлы мен Меңдікерей Бӛкейұлы ұсынылады
[6]. Кіші жүздің ханы Нұралының баласы жасы егде тартқан Шӛке Нұралыханұлы сұлтандар
мен халық алдында беделі жоғары, орданың ішкі жағдайымен жақсы таныс сұлтан болатын.
Кейінгісі, Жәңгірдің інісі Меңдікерей шеркеш руының басқарушысы және ханның
«жақындарының» бірі, беделді сұлтан ретінде патша әкімшілігіне жақсы таныс болды.
Осылайша патша үкіметі хан туысқандарынан Бӛкей ордасының уақытша әкімшілігін
ұйымдастырды, әрі хандықты жою мақсатында жергілікті басқару жӛнінде аз уақыт
аралығында
жаңа
жоба
әзірлеп,
1846
жылы
21 қаңтарда «Ішкі орданы басқару жӛніндегі уақытша кеңесті» құрады [7]. Кеңестің тӛрағасы
ретінде жоғарыда аталған сұлтан әділ Бӛкейұлы тағайындалады. Орынбор генерал
губернаторы Обручев пен Орынбор шекара комиссиясының басшысы Ладыженскийдің
бірігіп даярлаған жобасы бойынша Уақытша кеңестің тӛрағасымен қатар оған жәрдем, кеңес
беріп тұру үшін жергілікті сұлтандардан екі кеңесші және мемлекеттік мүлік министрлігі
тарапынан бір кеңесші тағайындалуы қажет болды. Сұлтандар арасынан Шӛке
Нұралыханұлы мен Меңдікерей Бӛкейұлы тағайындалса, орыс шенеуніктерінен ӛз қызметіне
орданың істерімен жіті таныс, Жәңгірдің орыс кеңсесінің тӛрағасы болған, басқару
қызметінде бірнеше жыл тәжірибе жинаған С.И.Матвеев кірісті [8].
Жаңадан құрылған Уақытша кеңестің басты міндеттері Бӛкей ордасы туралы
ақпараттарды Орынбор әкімшілігіне жедел жеткізу, халық арасындағы тыныштық жағдайды
сақтау, заң бұзушылық әрекеттерді шешу және алдын алу, жыл сайын халықтан жиналатын
зекет пен соғым түріндегі салықты жинау және сол туралы мәліметтерді Орынбор
басшылығына жеткізу, сондай-ақ империяның отарлық кӛзқарасындағы істерді бұлжытпай
орындау т.с.с. [9]. Осы дерек кӛздері арқылы біз патшалық Ресейдің уақытша кеңесті
құрудағы негізгі мақсатын анықтай аламыз.
Сұлтандар мен халықтың наразылығын тудырмау үшін кеңестің басшысы ретінде Әділ
Бӛкейұлы тағайындалса да, негізгі басқару ісімен мемлекеттік мүлік министрлігі тарапынан
тағайындалған кеңесші айналысатын. Бұл туралы деректі біз атақты қазақ этнограф ғалымы
Салық Бабажанұлының Бӛкей ордасына қатысты әлеуметтік-этнографиялық жазбаларынан
кездестіре аламыз.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
107
1847 жылы 31 ақпанда, шекара комиссиясы қызметкерлерінің жұмыс қарқынын тездету
мақсатында Орынбор басшылығы аталған басқарманың жанынан «Ішкі орданы басқару
туралы уақытша бӛлімшені» құру идеясын жүзеге асырды [10]. Уақытша бӛлімшенің
қызметкерлер құрамы 11 адамнан құрылып, зекеттен түскен кірістен 2830 рубльді осы
бӛлімшенің қызметкерлеріне жыл сайын бӛліп отырды.
Осылайша, ӛз тарихында кӛптеген басшыларды кезекпен ауыстырған Уақытша кеңес
тұсында Бӛкей ордасы түрлі әкімшілік ӛзгерістерге ұшырап, 1917 жылы бұл жергілікті
коллегиалды басқару аппараты біржола жойылады. Біз бұдан ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан бастап Бӛкей ордасының тарихы толығымен орыс отарлық саясатының кӛрінісі
ретінде білеміз.
Мұрағат – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік арнаулы мекеме.
Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бӛлімі немесе жеке тұлғаның ӛмірі мен қызметіне
байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да архив делінеді. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты ХІХ ғасырдың соңынан
бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның ғылымы мен техникасының қалыптасуы және дамуы
тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын аса ірі мекеме.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында Алматы қаласының
аумағына орналасқан республикалық және бұрынғы одақтық бағыныштылықтағы ғылыми-
зерттеу, жобалау, конструкторлық технологиялық ұйымдар мен мекемелердің қызметі
нәтижесінде құрылған ғылыми-техникалық және басшылық құжаттамалар мемлекеттік
сақтауға алынған.
Мұрағатта бүгінгі күні мемлекеттік сақтауда 184621 сақтау бірлігі бар. Оның ішінде
ғылыми-техникалық құжаттама кӛлемі 105925 сақтау бірлігін құрайды, олардың 18654
сақтау бірлігі ғылыми-техникалық, 2265 сақтау бірлігі – конструкторлық, 83005 сақтау
бірлігі – жобалау, 2001 сақтау бірлігі – патенттік құжаттар болып табылады. Басшылық
құжаттамалар кӛлемі 59036, жеке тектік құжаттар 3608, жеке құрам бойынша құжаттар 16052
сақтау бірліктерінен тұрады. Барлығы мұрағатта 156 қор сақталады. Олардың хронологиялық
шегі 1775 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықты құрайды.
Мұрағат қорларының құрамы мамандандырылған мұрағаттың ерекшеліктерін
кӛрсететін тӛмендегі жинақтаушы ғылыми-техникалық құжаттар тобынан тұрады:
1. ғылыми-зерттеу құжаттамасы; 2. конструкторлық құжаттама; 3. технологиялық құжаттама;
4. жобалау-сметалық құжаттама; 5. патенттік құжаттама; 6. басшылық құжаттама.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты құжаттарының
маңызды бӛлігін Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Сібір электр энергетикасы
нысаналарының, азаматтық-тұрғын үй, ӛнеркәсіп және машина жасау, мелиорация, су және
орман шаруашылығы саласы құрылыстарының жобалау құжаттамалары құрайды. Кӛптеген
қорлар сейсмикалық аса қауіпті аймақтарда қала құрылысы бойынша құжаттардан тұрады.
Алматы қаласының тұрғын үй және азаматтық құрылыстарының жобалары бойынша,
соғыстан кейінгі кезеңнен бүгінге дейінгі қазақстандық архитектура мектебінің барлық даму
тарихын кӛруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |