Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр



Pdf көрінісі
бет17/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
Жүйке жүйесінің ауруы:
ДЦП (детский церебральный паралич) 
полиомелит;
Тірек қимыл аппаратының туғаннан бұзылу патологиясы: туғаннан 
жамбастың және омыртқа дамуының кемістігі – 
сколиоз;
Қол-аяқ кемшілігі және дамымауы,саусақ ұштарының кемісті дамуы – 
ортрогрипоз.
2.ДЦП–ның болу себебі негізінен қолайсыз факторлар әсерінен болады:
Преднаталдық (ішкі даму жағдайында); 
Наталдық (дүниеге келу сәтінде); 
Постнаталдық ( дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы кезеңде).
Бұзылудың нақты себептері де анықталмай қалуы мүмкін. 1-3 жас 
аралығындағы балаларды түзетудің педагогикалық емдік жұмысының басты мақсаты: 
заттық монипуляциялық іс-әрекетті, сенсорлық тәрбиені, қоршаған ортаға қатысты сөйлеу 
тілін, заттық іс-әрекетті, өз-өзіне қызмет ету мен әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту. 
Жұмыстың басты бағыты: ұсақ және жалпы маториканы дамыту, коммуникативтік 
тәртіпті қалыптастырып, дамыту болып табылады. 
Түзету жұмысы баланың ауыр түрі мен жас ерекшелігін ескеріп жүргізіледі. 
Заттық- тәжірибелік және ойын іс-әрекетінің негізінде үлкендердің көмегімен сенсорлық-
моторлық тәртіппен дауыстық әрекет қалыптасады. Тежелу және жеңілдету әдістері 
қолданылады. Бұлшық ет тонусы жетекшілік ететін қажетсіз патологиялық қимыл 
тежеліп, 
бір 
мезгілде 
еркін 
сенсорлық-моторлық 
активтілік 
жеңілдетіледі. 
Басты, денені, аяқ-қолды қалыптастыруында артикуляциялық аппараттың жұмысын 
жеңілдетіп, көру-моторлық координаттарын жаттықтыру үшін түрлі қалыптастыру 
жұмыстары пайдаланылады. 
Кондуктивтік тәрбиенің әдістерін қолдану және жалпы және ұсақ моторикасының 
тәрбиенің 
жүйелілігінің 
қалыптасуын 
жүзеге 
асырады. 
Қимыл-қозғалыс қызметінің зақымдану дәрежесіне қарай, қимыл-қозғалыс дағдыларының 
қалыптасу деңгейіне қарай, бұл категориядағы балалар балалар үш топқа бөлініп 
қарастырылады: 
Қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бұзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде 
түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері 
ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы
жартылай қалыптасады; 
Ортада дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар (сан жағынан ең көбі); 
балалардың басым көпшілігі өздігәнен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ 
автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан. 
Жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар: олар бөлмеде, көшеде 
өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық 
күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі; 
Бұл балалардың көпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен бірге, екінші 
кемістер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрінісі – қозғалыс кемістігі (жетілмеу, 
зақымдану, дамуындағы тежелу т.б). 


Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы жеке жұмыс жоспары 
құрылады, сол жоспар арқылы еңбек дағдылылары мен таным қабілеттерін қалыптастыру 
мақсатында жеке түзете-дамыту жұмыстары үнемі үздіксіз жүргізіліп отырады. 
Балалардағы қимыл қозғалыс патологиясымен байланысты, өзіне-өзі қызмет ету 
дағдыларын игеру мәселесі, айрықша мағызды болып саналады. Ал, бұл дағдылардың 
қалыптасу қиындығы, науқастың ерекшеліктерімен байланысты. Көптеген балаларда, 
апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай 
балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды 
қиындықпен үйренеді; текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене 
алмайды т.б. Өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп 
қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет