Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр



Pdf көрінісі
бет27/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73
№22-дәріс. 
Тақырыбы:
Жалпы типтегі балабақшалардың мүмкіндігі шектулі балаларына 
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету 
1.
Инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайы 
2.
Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру
Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік 
қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Бала – 
біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі 


балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым. 
Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің 
нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті 
баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып 
қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогикалық көмектің 
қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын 
білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке 
барғанда белгілі болады. Елімізде инклюзивті білімнің нашар дамуы ҚР-да білім беруді 
дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекттік білім бағдарламасында сипатталып, 
оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі 
балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және екі кезеңге белгіленген 
инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Бағдарламаны 
іске асыру нәтижесінде ҚР-да 2015 жылға қарай инклюзивті білім беру мен мүмкіндігі 
шектеулі балалардың 25% қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасау 30%, 
2020 жылға қарай 70% ұлғаяды. Инклюзивті біліммен қамтылған балалар үлесі даму 
мүмкіндігі шектеулі балалардың 50% құрайтын болады. Инклюзивті білім берудің 
мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық 
қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға 
болуға мүмкіндік жасау. 
Міндеті: әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен 
ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру; 

олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты 
дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез- құлық 
қалыптастыру; 

мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда қажетті құралдармен қамтамасыз ету; 

балалардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау 
ұйымдастыру; 

баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне 
үнемі бақылау жүргізіп отыру; 

көңіл – күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі 
түзетулер жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет