Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр


Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі



Pdf көрінісі
бет28/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
Байланысты:
1Силлабус инклюзив (копия) (1)

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі:
1.
Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық 
бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына директордың 
бұйрығымен дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, медбике, дене 
шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі енгізіледі. Мамандар бөбекжайға 
қабылданған мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау 
жүргізеді. 
2.
Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар 
кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке 
даму кемшіліктерін түзету, яғни мүмкіндігі шектеулі баламен жеке дамыту, түзету 
жұмыстарын жүргізу. 
3.
Жұмыстың мектепке дейінгі білім берушілік кезеңі. Балаларды мектепке дейінгі 
ұйымда оқу іс-әрекетін меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән 
олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының 
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, топ тәрбиешілері мектепке оқуға 
даярлауды қарастырады. 
4.
Әлеуметтік тәрбие жұмысы. Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың 
үйіне барып, ата-анасымен пікірлесіп отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайды, 
яғни бала мен отбасының дербестігін арттыруға, дамуында ауытқушылығы бар 
тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары арасында ерте, толыққанды 
әлеуметтік кіріктіруге, мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі адамгершілік 
бағыттарының қалыптасуына, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басының 
қасиеттеріне бақылау жүргізеді.


Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар

Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі 
балаларды қабылдауына дайын болуы.

Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға 
толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат 
құралдарының қатысуын қамтамасыз ету. 

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе 
алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық 
ақпарат құралдары арқылы тарату. 

Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.

Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға 
құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту 
үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы; 

Инклюзивті білім берудің көпаспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу. 

Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика 
қызметкерлерін даярлау; 

Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен 
жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау. 

Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта 
жұмыс жасау. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің 
басымдылығын қолдау.

Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-
құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау. 

Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту 
үрдісінің мониторингін жасау.

Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек 
көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата - анасын қатыстыру, 
өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым - қатынас қалыптастыру. 
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты факторлар: объективті және 
субъективті қиындықтар болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет