№11 семинар Тақырып атауы: Жалпы білім беретін мекемелерінде тірек-қимыл аппараты бұзылған
балалармен жұмыс технологиясы.
Сабақтың мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балалардың , тегін әлеуметтік және
медициналықпедагогикалық қолдаулар алуға; психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінде
тегін тексеруден өтуге; Қазақстан Республикасы заңнамалары аясында бекітілген тегін
медициналық көмектер алуға; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация
қорытындысы бойынша дене бітіміндегі немесе психикасындағы ауытқушылықтардың
көріну деңгейлерінің түрліше болуына қарамастан ауытқушылық анықталған күннен
бастап тегін психологиялық-медициналықпедагогикалық түзету алуға құқылы екендігі
жөнінде меңгерту.
Негізгі сұрақтар: 1.Тірек-қимыл аппараты бұзылған туралы түсінік.
2.Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының себептері мен түрлері.
Тапсырмалар: Психология –медико-педагогикалық консилиумның (ПМПк) қызметін
ұйымдастырудың жоспарын құру.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы психологиялық-
педагогикалық қолдау әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай нәтижелі
оқыту мен дамытуға арналған әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар
жасайтын мамандардың тұтас, жүйелі ұйымдастырылған әрекетін білдіреді.
- даму бұзылыстарын ерте түзету;
- балаларды әлеуметтендіруде, оқытуда жеке ыңғай жасау;
- оқуға ынтасын, дербестігін, әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту;
- өмірлік құзіреттердің дағдыларын қалыптастыру;
- ата-аналармен және құрдастармен конструктивті қарым-қатынас құру
Өткізу формасы: дөңгелек үстел, жағдаяттар талдау.
Бағалау критерийлері: Сабақ мазмұнын ұғынуы және толық жеткізе білуі
60
Қосымша сұрақтарға толық жауап беруі
25
Тақырыпты қосымша мәліметтермен қамтуы
15
Барлығы:
100
Әдебиеттер: 1.
Ахмедалиева, Д. У. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру //
Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. - . 15-17
2.
Мангутова Б.Б. Мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы. //
Психология, социология, дефектология, 2009, №4, 23-26 б