Өндірістік жоспарлау, алдын-ала жоспарлау және кәсіпорынның айналысатын ісі



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі203,59 Kb.
#128719
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 4 Жоспарлау

Қатысу қағидасын
қосқан. 
Қатысу – 
біртұтастықпен тығыз байланысты, қатысу бойынша ұйымның 
әрбір мүшесі қызметі мен атқаратын жұмысына байланыссыз жоспарлау 
қызметінің қатысушысы бола алады. 
Әрбiр кәсiпорынның басты мақсаты - шығындардың минимумымен
пайданың максимумына жету. 
Фирманың жоспары бұл есептiң шешiлуiне жағдай жасайды, яғни 
қаржыландырудың ең тиiмдi көздерiн анықтап, нарықта кәсiпорынның 
тұрақты жағдайын қамтамасыз етедi. 
Бизнестi жүзеге асыру барысында, әрине, көптеген сұрақтарға бизнес – 
жоспарда жауап табыла бермейдi, бұл жағдайда әрбiр бизнесмен, кәсiпкер 
туындаған мәселенi терең зертеп, талдап ең тиiмдi және қолайлы вариантты 
(шешiмдi) өзi таңдап табу керек. Бiрақ бизнес – жоспар ең тиiмдi шешiмдi 
iздестiруде, табуда және қолдану кезiнде көмекшi құрал болып табылады, 
сонымен қатар бизнестi ұйымдастыруда қателердi жiберуге жол бермейдi.
Бизнес – жоспар курсының негiзгi мақсаты – шаруашылық 
субъектiлердiң қызметiн нарық жағдайында жоспарлаудың теориялық 
негiздерiн зерттеу және бизнес – жоспарды құру әдiстемесiн игеру. Бұл мақсат 
мына мәселелер арқылы жүзеге асырылады: 
-
қазiргi кезде бизнестi жоспарлау аппаратының категориялық 
түсiнiктемесiн зерттеу; 
-
кәсiпорынның түрлi шаруашылық қызмет аспектiлерiнiң барлық ара 
байланыстылығын ескере жоспарлау; 
-
бизнес – жоспарды дайындау әдiстемесiн бiртұтас, логикалық негiзделген 
құжат ретiнде игеру. 
Бизнес – бұл кәсiпкерлердiң көптеген ойларының (инициативаларының) 
ортасы. Олардың мақсаты: инвесторларды өз ойларын (бизнес - идеяларын) 
жүзеге асыруға тарту, яғни бұл бизнес – ойлар жеткiлiктi табыс әкелетiндiгiне 
инвесторларды сендiру. Бiрақ бұл ойларды жүзеге асырудың өзi тәуекелдi iс - 


әрекет, яғни бизнестi жүзеге асыруға салынған капитал қаншалыққа және 
қашан қайтарылады белгiсiз. Бұл жағдайда кәсiпкер мен инвестордың
мәселесiн шешушi құралы ретiнде бизнес – жоспар болып табылады.
Қазiргi жағдайға байланысты - өндiрiс көлемiне, өнiм түрлерiне (қызмет 
түрлерiне), оның жаңалық ерекшелiгне байланысты жоспар құрылымы әртүрлi
болуы мүмкiн, ал оның мазмұны бiрдей болу керек. Бизнес – жоспардың 
құрылымы: 
-
бизнес – жоспардың түйiнi немесе жоспарды баяндау; 
-
кәсiпорынның (фирманың) сипаттамасы; 
-
кәсiпорынды басқару немесе менеджмент; 
-
кәсiпорын мақсаттары; 
-
ұымдастырулық жоспар; 
-
маркетингтiк шаралар; 
-
өндiрiстiк жоспар; 
-
қаржылық жоспар; 
-
заңдылық жоспар; 
-
тәуекелдiлiктi бағалау және қауiпсiздендiру. 
 
Бизнес – жоспар
– дәстүрлi жоспарлаудың барлық талаптарына 
сүйенетiн кәсiпорын әрекетiнiң моделi болып табылады. 
Кәсiпкер әрбiр қадамының бағдарламасын жасаған кезде тактикалық 
және стратегиялық келешегiнде бөлшектеудiң әртүрлi дәрежесiн 
қарастырады. 
Жоспарлау процесi кәсiпорын басшысының болашақ iстерiнiң барлық 
жиынтықтарын қарастырады. Себебi, менеджер өз кәсiпорынның бәсекелестiк 
артықшылығын бiлген жөн және тәжiрибелiк iс - әрекетiнде жүзеге асыру 
керек. 
Жоспарлау
– бұл басқарылатын объектiнiң даму мақсаттарын және 
әдiстердiң, тәсiлдердiң, мақсатқа жету құралдарын анқытау процесi.
Бизнес – жоспар
– бұл кәсiпкер алдында туындайтын мәселелердi 
қарастыратын және бизнес мүмкiндiктерiн бiрiктiретiн құжат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет