Өндірістік жоспарлау, алдын-ала жоспарлау және кәсіпорынның айналысатын ісі



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата27.11.2023
өлшемі203,59 Kb.
#128719
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 4 Жоспарлау

Жоспарлау түрлері. 
Мерзіміне байланысты жоспарлау 3-ке бөлінеді: 
1. Ұзақ мерзімді - бұл кәсіпорынның компаниясының ұзақ мерзімді даму 
стратегиясы 5 жылдан жоғары. 
2. Орта мерзімді – 2-5 жыл арасын қамтиды. 
3. Қысқа мерзімді - айлық, тоқсандық, жылдық жоспарлау. 
Бір жылдық жоспарлау - өнім өндіруді өткізу жоспары, еңбек ресурстары, 


еңбек ақы жоспары, материалдық-техникалық жабдықтау жоспары. 
Жоспарлау процесі көп жағдайда бірнеше сатылардан өтеді. 
Европалық бизнесте жоспарлаудың 4 кезеңі бөліп қарастырылған: 
- жалпы мақсаттар құру 
- нақты мәселелерді анықтау 
- оған жетудің негізгі жолдары және құралдарын таңдау 
- орындалуына бақылау жасау 
Жоспарлау процесі әрдайым қазіргі және өткен кезеңдегі нақты (фактілік) 
және нормативтік мәліметтерге сүйенеді, кәсіпорынның келешектегі, қазіргі 
уақыттағы даму процесін анықтауға және бақылауға талпынады. Нарықтық 
жоспарлаудың күрделілігі макроэкономикалық процестер (дағдарыстар) және 
микроэкономикалық процестерге болады. Бұл негізінен жоспарлаудың 
орындалуына қатаң бақылаудың қажеттілігін және көрсеткіштерін түзету 
мүмкіншілігін білдіреді. 
Норма 
– қандай да бір өнімде шығаруға қажетті шикізаттар, материалдар, 
отын энергиясының ең көп жұмсалған мөлшері, оны – абсолюттік шама деп 
атаймыз. 
Норматив
салыстырмалы шама, еңбек құрал жабдықтарының 
қолданылуын көрететін көрсеткіш.
Жоспарлар мынадай көрсеткіш қолдану арқылы жасалады: 
1.
 
Сандық
– жалпы өнім мен тауар өнім көлемі, сату көлемі, 
жұмысшылардың саны, жалақы қоры,пайда көлемі, әртүрлі өндірістік 
шығындардың мөлшері жатады.
2.
 
Сапалық
- өндірістің экономикалық тиімділік көрсеткіші, еңбек 
өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды төмендету, өндірістің тұрақтылығы, қор 
сиымдылығы, өнімнің сапасы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет