Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


әдістерін сұрыптау. Оқушының тәрбиелігінің диагностикасы және



Pdf көрінісі
бет172/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

әдістерін сұрыптау. Оқушының тәрбиелігінің диагностикасы және 
тәрбиелілік көрсеткіштері. 
Тәрбие процесі – жеке тұлға мен қоғамның талаптарына сәйкес 
ұйымдастырылған тәрбиелік ықпал етуде пайда болатын педагогикалық
ара-қатынас процесі. Оның мақсаты – тәрбиеленушілердің әлеуметтік және 
рухани құндылықтарды, тәжірибені, қатынастарды игерудегі белсенді
іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбие 
процесін
 дұрыс жүргізуге қойылатын педагогикалық принциптер: 

Тәрбие процесін тақырып жағынан дұрыс жобалау. 

Тәрбиеленушіні жан-жақты дамытудың түрлі жолдарын білу. 

Тәрбие процесін жобалауда мазмұн мен жүйелілік бірлігінің болуы. 
Тәрбие процесінің тиімділігіне оны жүргізудің психологиялық-
педагогикалық әдістері тығыз байланысты. 
Психологиялық-педагогикалық диагностика – оқу-тәрбие процесін тиімді 
ұйымдастыру мақсатында тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін және 
ұжымның әлеуметтік-психологиялық сипатын зерделеуге бағытталған бағалау. 
Педагогикалық диагностика психологиялық диагностикаға қарағанда 
педагогикалық процестің ішінде жүзеге асырылады. 
Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс 
нәтижеге қол жеткізу 
Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен 
реттелуі – тәрбиеге кешенді түрде қарау
 
Тұлғада берілген қасиеттер
тәрбие істерінің жүйесі арқылы қалыптасады
 
Тәрбие процесі және оны басқарудың жүйелілігі 
 
Жеке тұлғаның санасына әсер ету 


191 
Педагогикалық диагностика жылдам ақпарат алу арқылы маңызды
оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі: 
-
күрделену деңгейі әртүрлі бағдарламалар бойынша сынып құрамын
тәрбиеленушілердің жұмысын жоспарлауға мүмкіндік беретін, олардың оқуға 
дайындықтарының деңгейі жөнінде ақпараттар алу; 
-
тәрбиеленушілердің мүмкіндіктерін бағалау, олардың ақыл-ойы, оқу 
әрекеттерінің қалыптасу деңгейі, оқытуды мотивтендірудің сипатын анықтау; 
-
өзін-өзі тану негізінде жасөспірімдердің өздерін дамытуларын 
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, олардың танымдық қасиеттерінің дамуын, 
сынып ұжымындағы өзара қарым-қатынасты, тәрбиеленушілер мінезінің 
ерекшеліктерін зерделеу; 
-
сынып ұжымындағы өзара қарым-қатынас, педагогикалық ұжымның 
жұмыстарын басқару, ұжымда жақсы психологиялық ахуалдың болуы, жеке
тәрбиеленушілердің 
іс-әрекеттерінің 
сипатын 
жетілдіру 
мақсатында 
тәрбиеленуші тұлғасының ерекшеліктері жөнінде ақпараттар алу; 
-
төменгі және одан кейінгі сыныптардағы жекелеген тәрбиеленушілердің
даму деңгейін диагностикалау және соның негізінде түзету жұмыстарын 
ұйымдастыру. 
Психологиялық диагностика педагогтарға өздері жасаған құралдарын, яғни 
әдістерін пайдалануға мүмкіндік жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет