285
Жиынтық
бағалау тапсырмалары оқу мақсаттары мен бағалау
критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалау белгілі бір
тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады: мазмұны оқылған
материалды қамтуы керек; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы
тоқсандық баға болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау
күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін
анықтайды; негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді; кездескен
қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді (110-сурет).
Сурет-110. Қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаттары оқушылардың ілгерілеуін көрсету үшін қолданылатын
тиімді құрал болып табылады. Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары
ерекше маңызды, олар критерийлерді анық, жеңіл, түсінікті формада
құрастыруға мүмкіндік береді.
13-кестеде критериалды бағалау жүйесінің мәні ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: