Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет274/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Түрткі (мотив)
– ынта-ықыластың аууы; шығармашылық қызметке деген 
қажеттілік, орнықты қызығушылық. 
Құрал
– әрекеттің амалдарын белгілеу, жолдарын таңдау. 
Әрекет
– іс-қимыл, құрал. Ол ойын, тілдік, ойлау әрекеттері түрінде жүзеге 
асады. 
Нәтиже
– өнім. 
Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, 
теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады. Оқушынын дамуының негізі 
болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. 
Аталған құрылымдағы қажеттілік және мотив табысты әрекет етуге 
итермелейтін басты күш. 
 
Танымдық қызығушылықтың оқу іс-әрекетіндегі рөлі, оның 
оқытудағы дамуы. Оқушы тұлғасын танымдық іс-әрекет субъектісі және 
өзіндік дамуы ретінде қалыптастыру. Оқушыларды оқытудың мотивтері.
Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы 

баланың жеке 
басын дамытудың басты кепілі. 
Ол үшін мұғалім төмендегідей қағидаларды жадында сақтауы қажет: 

баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның 
үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын 
ескеру, шығармашылығын жетілдіру; 

білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау; 

өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. 
Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын 
мойындауы, әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, дәстүрлі 
окытудың стереотиптерінен арылуы қажет. Білім арқылы баланы дамытудың 
жаңа стратегиясы мен тактикасын таңдай алуы керек. Өзінің философиялық 
ұстанымдарын қайта қарағаны дұрыс. 
Оқушылар бойында кездесетін таным қабілеттіліктері – білімді өз 
сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнелеуі. Мұндай бейнелеу әрекеті 
аса күрделі процесс. Ол оқушылардың сыртқы дағды мен әдеттерін 


288 
қалыптастыру 
нәтижесінде 
жүзеге 
асады. 
Оқушылардың 
танымдық 
белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу – оқытудың 
негізгі мәселелерінің бірі. Оқушылардың танымдық белсенділігі өз кезеңінде 
қабылдау, есте сақтау, қиялдау процестері мен зейінінің тұрақты күйін қажет 
етеді. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, 
әсерленуі) негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі 
әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. 
 
Ақыл-ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді, 
ойлау операцияларын игереді. Мұғалімнің міндеті – осы процесті басқара білу, 
тек ойлау іс-әрекеттерінің нәтижелерін ғана емес, оны қалыптасу барысында 
бақылап отыру.
 
Ақыл-ой әрекеті сезімдік қабылдау негізінде алған жүйелі білімі арқылы 
қалыптасады. Оқу барысында, әрекеттердің белгілі бір жүйесін орындау кезінде 
оқытушының басқаруымен сезімдік қабылдау қабілеттілігін жетілдіріп отыру 
жүзеге асырылады. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері оқу 
әрекеттерінде жетекші қызмет атқарады. Оқу процесінде оқушылардың 
танымдық белсенділігі мен құштарлығының қабілеттілігін арттырудың сан 
алуан түрлері бар.
 
Оқу-тәрбие процесі мұғалім мен оқушыдан әртүрлі іс-әрекеттерінен тұрып, 
осы іс-әрекеттердің барлығы оқып-үйренушінің білімінің мазмұнын меңгерту 
мақсатында орындалады. Дидактикада осы іс-әрекет түрлерінің сипатына, 
жинақтау тұтастығы мен орналасуына көп көңіл бөлінеді. Білім оқытушыдан 
оқушыға беріліп қана қоймайды, оның шығармашылығын дамытуға 
жұмылдырылады. Өйткені оқыту әдісі белгілі білімді игеру процесімен тікелей 
байланысты. Педагогикалық процесте оқушы мен мен мұғалімнің арасында 
өзара әрекеттесу жүріп, ол әрекеттесу әртүрлі әдістер арқылы іске асады. 
Әдістерді анықтау мен классификациялаудың көптеген жақтары бар.
 
В.Краевский «Оқыту әдісі – оқытушы мен оқып-үйренушінің біріккен іс-
әрекет моделі, белгілі білім мазмұнын оқып-үйренушілерге игеру үшін беретін 
нормативті жоспары»
 
деп түйіндесе, И.Лернер «Оқыту әдісі – оқып-үйренуші 
мен оқытушының сатылы әрекеттесу жүйесі, мазмұнын игеруді ұйымдастыруға 
бағытты» деп тұжырымдайды. 
 
В.Оконьнің пікірінше, «Оқыту әдісі – сыналған оқып-үйренушінің жеке 
өзгерістерін іске асыру мақсатында қолданылатын оқып-үйренуші мен 
оқытушының біріккен қызметі». 
 
Оқыту әдісін әртүрлі жағынан қарастыруға болады. Оқыту әдісі – оқу 
процесінде өтетін оқу формасы, оқып-үйренушілердің білімді логикалық 
игеруі, оқуға үйрету тәсілдері. Осы құбылыстардың ішіндегі маңыздысы, білім 
мазмұны әдістерімен тығыз байланыста болып, оқып-үйренушілердің ойлау іс-
әрекеттерінің сипатын анықтайды.
 
Іс-әрекет тәсілдерін тәжірибеде іске асырудың ерекше маңызы бар. Білім 
түрлері мазмұны мен атқаратын қызметімен қатар игеруге қажетті іс-әрекетпен 
де сипатталады. «Игеру» деп әлеуметтік тәжірибенің объективті мазмұнының 
жеке адамның өзіндік мазмұнына алмасуын айтамыз. Ал білім ұғымының 


289 
анықтамасының жалпы ғылыми және педагогикалық ерекшеліктері мыналар: 
әлеуметтік, ғылыми және оқу танымдық
.
Әлеуметтік анықтама танымдылық 
шығармашылығы бойынша сипатталады. Дайын білім дегеніміз: субъектіге 
ақпаратты 
жеткізіп, 
объектіні 
сипаттап, 
оқып-үйренушіге 
белгілі 
байланыстарын көрсету.
 
Осы жағдай іс-әрекет тәсілдеріне де қатысты. Оқып-үйренуші дайынды 
түсіне алады, себебі оқып-үйренушіге әрбір жүрген жүрісі белгілі. Білімді игеру 
арқылы жаңғырту тәсілін оқып-үйренуші өзі ойлап табуы қажет. Өмірде жеке 
адамның білімі екі сапамен анықталады: қоғамның деңгейіне сәйкес өмірді 
жинақтап көрсете алуы; іс-әрекетті шығармашылықпен іске асыруы. Біріншіге 
қажетті дайын білімді игеру тәсілдері: танымдық объектіні немесе таңдамалы 
хабарламаны, алынған хабарламаны еске сақтау, жүйеге енгізу. Білімнің бұл 
түрі оқып-үйренушіге белгілі базалық білім көзіне негізделеді.
 
Білім мазмұнының екінші элементін игеру басқаша іске асады, яғни белгілі 
бір іс-әрекет тәсілдерінің тәжірибесі арқылы. Білімді осы іс-әрекет тәсілдері 
арқылы жаңғырту оқу процесінде дағды мен шеберлікке айналады. Ал дағды 
мен шеберлік жаңғыртусыз басқа іс-әрекет түрі тәсілдерімен жанаса алмайды.
 
Оқып-үйренушілердің білім, дағды, шеберлігінің сапасы мәселелерін 
өңдеу педагогикалық әдебиетте кеңінен қаралып, қазіргі уақытта білім, дағды, 
шеберлік сапасы әдістер арқылы жүйеленіп, әртүрлі белгілеріне қарай 
сипатталып жүр. Білім сапасының жүйесі – сапалық сипаттамалардың 
әрекеттескен жиынтығы, жеке адамның дамуы мақсатында жоспарланған, 
шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған толық білім.
 
Қазіргі оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен ойлау 
жүйесінің ара-қатынасын анықтай түсуде. Ол оқушының дербестігін, танымдық 
қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, интеллектуалдық ойлау мүмкіндіктерін 
қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет