Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет299/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Процесс
(
лат. 
рroccessus-
ілгерілеу
)
– бір нәрсенің дамуы қалпындағы 
құбылыстардың кезегімен алмасуы, қандай да бір нәтижеге жету үшін 
әрекеттердің бірізді жиынтығы. 
Сурдопедагогика
 
– саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру 
және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы. 
Темперамент 
– адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын 
анықтайтын жеке ерекшелігі. 
Типтік оқу бағдарламасы 
– меңгерілуге тиіс нақты білім мазмұны мен 
көлемін, біліктілік пен дағдыларды анықтайтын құжат. 
Тифлопедагогика
 
– көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу 
және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы. 
 
 
 
 
 
 
 


318 
ҚОСЫМШАЛАР
Қосымша А 
Кесте 1- Сабақта оқыту әдістерінің кешенін таңдау негіздеріне 
сипаттама 
№ 
Әдіс 
Қолданыстық сипаттамасы 

«Индекс 
карточкалары» 
әдісі 
Мұғалім кей кезде оқушыларға екі бетінде де 
тапсырмалары бар карточкаларды таратып тұрады:

1-ші беті: өтілген материал (тақырып, тарау) 
бойынша негізгі идеяларды атап өтіп, оларды жинақта;

2-ші беті: өтілген материал (тақырып, тарау) 
бойынша нені түсінбегеніңді анықтап, сұрақтарыңды 
жаз. 

Қол 
белгісі 
Мұғалім оқушылардан тақырыпта түсінгендігін я 
түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетуді сұрайды. 

Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын –
қолдың бас бармағы жоғары бағытталады 

Мен әлі түсінбей отырмын – қолдың бас бармағы 
жанына қарай жантаяды 

Мен түсінгеніме сенімді емеспін – қолды бұлғау 
Осы белгілерге сүйеніп мұғалім сабақтың қай деңгейде 
өткенін сабақтайды. 

Бағдарша
м 
Әрбір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес 
карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты 
меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін 
сұрайды. 

Жасыл карточка көтерген оқушылар- барлығын 
түсінді. - Не түсіндіңіз? 

Сары және қызыл карточка көтергендер: - Сіздерге не 
түсініксіз? 
Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім 
тақырыпты қайта түсіндіру, пысықтау немесе тақырыпты 
түсіндіруді жалғастыру туралы шешімді қабылдайды.
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де 
жетілдіру керектігін білуге болады. 

Сөздік үлгісі 
(еске алу) 

Ұстаз оқушыларға сөздік үлгі береді, көмектесушілер 
жауап құрады. 

Мысалы: Негізгі идея (ұстаным немесе процесс) ---- 
болып табылады, өйткені --- т.с.с. 

Қате түсінікті 
тексеру 
Ұстаз қатысушыларға қандайда бір ұстамның (идея) 
талдауларының қате болжамдарын немесе әдеттегі қате 
түсініктерді әдейі береді. Содан соң ол қатысушылардан 
айтылғандармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін, 
өздерінің көзқарастарын айтуларын сұрайды. 

Оқушылармен 
жеке әңгімелесу 
Ұстаз оқушылармен олардың деңгейі мен түсініктерін 
байқау үшін жеке әңгіме жүргізеді 

Үш минуттық 
үзіліс (пауза) 
Ұстаз қатысушыларға сабақтың идеясы мен ойлануына, 
алдыңғы өткен тақырыптарымен, білімімен және 
тәжірибесімен байланыстыруға, сонымен қатар түсінбеген 
жерлерін анықтауға үш минуттық үзіліс береді 


319 

Температураны 
өлшеу 
Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап
жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін 
оқушылардың іс-әркекттері тоқтатылады. Және ұстаз «Біз 
не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қояды. 
Кейбір жағдайда ұстаз жүптардың немесе топтардың 
бірінен тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы 
айтып берулерін ұсынады. 

Қысқа - тест 
Қысқа – тест қатысушылардың нақты бөлімін, шеберлігін 
және дағдысын, яғни қандайда бір материалдың ақты 
мағлұматтарын білетіндігін бағалайды. Бұл тестті: 

Берілген көп жауаптардың ішінен 

Дұрыс немесе қате жауап ішінен таңдау арқылы 
орындайды 
10 
Элективтік тест 
(таңдау) 
Мұғалім әрбір оқушыға « А,В,С,Д» әріптері бар 
карточкаларды таратып шығады да олардан дұрыс 
жауаптарын карточкаларын көтерулері арқылы білдірсін 
дейді. Ұстаз міндетті түрде оқушыларға ойлануға 20 секунд 
беруі қажет. Ұстаз қатысушыларымен жауаптардың әртүрлі 
нұсқаларын талқылап, оларға өздерінің таңдауларын 
түсіндіріп берулерін ұсынады. 
11 
Формативті тест 
Мұғалім оқушыларды ерікті түрде бірнеше топтарға бөледі. 
(әрбір топта 4-5 оқушыдан). Әрбір қатысушы сұрақтары бар 
бір бет және жауап жазуға бір бет алады. Әр кіші 
топтардағы 
қатысушыларға 
тесттағы 
сұрақтарды 
талқылауларына уақыт беріледі. 
12 
Күделікті өзін-өзі 
бағалау журналы 
Күделікті өзін-өзі бағалау журналы мұғалім оқушылардың 
сабақ барысында қабылдаған білімін, дағдылары мен 
шеберліктерін бағалауға және оларды қандай әдіспен жүзеге 
асырғандарын қадағалау үшін құралады. 
13 
Формативті 
сұрау
Бұл әдіс тұсаукесерден кейін бірден немесе қандайда бір 
сабақтағы тексеруге арналған. Мұғалім «Неге? Қалай? 
Қайтіп?» деген қосымша нақтылау сұрақтарын қояды. 
-
Олар несімен ұқсас әлде айырмашылығы неде? 
-
Мінездемесі қандай? 
-
Ондағы негізгі идеясы, тұжырымдамасы қандай? 
-
Сіз қандай идея немесе қосымша мағлұмат қоса аласыз? 
-
Сіз қандай қорытынды жасай аласыз? 
-
Сіз не істеуді ұсынасыз? 
-
Қандай әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады? 
14 
Жаңа 
материалды 
қабылдауларын
тексеруге 
арналған 
жаттығулар 
Мұғалім «Болжау», «Түсіндіру», «Айтып беру», «Бағалау», 
деген төрт терезеден (шаршы) тұратын кесте құрады. Жаңа 
материалды түсіндіріп болған соң ол оқушылардан берілген 
шаршылардың бірін таңдауларын ұсынады. Бұл арада 
мұғалім әрбір оқушыға бұл әдіс арқалы өтілген тақырып 
бойынша өздеріне өздері тапсырма алып, қалай
орындайтындығын түсіндіріп өтуі қажет. Содан соң 
олардың шаршыларды таңдауларына қарай мұғалім 
сұрақтар қояды. 
Мысалы: Егер оқушы «Айтып беру» деген шаршыны 
таңдаса, мұғалім оған «Жаңа материалдағы негізгі 
идеяларды атап шық» деген тапсырма береді. 


320 
15 
Ішкі және
сыртқы шеңбер 
Оқушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер құрады. Балалар 
бір-біріне қарама-қарсы тұрып, өтілген тақырып бойынша 
бір-біріне сұрақтар қояды. Сыртқы шеңберде тұрған 
оқушылар ауысып өздеріне жаңа жұптар құрады. 
Сөйтіп сұрақтар қою істері әрі қарай жалғаса береді. 
16 
Жазбаша 
түсініктеме 
(жазбаша кері 
байланыс) 
Бағалаудың міндеттерінің бір элементі – кері байланысты 
ұсыну. Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру кезінде 
мұғалім бағалау өлшемдеріне қарай өз түсініктемелерін 
жасайды және жеткен нәтижелерінің деңгейін бақылайды. 
Түсініктемелері анық және түсіндіре білуі керек. Жазба 
жұмыстарын тексере отырып, дұрыс жерлерін бір түспен, ал 
әрі қарай жетілдіру керек жерлерді екінші бір түспен 
белгілеп қоюға болады. Жазба жұмыстарға түсініктеме 
бергенде еске салу, ой айту немесе мысалдар көрсетуге 
болады. 
17 
Сөздік бағалау 
(ауызша кері 
байланыс) 
Бағалау түрінің ең көп тараған түрі: 
Мұғалім оқушының жаттығуларды жақсы орындағы үшін 
мақтайды,осылайша ауызша кері байланыс орнатады. 
Осыған орай оқушылар берілген матералды немесе 
мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне болады. 
Мұғалім оқушыға жаттығуды орындағандағы қателерін 
көресетді. Ол оның жұмысына ешқандай белгі қоймайды, 
бірақ оны бағалайды. Нәтижесінде оқушылар жетістікке 
жетулері үшін одан әрі биік нәтижелерге жету керек деп 
ұйғарады. 
18 
Өзін-өзі бағалау 
Бұл әдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы 
мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына 
қорытынды жасайды. Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі 
міндетті шарттары–оқушылардың оқытылатын тақырыпты 
өтер алдында және жұмысты орындар алдында олар барлық 
жұмысты бағалау межелерімен (критерий) таныс болулары 
қажет. 
19 
Екі жұлдыз және 
тілек (бірін-бірі 
бағалау) 
Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, яғни 
шығарма, эсселерін бағалауға қолданылады. Мұғалім, 
оқушыларға сыныптастарының жұмыстарын тексеруді 
ұсынады. Оқушылар бір -бірінің жұмыстарын тексеру 
кезінде олар жұмыстарды бағаламайды, ал ондағы екі оң 
сәтті анықтап және бағыт береді. Олар «Екі жұлдыз» – бір 
сәт, яғни толыққанды жұмыс, ал екінші бірі «Тілек, мұнда 
одан әрі жұмысты толықтырулары қажет. 
20 
«Болжамдау, 
түсіндіру, 
жинақтау, 
бағалау» әдісі 
Мұғалім шаршыны төртке бөліп, әр бөлікке келесі сөздерді 
жазып қояды: болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау. 
Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң оқушыларға 
өздеріне белгілі бір бөлікті таңдап алуды ұсынады. Мұғалім 
оқушыға осылай ол өзіне өтіп жатқан тақырып бойынша 
тапсырма түрін таңдайтынын түсіндіреді. Таңдауына қарай 
мұғалім тапсырма береді.
21 
«Шеңбер 
бойынша жазу» 
әдісі 
Топтағы әрбір оқушының өз парағы болуы керек. Оқушылар 
2 минут ішінде парақтарына тақырып бойынша 1-2 сөйлем 
жазады. Парақтар шеңбер бойынша келесі оқушыларға 
беріледі. Олар алдыңғы жазуды оқып, өзінің ойын қосады. 


321 
Солай парақтар бірі-біріне беріліп, соңында әркімнің парағы 
өзіне қайта келуі керек. Соңында бір оқушы жазғанды топ 
алдында оқып береді. Егер маңызды мәлімет қалып кетсе, 
онда жазулар толықтырылады.
22 
«Плюс-
минус-қызықты» 
әдісі 
Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады: 
П(+), М(-), Қ (қызықты): 

«П» – «плюс» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: 
ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с.

«М» – «минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе 
түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай 
қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады.
23 
«Аяқталмаған 
сөйлем» әдісі 
1.
Мен бүгін ... білдім.
2.
Маған … қызықты болды.
3.
Маған ... қиын болды.
4.
Мен келесі тапсырмаларды орындадым... .
5.
Мен ... екенін түсіндім.
6.
Мен енді ... жасай аламын.
7.
Мен ... үйрендім.
8.
Мен ... жасай алдым.
9.
Мен ... жасап көремін.
10.Мен ... таңқалдым.
11. Мен өмірде ... қолданамын.
12.Маған ... ұнамады.
24 
«Сауалнама» 
әдісі 
«Қ» – «қызықты» бағанына оқушылар сабақта естіген 
қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша 
білгісі келетін мәселелер бойынша мұғалімге сұрақтар 
жазуға болады
1. Сабақта мен ... белсенді болдым / белсенді болмадым.
2. 
Сабақтағы 
жұмысыма... 
қанағаттандым 

қанағаттанбадым.
3. Сабақ мен үшін... жылдам аяқталды / аяқталмай кетті.
4. Сабақта мен ... шаршадым / шаршамадым.
5. Менің көңіл-күйім... 
жақсарды/ нашарлады.
6. Сабақтағы материал ...
түсінікті / түсініксіз
пайдалы / пайдасы жоқ
қызықты / қызық емес
7. Үй тапсырмасы мен үшін ... жеңіл / қиын
қызықты / қызық емес
25 
«Сұрақ конверті» 
әдісі 
Мұғалім конверт сыртына бір сұрақ жазады. Мысалы: 
«Бүгінгі сабақта білгеніңнің ең маңыздысы неде?» немесе 
«Жаңа тақырыптың қай тұсы саған түсініксіз болып 
қалды?». Оқушылар конвертті бір-біріне беріп, әрқайсысы 
жеке өз жауаптарын парақтарға жазып, конвертке салады. 
Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып, қорытынды 
жасайды. 
26 
Ақылдың алты 
қалпағы» әдісі 
1)
«Ақ қалпақ» – статистикалық (проблема бойынша тек 
фактілер (талқылаусыз) айтылады).
2)
«Сары қалпақ» – жағымды, оңды (оңды, позитивті 
жақтар айтылады).
3)
«Қара қалпақ» – негативті (айтылып жатырған мәселенің 


322 
тиімсіз жақтарын анықтайды).
4)
«Көк қалпақ» – аналитикалық (талдау жүргізіледі, топ 
неге? не үшін? деген сұрақтарға жауап береді).
5)
«Жасыл қалпақ» – шығармашылық (алуан түрлі, қисынға 
келмейтін ойлар мен ұсыныстарды айтуға болады).
6)
«Қызыл қалпақ» – эмоционалды (топ мүшелері 
материалмен жұмыс жасап жатқандағы көңіл-күйлерін 
сипаттайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет