Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет297/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Мониторинг
 
(лат.
monitoring
 
– ескертуші, бақылаушы) – күнделікті 
бақылау, бағалау және болжау; білім беру процесінің барысын, нәтижелерін 
және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу, жай-күйін қадағалау, бағамдау және 
болжамдау.
Мультимедиа
(латын сөзінен алынған 
multum ағылш. 
multimedia
– көп 
және 
media, medium
– жабдық)
– қолданушыға бірыңғай ақпараттық орта 
түріндегі әртүрлі деректермен (графика, мәтін, дыбыс, бейне) диалогтік 
режимде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық 
жабдықтар кешені. 
Олигофренопедагогика
 
– ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие 
беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы. 
Оқу бағдарламасы 
– оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, 
дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат. 
Оқыту әдістері
– оқытушы мен оқушылардың бірлесе жұмыс істеу 
барысында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен 
қабілеттерін арттыратын оқыту тәсілдері. 
Оқу жоспары 
– тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен 
көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі 
құжат. 
Оқу пәнінің стандарты 
– орта жалпы білім сатылары бойынша білім, 
профильді білім және қосымша білім беру бағдарламаларының мақсаты,
міндеті, құрылымы мен мазмұнын және нақты оқу пәнін меңгертудің
мерзімдерін анықтайтын құжат. 
Парадигма
– ғылымның негізгі өлшем бірлігі, нақты ғылыми зерттеулерді 
анықтайтын және ғылыми практиканың сол кезеңінде жүзеге асатын теориялық 
және әдіснамалық алғышарттардың жиынтығы.
Педагогикалық бақылау 
– бұл педагогикалық процесті тану әдісі, ол ұзақ 
мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет