52
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық өсуінің қазіргі заманғы формалары.
XXI ғасырдағы ұстаз моделі.
Кәсіби даму – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби рөлдердің,
кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін
игеруге бағытталған адамның әлеуметтену процесі.
Кәсіби мұғалім – құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, жаңа
әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби
жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл маман.
Кәсіби өсу – технологиялық әрекеттің үнемі жүзеге асуы, құзыреттілік
және кәсіби қажетті сапалардың артуы, еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыру
(25-сурет).
Педагогикалық қабілеттер әр педагогтың әр дәрежеде ие болған тұлғалық
әлеуетін сипаттайды. Дәл педагогикалық қабілеттер және педагогтың оларды
өзінде анықтауы педагог болудың сәйкес кәсіби ниетін, педагогикалық іс-
әрекетпен айналысу бейімдігін, педагогикалық еңбектің тиімділігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: