Психолингвистика пәні бойынша


Дыбысталудың мағынамен байланысы



Pdf көрінісі
бет27/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104
8. Дыбысталудың мағынамен байланысы  

Лингвистикада  сӛздің  дыбыстық  және  графикалық  формалары  сӛздің 

мағынасымен  байланысты  емес  деп  (кейбір  еліктеуіш  сӛздер  мен  кейбір  иероглифтерді 

бұл ережеден тыс) есептеу орын алған. Ал бала сӛздің дыбыстық формасы ӛзінің ерекше 

мағынасы  болады  деп  есептейді.  Бала  морфеманың  дыбыстық  бейнесін  қабылдау 

барысында  зат  жӛнінде  түсінік  қалыптастыра  отырып,  ӛзіне  арнап  дыбыстаудың  заттық 

қатынаспен образды байланысын жасап алады. Осындай образды байланыс негізінде бала 

ӛзі  жасаған  жинақтауларын  басшылыққа  ала  отырып,  ӛзіне  қажетті  сӛздің  дұрыс 

дыбысталуын  «байқап  қарастырады»  (нащупывает).  Сондықтан  кейбір  кӛп 

қолданылатын 

баланың 

сӛздері 


(29,30) 

дыбыстық 

форманың 

(возможную) 

эмоциональдылығына реакция ретінде пайда болған. Басқаша айтқанда, балалар кӛбінесе 

белгінің екінші жағына – оның «сезімдік табиғатына» кӛп назар аударады.  

 

 

Баланың сӛзі 



Мағынасы  

(29)  мыха 



большая мышь 

(30)  лога 



большая ложка 

   


Бұл  бақылаулардың  дәлелдемесі  үшін  А.М.Шахнарович  тарапынан  орыс  тілі 

материалы негізінде мынадай тәжірибе жүргізілген. Екі сӛз алынды: кит және кот. Бұлар 

бірінші  типтің  қасиетіне  ие  –  белгілі  бір  шындық  құбылысты,  белгілі  бір  жануарларды 

білдіреді.  Ересектер  кот  -    кішкентай  үй  жануарын,  ал  кит  -  теңіз  алыбын  білдіретінін 

біледі.  Осы  белгілермен  жӛндеуді  анықтайтын  бірінші  типтің  қасиеті  (семантикалық) 

негізгі болып табылады. Бұл белгілер ие екінші типтің қасиеті балалармен экспериментте 

алынды. Бұлар кит  деген не екенін білмейтін кішкентай балалар еді. Сондықтан кит  сӛзі 

тек екінші типтің қасиеттерінің, таза сыртқы, дыбыстық қасиеттерінің, жиынтығы ретінде 

қызмет етеді.  

Жануарлардың кӛлемін салыстыруды (31) ӛтінгенде, балалардың барлығы дерлік 



кот    үлкен  деп  жауап  берді.  Бұл  сӛздің  дыбыстық  жамылғышындағы  бір  нәрсе  кит  

кішкентай, кот үлкен деп топшылатқыздырды. Бұл жерде мәселе - дауысты дыбыста. «и» 

дыбысы балаларда кішкене сӛзімен ассоциацияланады да, «о» - үлкен сӛзімен. Бұл факті 

баланың белгінің  сыртқы, дыбыстық қасиетіне бағдар жасайтынын кӛрсетеді.  

(31) Что больше, кит или кот? 

Осылайша  бала  қоршаған  ортада  дами  отырып  және  бейімделе  отырып  сӛзді 

дыбыстық  образында  заттың  қандай  да  бір  тура  кӛрінісін  табуға  тырысады.  Бұл  бейнелі 

байланыстар  оған  сӛздің  мағынасын  қабылдауға  кӛмектеседі.  Сӛздің  материалды 

жамылғышы  мен  заттың  сезімдік  түрде  қабыладанатын  қасиеттерінің  арасынан  бала 

бақылайтын ұқсастықтарға зат (дыбыстық таңбамен белгіленетін) пен сӛздің (таңба, белгі) 

байланысы  негізделеді.  Сондықтан  бала  тілінде  еліктеуіш  сӛздердің  кӛптеген  мӛлшері 

кездеседі.  Бұл  сӛздер  бала  тілінде  қоршаған  орта  дыбыстарының  имитациясы,  кӛрінісі 

ретінде ӛмір сүреді және заттар мен құбылыстардың атаулары қызметін атқарады (32-34).  

Заттармен ассоциаланатын дыбыстар санада бейне елесі (представлений) ретінде кӛрініс 

табады және бала тарапынан заттардың ӛзі секілді ұғынылады. Сӛз-атау балаға осы атпен 

аталған заттың бӛлшегі болып табылады.  

 

 

Баланың сӛзі 



Мағынасы 

(32) 


тик-так 

сағат 


(33) 

би-бика 

машина 


(34) 

ту-ту 

поезд 


 

Л.С.Выготскийдің  пікірінше,  балалар  еліктеуіш  және  образды,  дыбыстық-

бейнелеуіш  (звукоизобразительных  слов)  сӛздерден  тілімізде  қабылданған  сӛздерге 



 

29 


кӛшеді,  сол  кезде  екі  атау  (35)  пайда  болады  («ав-ав-ит»).    Тілдесу  процесінде  бала 

біртіндеп сӛздің функциональды қолданысын игереді.  

(35) ав ав         ав-ав-ит       ит 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет