17. МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ
ТҮС ЖОРУЫ
Бір қатын келіп Мұхаммед пайғамбарға:
—Түсімде үйімнің мәткесі сынды,—деді. Пайғамбар айтты:
—Жолаушың келеді екен,—деді. Айтқандайын күйеуі кел-
ді.
Екінші күйеуі тағы жолаушы кетті, қатыны тағы алғаш-
қысындай түс көрді. Пайғамбарға жорытайын деп келсе, үйін де
жоқ екен. Әбубәкір хазіретке жолығып айтып еді, Әбубәкір:
—Күйеуің өледі,—деді. Оны қанағат етпей Пайғамбарға айт-
ты. Пайғамбар:
—Бұдан бұрын ешкімге айттың ба?—деді.
—Әбубәкірге айтып ем,—деді. Пайғамбар:
—Сол болады,—деді. Мәлім болды, ері опат болды. Түс жо-
рушылар айтады: қашан түс көрсең ғалымға, ақыл иесі кісіге
айт. Дұшпаныңа, наданға, қатындарға айтпа. Түс неге жорыса,
сол болады дейді.
* * *
Пайғамбарымыз айтқан: «Бір кісі түсінде мені көрсе
анық көрген болар, оның үшін шайтан менің һеш түріме ене
алмайды»,—деген.
18. ТҮС АЯН
Майлықожа ақынға түсінде бір ақ сәлделі адам келіпті де:
—Көген аласың ба, жоқ әлде өлең аласың ба?—депті.
Ол кісі:
—Өлең, өлең!—деп оянып кеткен екен. «Егер де «көген ала-
мын» дегенде мыңғырған бай болар еді»,—дейді ел қариялары.
184
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Достарыңызбен бөлісу: |