5. ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
(Ержан Ешімов нұсқасы)
...Шәріде түс көреді ханның қызы,
Бетіне шаң тимеген жалғыз қызы.
Қыздардың жауы дағы, дұшпаны да,
Жеңгесі сезсе керек барлық мұны.
—Ау, жеңеше, көрдім түс,
Өзіме жеңіл, жұртқа ауыр.
Бүгін таңның алдында,
Орнаған екен бір дәуір.
Тау домалап, су көшіп,
Соққан екен бір дауыл.
Өте қатты қаһары,
Бір бұлттың жаман заһары.
Қанаты жауып шаһарды,
Бұлт айналды қаһарлы.
Тыңдамай тасты, тауды да,
Борады да жауды да,
Кіргізді-ау деймін әкемді
Көп кешікпей қауымына.
Тас төбемнен ілді де,
Мені де тартты бауырына.
Дәл бабамның қатары,
Ала бурыл сақалы.
Қобаған мұрын, қой көзді,
Ауыр лебіз, шын сөзді,
Түсі суық кісі екен.
Болат тұмсық, мұз қанат,
Ақ төсті қыран құс екен.
Осыны көрген мезгілім,
Таң атқан таңның тұсы екен.
200
201
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Бикештің түсін жеңгесінің жоруы:
—Ойпырмай, ойда жоқ жау келер деймін,
Жауындай елдің терін төгер деймін.
Тау бөктеріп, су кешкен секілденіп,
Ерлерім көп миқанат көрер деймін.
Бүркіттей бөрілерді желкелейтін,
Бір дұшпан келе ме елге еркелейтін.
Аяғы ақырында саған тиіп,
Сен дағы қуанасың-ау бір бай сүйіп.
Түсіңді біздің жору осылайша,
Білмеймін артық-кемін әлдеқанша,—деп түсті
жору аяқталады...
* * *
...Қыз Құртқа тәтті ұйқыда көріпті түс,
Түсінде таңғажайып білінген іс.
Ысқырып бір айдаһар кәрін шашып,
Шүйлікті бір ақ иық ұшырасып.
Сол кезде ел ұстаған қызыл ерді,
Қақтырмай қанатымен қалды басып.
Ойбайлап төсегінен қыз оянды,
Анасы «не болды» деп жетіп барды.
—Ау, ана, бір түс көрдім, келді жылан,
Көзімді аштырмады басқан тұман.
Бір бүркіт көктен келіп шүйліккенде,
Кез болды жан қалмайтын зәрлі мұнан.
Кәпірден у-шу болып, жер күңіренген,
Білімді тамашалы үлкен ұран.
Шаңдағын бұрқыратқан түсті маған,
Қызыл ер қанатында шықпай қалған.
Бұл түсті адамға айтып керегі жоқ,
Жорып көр неғыл десең, қымбатты анам.
202
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Анасының түсті жоруы:
—Шығар ма дұшпаның көп мың сан, балам,
Ақиқат менен адал тусаң, балам.
Ертеде көп миханат көріп едім,
Мен сорлы жаугершілікке еніп едім.
Сорлы әкең бір мезгілде жауда кетіп,
Айрылмай қосымнан еріп едім.
Тоқтарбай жаумен келген қара қыпшақ,
Сол елдің дәмін татып көріп едім.
Қараспан жау мекені қалың елде,
Перзентті сендей анық көріп едім.
Қанды бет бидай өңді толық едім,
Әркімді құмарттырған сорлы едім.
Тоқтардың сүйген жаны Аналықпен
Жүктімде жөргек құда болып едім.
Атыңды Құртқа деген Тоқтар қойған,
Қалмайтын күйеуім бар өлмей ойдан.
Тоқтардың жалғызы еді еткен жарық,
Жолдасың құдай қосса батыр Қобылан.
Тап соған миясар тұр осы түсің,
Келтірсін игілікті ақтың ісін.
Қобыланға сені қоссам, арманым жоқ,
Берілген асыл уәде Құдай үшін.
Ер жетіп, есін біліп, сені іздесе,
Алсын-ақ аманатын соның үшін.
Қобыланға Құдай беріп сені қоссам,
Сол күні орындалар сүт пен күшім.
Ал балам, бұл жүргенге әуре болма,
Жасыңнан қайыр болса қарғылы ісің...
202
203
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |