[
210
]
кіріп, осы күнгі Батыс және Орталық Қазақстанды қайтадан
өзіне қаратып, иелік құрған дәуірінде өмір сүргені күмән
туғызбайды. Бұл XV жүзжылдықтың 80жылдары еді
7
.
Қазтуғанның да мұрасы бізге аз көлемде жеткен. Солай
болса да, қолымыздағы толғаулар оның үлкен талант иесі,
көркем сөзге ұста екенін көрсетеді. Оның поэзиясы өзіндік
мазмұнмен, өзіндік стильмен ерекшеленеді. Онда классик
жырауға тән дидактика мен сәуегейлік жоқ оның есесіне мол
күшқуат, бұлқыныс бар, жауынгерлік рух пен лирикалық
көңілкүй қатар кездеседі. Оның толғауларынан қаһармандық
пен нәзіктік айқын аңғарылады, ол жорықшы, жауынгер
болып көрінеді. Сол кездегі қазақ болмысы үшін, көшпелі өмір
кешкен халыққа жортуыл кешу, жорыққа аттану, ұзақ сапар
шегу – әдетті іс. «Ер азығы жолда» деген номадтың идеалы
шаршамайтын, талмайтын, еш нәрседен таймайтын, қайсар
жігіт, ер азамат. Міне, Қазтуған поэзиясында бұл қасиет
айрықша көзге түседі:
Достарыңызбен бөлісу: