Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет2/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

ISBN 978-601-7568-39-9
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
     Қ 44
Қ 44
© 
Қасқабасов С., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014
ISBN 978-601-7568-41-2 (Т.2)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді


[
 
 3  
]
ҚАЗАҚ МИФІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК МИФОЛОГИЯ 
(Ізденістер мен болжамдар)
МӘСЕЛЕНІҢ ҚОЙЫЛУЫ
Жалпы мифологияны кең ауқымда, макролық тұрғыдан 
қа растырсақ, яғни әлемдік мифология үш сипатта болатынын 
көреміз. Бірінші – алғашқы қауымда пайда болған рух­иелік 
мифтер. Олар, негізінен, адамды қоршаған жер бетіндегі әр 
алуан объектілердің, өсімдіктердің, жануарлардың, тіпті адам­
дардың өздерінің пайда болу тарихы мен жекелеген аспан шы­
рақтары жайында баяндайды.
Екінші – құлиеленуші мемлекеттер тұсында туып, қа­
лып  тасқан мифтер. Олардың тақырыбы мен мазмұны бірін­
шідегіден әлдеқайда кең. Мұнда екі процесс орын алады: 
бұрынғы миф 
тер өңделеді, әрі жаңа мифтер туады. Енді 
алғашқы қауымда шыққан рух­иелік мифологияның ау­
қы 
мы зорайып, тек жер бетіндегі объектілер ғана емес, 
күллі Космостың Хаостан рет 
телу тарихы әңгімеленеді. 
Сонымен қатар алғашқы қауымға тән ру­тайпалық қатынас 
жағдайындағы адамдардың азаматтық, әлеуметтік теңдігі, 
ру бірлігі, бауырластығы, кісілердің өза ра қайырымдылығы 
жойылып, олардың орнына қоғамда тап тық жіктелу пайда 
болып, әлеуметтік әрі мемлекеттік қа нау орныққан шақта, 
яғни құлиеленуші және феодалдық мемлекеттердегі деспотизм 
күшейген тұста, бұрынғы ру­тайпалық өмірді аңсаған, оны 
«алтын ғасыр» («қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» 
деген сияқты) еді деп дәріптеген мифтер туады. Бұл мифтер 


[
  4  
]
кейін, бірқұдайлық дін орнаған шақта, «жұмақ», «пейіш» 
туралы болып өзгереді.
Үшіншісі – феодалдық мемлекет кезінде қалыптасып, дамы­
ған бірқұдайлық мифология. Мұнда алғашқы қауымдағы 
рух­иелік мифология да, құлиеленуші мемлекет тұсындағы 
көп 
құдайлық мифология да қайта қаралып, рух­иелер мен 
көп құдайлардың орнын енді әлемді бір өзі жаратып, бір өзі 
басқаратын жалғыз Құдай иемденеді, бұрындағы рух­иелер 
мен құдайлардың барлық қасиеті жалғыз ғана Құдайдың 
бойына жинақталады. Сөйтіп, бірқұдайлық мифология адамзат 
қоғамының дамуындағы жаңа белес болып, жаңа дәуір пайда 
болғанын айғақтайды. 
Аталмыш үш сипатты мифологияның үшеуінде де көрініс 
беретін бір тақырып бар, ол – дүниенің жаратылуы мен күйреуі, 
яғни топан су мен одан кейінгі тіршілік туралы баяндайтын 
миф. Осы алуандас мифтерді зерттеу арқылы әлемдік мифо­
логияның жалпы даму жолдары, оның жалпы адамзаттық 
(типологиялық) және ұлттық сипаттарын айқындауға болады.
Сонымен, топан су туралы мифтер. Мұнда дүниенің қира­
уы  мен  ақырзаман  жайында баяндалады. Түптеп  келгенде, 
бұлар – эсхаталогиялық мифтер. Олардың қарапайым үлгілері 
сонау  алғашқы қауымда пайда  болған және космогониялық 
сипаттағы мифтермен араласып жүрген. Жалпы, заманақыр 
туралы  мифтердің бізге жеткен классикалық үлгісі –  топан 
су жайындағысы. Бұл мифтер  алғашқы қауым тұсындағы 
эсхаталогиялық мифтердің негізінде туған, бірақ кейін діни 
мазмұнмен толығып, өзінің алғашқы «танымдық» сипа­
тын діниге ауыстырған. Сөйтіп, ежелгі құлиеленуші мем­
лекеттегі көпқұдайлық діннің негізгі тірегі болған миф кейін, 
бірқұдайлық дін кезінде, құдайдың адамдарды күнәлары үшін 
жазалағаны жайындағы мифке айналған.
Сонымен, біздің қарастыратынымыз – әлемнің жаратылуы 
мен күйреуі туралы мифтер, олардың өзгеру та рихы. Әлемнің 
жаратылуы дегеніміз – аясы өте кең ұғым, мұнда аспан мен 
жердің жаралуы, жер бетіндегі объектілердің және аспан 
шырақтарының пайда болуы, сондай­ақ жерде тіршілік ете­
тін аң­құстардың, адамдардың дүниеге келуі қамтылады. 


[
 
 5  
]
Ал әлемнің күйреуі туралы мифтерден, негізінен, то пан су 
жайындағылары талданады.
Әлемнің, адамдардың, жан­жануарлардың, жер бетіндегі 
нәр 
селердің, аспан денелерінің пайда болған дәуірі әр 
халық тың мифінде әр түрлі аталады. Көбінесе «ерте заманда», 
«баяғыда», «жер кеппей түрғанда», тағы басқаша аталып, 
сипатталады. Этнографиялық еңбектерде осындай мифтік 
уақыт ты «Түс заманы» («Время сновидений») деп атау орнық­
қан. Бұл орта лық Австралия түрғындарының мифтік уақытты 
атаған сөзі. Кейде бұл мифтік мезгілді «оу баста» деп те айтады. 
Бұл атаулардың бәрі фольклорлық түсінік тұрғысынан екені 
көрі ніп тұр. Гуманитарлық ғылым үшін мұның еш сөкеттігі 
жоқ. Дегенмен, дәл болу үшін мифтік дәуірді жаратылыстану 
не месе математика мен физика ғылымдарының ұғымдарымен 
де белгілеуге болатын тәрізді. Айталық, космос пайда болған 
мифтік дәуірді, яғни мифтегі адам өзі пайда болмаған заманды 
«минус І дәуір» деп, ал адам өзі пайда болған уақытты «нольдік 
дәуір», одан кейінгі мезгілді «плюс І дәуір» деп атауға болатын 
сияқты. Сонда аспандағы жұлдыздардың, Ай мен Күннің, 
Жердің жаралғаны туралы баяндайтын мифтер «минус І дәуір­
ді» бейнелейтін болып табылады. Ал жердегі тау­тас, өзен­көл, 
алғашқы адамдар жайында айтатын мифтер «нольдік дәуірді» 
көрсететін болып саналмақ. Адамдар қауымының өмірі мен 
әдет­ғұрыптары, олардың реті жөніндегі мифтер «плюс І дә­
уірді» бейнелейді деп есептелуге тиіс.
Міне, егер біз осы атауларды қолданар болсақ, онда біз­
дің ғылымымыз мифологиялық түсінік негізінде туған атау­
ларды пайдаланбас еді. Сөйтіп, біз мифтерді, «оу ба ста», «түс 
заманында» деген жалпылама анықтаудан гөрі ғылымға 
негізделген, әрі мифтік дәуір мен мифтік сананың стадиялық 
сатыларын да дәлірек бейнелейтін ұғымдарды фольклористика 
ғылымына енгізген болар едік. Бұл әдістің тағы бір ұтымды 
жағы – алғашқы қауымнан кейінгі қоғамдарда орын алған 
қайта мифологизация процесін, жаңадан туған мифтерді және 
ескі мифтерді жүйелеп, циклденген мифологияны да, оларда 
көрінетін уақытты, оларды тудырған мезгілді де анықтауға 
мүмкіндік туатындығы. Мәселен, алғашқы қауымнан соң 
пайда болған мифтердің уақыты – құлиеленуші мемлекет тұсы, 


[
  6  
]
демек, бұл «плюс ІІ дәуір», ал бірқұдайлық дінге негізделген 
миф туатын феодалдық қоғам мезгілі – «плюс ІІІ дәуір» болып 
белгілене алады. Сонда біз күллі адамзат мифологиясының 
туып, даму мезгілдері мен сатыларын дәлірек анықтай аламыз.
Осы әдіспен қарайтын болсақ, аспандағы жұлдыздардың,
 
Ай дың, Күннің, Жердің өзінің қалай пайда болғаны туралы 
баяндайтын мифтер ең көне болып табылады. Олардың бейне­
лейтін уақыты – «минус І дәуір». Олай болса, мифтердегі ке­
ңістік те, оқиғалар да, кейіпкерлер де бәрі – «минус І дәуір­
дің» жемісі. Екінші сөзбен айтқанда, «жасампаздық туралы 
мифтер» түгелімен осы дәуірдікі болып есептеледі, ал бұл дә­
уірдің өзі екі сатыдан тұрады.
Біріншісі – адам әлі өзін маңайындағы қоршаған табиғаттан 
бөлмеген уақытта, екіншісі – адам өзін ерекше сезінген заман. 
Бұл екеуі – мифтік сананың екі сатысы, әрі
  архаикалық 
мифтердің екі бөлігі. Алғашқысы – адамның аңға, жұлдызға, 
тасқа оп­оңай, өз еркімен айналып өтетіні, сондай­ақ керісін­
ше – аңдардың, т.б. адамға айналатындығы туралы баяндайтын 
мифтер. Мұнда адам мен табиғат арасында алшақтық жоқ. 
Екіншісі – адамның басқа нәрсеге (немесе керісінше) айналып 
кетуі – біреудің зорлауымен яки бір қауіптің кесірінен болып 
көрінеді. Демек, мұнда адам өзін аңнан бөлек жан екенін біледі 
және аңға өзі айналғысы келмейді. Оны басқа бір күш мәжбүр 
етеді. Көп жағдайда жазадан қашу немесе бірдеңеден қорқу 
сияқты болып келеді.
Сонымен қатар мифтерде аспан шырақтары, басқа да нәр­
селер біреудің (кейде көп құдайдың біреуінің) дене мүше­
лерінен жасалады. Бұл да «минус І дәуірді» көрсететін 
«жасам 
паздық миф». Алайда, бұл мифтердің пайда болған 
уақы 
ты – құлиеленуші мемлекеттер, яғни, көпқұдайлық 
пай да болған тұс, демек, бұл мезгіл – «плюс ІІ дәуір». Сырт 
қарағанда, мұнда қайшылық бар: кейінгі заманда туған миф 
ежелгі, адамнан бұрынғы уақытты көрсетеді. Дұрысында, 
бұл – заңды. Мифтердің бәрі адам өзі туралы, аспан, жер, 
табиғат жайында ойлап, олар қалай және қашан пайда болған 
деген сұрақтар қоя алатын халге келгенде, соларға өзінше 
жауап бере алатын жағдайға жеткенде ғана туған. Олай болса, 
мифтер – адамзаттың өзі мен табиғат жайында кейінгі заманда 


[
 
 7  
]
шығарған әңгімелер мен шежірелер, ырымдар жиынтығы. 
Олардың қайсысын қай кезде шығарды, не нәрсеге сүйеніп 
шы ғарды – міне, осы тұрғыдан келгенде, мифтерді тарихи­
стадиялық әдіспен зерттеп, олардың ең көнесі қайсысы, олар 
қандай мақсатта айтылған деген сауалдарға жауап іздеуге тура 
келеді.
Адамдар әр дәуірде миф шығарып отырған. Алғашқы миф­
тер ежелгі адамдардың тұңғыш рет өзін адам сезініп, табиғаттан 
бөлектенген кезде, топ болып қауымдаса бастаған тұста пайда 
болғаны күмәнсіз. Бұл кезеңнің мифтері өте қарапайым, 
онда айтарлықтай абстрактілік жоқ. Адам дар маңайындағы, 
көзіне көрініп жүрген, күнделікті тіршілігінде кездесіп, 
көріп, аңдап жүрген нәрселерін тілге тиек еткен, олар туралы 
ойланып, олардың ерекшеліктері жайлы ойға шомып, түсінуге 
тырысқан. Сонда оның ақыл­ойы, түйсігі өзінің өмірі мен тә­
жірибесінен аспаған, сөйтіп, ол өз өмірін соларға көшірген. 
Мұндай жағдай мифологияның барлық түрінде кездеседі, тіпті 
мифологияланудың екінші түрінде де айқын көрінеді. Екінші 
рет мифологиялану процесі құлиеленуші мемлекет тұсында 
болған. Мәселен, көпқұдайлық мифологияда құдайлар мен 
адамдардың, алыптардың фантастикалық өмірі мен бастан кеш­
кендері сырт көзге ешбір реті жоқ хаос болып көрінеді. Бірақ 
жіті талдаған адам ондағы образдар мен жайттардың бірізді 
екенін байқайды, эпизодтар мен тұлғалар тізбегі жүйелі екенін 
аңғарады. Сөйтіп, ол ондай мифтерде табиғат пен қоғамның 
ақиқаттан алшақ мифологиялық тарихы баяндалатынын кө­
реді. Бұл – екінші мифологияланудың нәтижесі. Ол – «плюс 
ІІ дәуірде», яғни, құлиеленуші мемлекеттер тұсында жүзеге 
асқан процесс. 
Осы кезеңнің өзінде де адамдар болмысты жаңа мифтік сана 
негізінде қабылдайды, тек мұнда алғашқы қауымдағы мифтік 
емес, жаңа сатыдағы мифологиялық ойлау бой көрсетеді, 
өйткені «ежелгі замандағы халықтар өзінің алғы (бұрынғы) 
тарихын өз қиялында, мифологиясы арқылы елестетеді»
1

Ен деше, адам өзінің әлі ақыл­есі бар кісі, яғни, Homo Sapiens 
болмаған кезін миф арқылы білгісі келеді, ал оған бұл істе 
қиялы мен биогенетикалық жады (память, код) жәрдемге 
келеді.


[
  8  
]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет