Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту


 Шетел  білім  беру ұйымдарындағы  оқыту  процесінің тәрбиелік



Pdf көрінісі
бет19/36
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12911
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
3.2 Шетел  білім  беру ұйымдарындағы  оқыту  процесінің тәрбиелік

аспектісін күшейту тәжірибесі

Бүгінгі  таңда өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу  мен  оқытуды қоса  санағанда

қоғамдық  өмірдің барлық салаларындағы  проблемаларды әлемдік  тәжірибеге

сүйенбей шешу мүмкін емес.

Дүниежүзіндегі

мектептік-педагогикалық

тәжірибені  зерттеу  тәрбие

проблемасына қатысты анағұрлым мақсатты және келешекке арналған идеялар

мен  көзқарастар  меңгерілетін  ашық педагогикалық ойды қалыптастырады.

Әлемдегі  тәрбиені  дамыту – ауқымы  мен  нәтижесі  айтарлықтай  маңызды,

көпжақты процесс.

Заманауи білім берудің басты міндеті – оқушы тұлғасын дамыту барысында

отандық дәстүрлерге  сүйеніп, өткен  дәуірлердің тәрбие  дәстүрлеріне қатысты

сабақтастықты 

сақтай 

отыра, 


мектепте 

оқытылатын

әрбір 

пәннің


мүмкіндіктерін 

пайдалану. 

Бұл 

проблемаға



Қазақстанмен 

көршілес


мемлекеттердің, сол  сияқты  алыс  шетелдердің білім  беру ұйымдарында  зор

көңіл бөлінеді.



Жапонияда білім  туралы  заңда  көрсетілгендей,  мектепке әлем  және

адамгершілік мұраттарын көздеген ұлт қалыптастыру міндетін атқару жүктеліп

отыр.  Бұл құжатта  мектептегі  тәрбие  берудің негізгі  мақсаттары:  толыққанды

тұлға қалыптастыру;  бейбіт  сүйгіш  мемлекет  пен қоғам құрылысшыларын,

шынайылық пен әділдікті,  жеке  бостандықты,  еңбекті  сүйетін,  жауапкершілік

пен  тәуелсіздік  рухы  бар  адамдарды  тәрбиелеу; оқушыларды  ынтымақтастық,

өзара  түсіністік  және  тәуелсіздік  рухында  тәрбиелеу;  дәстүрлі  және  заманауи

түсініктерді  дамыту;  күнделікті өмірдегі  бідліктерді қалыптастыру;  рух  пен

денені  бақытты  және үйлесімді  жеке өмірдің негіздері  ретінде  нығайту

анықталған.

Жапония мектебі басты нормативтік актілерден бөлек, тәрбие бағдарламасы

нақтыланған құжаттарды  басшылыққа  алады.  Білім  берудің Орталық кеңесі

«Мінсіз  жапондықтың бейнесі»  деген  еңбекті  жариялады,  онда  анықталған  он

алты сәйкес қасиеттер төрт топқа бөлінген:

− дербес қасиеттер:  еркін  болу,  дербестікті  жетілдіру,  тәуелсіз  болу, өз

тілектерін басқару, сыпайгершілік сезімдерінің болуы;

−  үй  иесіне  тән қасиеттер: өз үйін  сүйіспеншілік,  демалыс  және  тәрбие

орнына айналдыруы;

−  қоғамдық  қасиеттер: өз  ісіне берілу, қоғамның  әл-ауқатына  ықпал  ету,

шығармашыл жан болу, әлеуметтік құндылықтарды бағалау;




55

− азаматтық қасиеттер: патриот болу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ең

жақсы ұлттық құндылықтарды меңгеруі.

Жапония Білім  беру  министрлігі  нұсқауларына  сәйкес,  белсенді қоғамдық

тұлға қалыптастыру – басты  міндет  болып  саналады.  Айталық, бала  бес

парызды қолдануы тиіс:

− мінез-құлық нормаларын қалыптастыруы;

− өмір салтын түсінуі;

− мінез-құлық, ой,  сезім,  дербес  және  жауапты қылықтардың  қабілеттерін

талдау дағдыларын қалыптастыруы;

− топтық іс-әрекет кезінде тәрбиелеуі;

топтың



проблемасы  мен

қызығушылығын  жеке  басыныкіндей

қабылдауына ерекше назар аударуы тиіс.

Орта  мектептерге  арналған  ресми

құжаттарда  адамгершілік  тәрбие

бағдарламасы «Мінез-құлықтың негізгі ережелерін үйрету», «Күнделікті өмірде

қоғамдық тәртіп  нормаларын  сақтау»,  «Адамға  лайық  өмір  сүру қажеттілігін

сезіну»  деп  аталатын  параграф-нұсқаулардан  тұрады.  Барлық осы құжаттарда

мектеп тәрбиесі рухани бай тұлғаның өсуіне ықпал етуі тиіс деп көрсетілген.

Ұлыбританияның білім  беру  бойынша Ұлттық комиссиясы  баяндамасында

мектеп өскелең  ұрпаққа  шыншылдық,  өзгелерге құрмет, қоғам  алдындағы

азаматтық борыш  сезімі,  адамдарға қамқорлық, сонымен қатар,  мәдени  мұра

сияқты құндылықтарды    жеткізуі  тиіс  делінген.  Сонымен қатар,  балалардың

демократиялық  қоғам  азаматтары  болып өсуі,  олардың  өз құқықтары  мен

міндеттері қалай  жұмыс  жасайтынын  білуі,  төзімділік  пен  бостандық рухында

тәрбиеленуі  маңызды  екендігіне  баса  көңіл  бөлінген.  Баяндамада  білім  беру –

тек білімді  тасымалдау ғана  емес,  сонымен  бірге,  моральдық, адамгершілік

және рухани күшті иеленуді білдіреді делінген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет