Тақырыбы: Бастауыш білім берудегі мониторинг-ғылым мен тәжірибенің проблемасы ретінде Орындаған: Еркімбекова Ә. Тобы: мнк-211 Қабылдаған: Ауезов Б. Түркістан 2023 Жоспар Кіріспе



бет1/7
Дата16.12.2023
өлшемі99,73 Kb.
#140246
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ZVFKXZPYWOLK12122023222520


Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы

МӨЖ


Тақырыбы: Бастауыш білім берудегі мониторинг-ғылым мен тәжірибенің проблемасы ретінде

Орындаған: Еркімбекова Ә.


Тобы: МНК-211
Қабылдаған: Ауезов Б.

Түркістан 2023



Жоспар
Кіріспе
1. Жалпы мониторинг ұғымы. Мониторингтiң түрлерi, мониторинг қызметтері
1.1 Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызы
1.2 Оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингіне қойылатын талаптар
2. Мониторингті әзірлеу және ұйымдастыру бойынша қызмет кезеңдері


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Әлемдік өркениеттің қарыштап алға дамуы білім беру саласының барлық деңгейіне әсер етіп, балаға тәрбиесінің жаңа саласы педагогикалық инновацияны дүниеге әкелді. Педагогика ғылымының бұл бағыты ғылым жетістіктерін мектеп практикасына ендіру барысында білім беру процесін тұтастай ғылыми негіздеуді, оқу-тәрбие жұмыстарының барлық буындарын технологияландыруды қажет етеді.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру» қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек деп атап көрсетті.Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған міндет. Білім сапасы ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс - әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдер шығармашыл болуы керек. Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бүл үрдісте оқу - тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден - бір көзі – мониторинг.
Мониторинг дегеніміз белгілі бір нәрсенің жай - күйін бақылау, бағалау, талдау және болжау жүйесі, белгілі параметрлерді анықтаудағы бақылауқұралы. Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық іс - әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді. Педагогикалық мониторинг-жасалған жұмыс нәтижесі және баспа құралдары монографиялар, диссертациялар, журналдағы мақала және жарияланымдар арқылы педагогикалық объектінің, құбылыстың күй жайын зерттеу болып табылады[1,12-13].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет