Сабақтың тиімділігі –жұмсалған күш-жігер, қаржы және уақыт тиімділігі
(қажеттілік және жеткіліктілік) ескерілген педагогикалық қызметтің қойылған
мақсатқа қол жеткізу деңгейі
Таным – объективтік шындық сипаттамаларын санада (дара және
ұжымдық) жаңғырту
Тәрбие – ұрпақтан ұрпаққа мәдениетті табыстаудың мақсатты процесі.
Тәрбиедегі ықпал – әлеуметтік өзара іс-әрекет процесінде тәрбиеленушінің
даралығы, оның мінез-құлқы мен санасының қандай да бір аспектілерін
өзгертетін тәрбиешінің қызметі, педагог функциясын іске асырудың түрі.
Тәрбие жүйесі –
– тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсаттары, субъектілері, олардың
қызметтері, байланысы, қарым-қатынасы, материалдық базасы) өзара іс-әрекеті
процесінде туындайтын және ұжымның тұрмыс салты, оның психологиялық
климаты сияқты интегративті сипаттамалардан тұратын тұтас әлеуметтік жүйе;
– өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты реттелген, ашық әлеуметтік-
педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |