9
10. Автордың соңғы сөйлемдегі мақсаты қандай?
A.
қоғамдағы
орнын анықтау
B.
әйелдің құқығын теңестіру
C.
қоғамдағы беделін көтеру
D.
қоғамдық
пікір қалыптастыру
[1]
[Барлығы: 10 балл]
2-тапсырма.
Мәтіндегі мәліметтерді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Мүмкіндігінше өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
Әр
тапсырманың
балы
[ ] тік
жақшада
берілген
.
Тіл
сапасына
қосымша
5
балл
беріледі
.
Өнер әлемі және қоршаған орта
Өткен ғасырда көптеген суретшілер өз еңбектерін қоғамның назарын қоршаған
ортаның ластану мәселесіне аударуға тырысты. Олар
әлсіз планетамыздың шексіз
ластануы мен өзіміз шығарып жатқан қалдықтардың зияны туралы білгенімізді
қалады. Ал суретшілердің өздерінің қоршаған ортаны ластауы ше? Жалпы
қалыптасқан түсінік бойынша өнерді сынға алуға болмайды, себебі өнер дегеніміз –
мәдениет, ал мәдениет – ой мен рухымызға азық. Бірақ ұзақ уақыт бойы өнер әлемі
зиянды заттарды пайдаланумен тығыз байланысты болып келген, ал суретшілер болса
қалдықты азайту ісіне септігін тигізуге тырысады.
Бірақ жалпы алғанда, бұл жағдай жақсарып келеді. Жаңа еуропалық ережелерге
сәйкес белгілі бір химиялық және қорғасын құрамдас
бояуларды саудалауға тыйым
салынды. Суретшілердің көбі мұндай танымал ақ бояудың заманы өтіп кеткеніне
қиналды (бұл өнім құрамында қорғасынның мөлшері тым көп болғандықтан, үш жыл
бұрын саудадан алынып тасталған). Ал олардың көпшілігі ақ бояудың дүкен
сөрелерінен жоғалуына дейін жеткілікті мөлшерін жинап алып, оны әлі де қолданып
жүр. Бірақ мұндай материалдардың қоршаған ортаны қатты ластайтыны және өте
қауіпті екендігі дәлелденген.
Мұндағы ең өкінішті жайт – суретшілердің көбі өздері қолданып жүрген кейбір
заттардың қаншалықты мөлшерде зиянды екеніне күдіктенбеген.
Өнім нарықта
сатылымда болған соң, қауіпсіз екен деп ала берген. Бірақ қазір бұл өзгерді. Енді жаңа
заңнамаға сәйкес сурет өнеріне қажетті материалдарды өндірушілер өз өнімдерінің
құрамында улы заттардың барын анық көрсетулері қажет.
Сондай-ақ, олар бұл
заттардың экологиялық жағынан таза баламаларын шығарып,
егер суретшілер қажет
деп тапса, оларға улы химиялық заттары жоқ бояуларды сатып алуға мүмкіндік
берулері қажет.
Ең маңыздысы – суретшілердің өздерінің шығармалары арқылы негізгі
экологиялық мәселелерді көтеруінен гөрі, өздерінің
қоршаған ортаға кері әсерін
шынайы түрде азайтуға көшулері. Шынымен, ұлы шығармаларды болашақ ұрпаққа
жеткізу үшін оларды үнемі күшті улы химиялық заттармен өңдеу қаншалықты дұрыс?
Өнер туындыларының барлығы мәңгілік емес екендігін, олардың табиғи түрде
ыдырауға түсетіндігін мойындауымыз керек пе? Сондай табиғи түрде
ыдырайтын
туындының бір мысалы ретінде «Ғажайып әлем» көрмесін атауға болады. Бұл
10
көрмеде дизайнер Хелен Стори мен химик Тони Райан жасаған теңдесі жоқ әдемі,
экзотикалық көйлектердің жинағы ұсынылды. Бірақ енді оларды ешқашан көре
алмайсыз, себебі дизайнер Стори оларға су бүркіп, ыдыратып жіберді —
мақсат та
осы еді. Міне, экологиялық таза өнер дегеніміз осы!
Достарыңызбен бөлісу: