1)
кабыршақты бөлік, pars squamosa; 2) дабыл бөлігі, pars tympanica
және 3) тасты бөлік, pars petrosa.
Баланың бір жасында сыртқы есту жолы - қабыршақты бөлік оның
үстінде, тастақты бөлік одан ішке қарай,
дабыл бөлігі артынан және
астынан тұйықталып, бір сүйекке айналып бірігіп-бітіседі. Самай
сүйегінің жеке бөліктерінің қосылып-тұтасуының іздері аралык жік және
саңылаулар түрінде бүкіл өмір бойы сақталады, атап айтканда: pars
squamosa және pars petrosa, шекарасында,
соңғының алдыңғы жоғарғы
бетінде - fissura petrosquamosa; төменгі жақсүйек шұңқырының түбінде
fissura petrosquamos төменгі жақсүйек шұңқырының түбінде fissura
tympanosquamosa, ал тастақты бөліктің өсіндісі аркылы fissura
petrosquamosa және fissura petrotympanica (бұл арқылы chorda tympani
нерві шығады) болып бөлінеді.
Қабыршақты бөлік,
pars squamosa, бассүйектің бүйір
беттерін
түзуге қатысады. Ол жабын сүйектерге жатады, яғни дәнекер тін
негізінде сүйектенеді әрі шеті бүгілген тік тұрған табақша түрінде
құрылысы қарапайым, табақшаның бүгілген жиектері шеке сүйектің,
margo squamosa, сәйкесті жиектеріне балық қабыршақтары сиякты
қаланады, оның аты да осыдан шықкан. Оның ми бетіне, facies
cerebralis,
мидың іздері, саусақтық батыңқылар, impressiones digitatae,
және a. meningae media-дан жоғары карай кететін жүлге байкалады.
Қабыршақтың сыртқы беті тегіс, самай шұңқырын түзуге қатысады да,
сондықтан facies temporalis деп аталады. Одан бет сүйегімен косылуға
алға қарай кететін бет өсіндісі, processus zygomaticus шығады.
Басталатын жерінде бет өсіндісінің екі түбірі бар: алдыңғы және артқы,
олардың арасында төменгі жаксүйекпен буындасу үшін қажет шұнкыр,
fossa mandibularis, орналасады (50-сурет). Алдыңғы түбірдің
төменгі
бетінде ауыз қатты ашылғанда төменгі жақсүйектің басынан алға карай
тайып кетуіне кедергі жасайтын буын төмпешігі, tuberculum articulare,
жайғасады.
Самай сүйегінің
Достарыңызбен бөлісу: