Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


Б а с б а р м а қ т ы қ а р а м а -қ а р с ы қ о я т ы н б ұ л ш ы қ е т



Pdf көрінісі
бет314/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   369
3. Б а с б а р м а қ т ы қ а р а м а -қ а р с ы қ о я т ы н б ұ л ш ы қ е т , 
т. opponens
pollicis,
thenar-дың кәрі жіліктік жиегі бойында m. abductor pollicis brevis-тің 
астында орналасады. Басталатын жерлері - retinaculum flexorum мен os 
trapezium төмпешігі, бекитін жері - 1 алақан сүйегінің кәрі жіліктік жиегі.
Қызметі.
Алақанға қарай оның алақан сүйегін тартып, бас бар- 
мақты шынашаққа қарсы қояды.
4 . Б а с б а р м а қ т ы ә к е л е т ін б ұ л ш ы қ е т , 
т. adductor pollicis,
алақанның тереңінде жатады. III алақан сүйегінен басталып, II алақан 
сүйегінің алдынан өтіп, шынтақ жіліктік дәнтәрізді сүйекше мен бас 
бармақтың проксималды бунағының негізіне бекиді.
Қызметі.
Бас бармақты әкеледі, аздап оны қарсы қояды.
H y p o t h e n a r б ұ л ш ы қ е т т е р і.
1. А л а қ а н д ы қ қ ы с қ а б ұ л ш ы қ е т , 
т. palmaris brevis,
тері астында 
беткей орналасады. Алақан апоневрозынан басталып, алақанның 
шынтақтық жиегіндегі теріде аяқталады.
Қызметі.
Алақан апоневрозын кереді.
2 . Ш ы н а ш а қ т ы ә к е т е т ін б ұ л ш ы қ е т , 
т. abductor digiti minimi,
hypothenar-дың шынтақтық жиегі бойында беткей орналасады. 
Басталатын жері - retinaculum flexorum және os pisiforme; V саусақтың 
проксималды бунағы негізінің шынтақ жіліктік жиегіне бекиді.
Қызметі.
Шынашақты әкетеді.
3 . Ш ы н а ш а қ т ы ң қ ы с қ а б ү к к іш і, 
т. flexor digiti minimi brevis,
алдыңғы аталған бұлшықеттің кәрі жіліктік жиегі бойында беткей 
жақта жатады. Басталатын жері - retinaculum flexorum және os hamatum 
ілмегі, шынашақтың проксималды бунағының негізіне бекиді.
Қызметі.
V саусақтың проксималды бунағын бүгеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет