Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет322/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   369
vag. synovialis communis mm.
flexorum
саусақтардың терең және беткей бүккіштерінің 6 сіңірін 
қаусыратын медиалды орналасқан көлемді қап болып табылады. Ол 
жоғарғы жағында retinaculum flexorum-нан 1-2 см проксималды шығып 
тұрады, ал төменгі жағында алақанның ортасына жетеді. Тек шынашақ 
жағында ғана оны бүгетін ұзын бұлшықеттер сіңірлері бойымен
306


созылып, оларды коршап, солармен бірге V саусактың дисталды 
бунагыиың негізіне жетеді.
Екіиші қынаи, 
vag. tendinis nt. flex o ris pollicis longi,
латералды 
орналасқан, ұзын және тар өзек, онда бас бармактың ұзын бүккішінің 
сіңірі жатады. Қынап жоғарғы жағында retinaculum flexorum-нан 1-2 см 
гіроксималды шығып түрады, ал төменде сішр бойымен 1 саусақтың 
дисталды бунағының негізіне дейін созылады. Қалған үш саусақтың 
жекс қынаптары
vag. sinovialis tendinum digitorum (manus)
болады, 
олар сәйкесті саусақ бүккіштерінің сіңірлерін қаусырады. Бүл кынаптар 
алақансүйектер-бунақтар буындары деңгейінен дисталды бунақтардың 
негізіне дейін созылады. Демек, II-IV саусақтардың алақан жагында 
өздерінің ортақ бүккіштері үшін оңашаланған қынаптары болады, ал 
алақан сүйектерініц дисталды жартыларына сәйкес келетін аралықта 
қынаптар болмайды.
Vagina synovialis communis mm. flexorum V саусақ сіңірін 
қаусырады да, бірақ II-IV саусақтар сіңірлерін жан-жағынан қор- 
шамайды; ол үш томпақ түзеді деп есептеледі, олардың біреуі беткей 
бүккіштер сіңірлерінің алдында, екіншісі - олар мен терең бүккіштер 
сіңірлері арасында, ал үшіншісі - терең сіңірлердің артында 
орналасқан. Сөйтіп, шынтақтық синовиалды қынап тск V саусак 
сіңірлсрі үшін ғана нағыз синовиалды қынап болып табылады.
Сіңірлі қынаптар саусақтардың алақан жағында тығыз фиброзды 
табақшамен жабылған, ол бунақтардың жиегіндегі қырқашықтарға 
бітісіп-өсіп, әрбір саусақтағы сіңірді қынабымен коса қоршайтын 
сүйекті-фиброзды өзек түзеді. өзектің фиброзды қабырғалары бунақ 
сүйектері денелері аймағында өте тығыз, ол жерде олар көлденең 
қалыңдамалар, фиброзды қынаптың сақиналы бөлігін, pars annularis 
vaginae fibrosae, түзеді. Буындар аумағында олар едәуір әлсіздеу де, 
қиғаш қиылысатын дәнекер тінді будалармен, pars cruciformis vaginae 
fibrosae нығайтылады. Қынап ішіндегі сіңірлер олардың қабырға- 
ларымен қан тамырлары және нервтері бар жұқа шанжырқайлар, 
mesotcndineum. арқылы байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет