287
әлеуметтік бейімдеу –
нысаналы әлеуметтік және медициналық –
педагогикалық түзету арқылы қолдану процесінде кемтар балалардың
қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез – құлық ережелері мен
нормаларын игеруі мен қабылдануы және еңбекке даярлануы жолымен
әлеметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі;
әлеуметтік жұмыс –
жекелеген адамдарға, отбасыларына олардың
толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған
немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік
құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөіндегі қызмет;
скрининг –
«қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен
жаппай стандартталған тексеру;
медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика
–
әр түрлі кемістіктерді анықтау мен емдеудің, оқыту мен тәрбиелеудің
сайма – сай жағдайларын белгілеу үшін балалардың психикалық – дене
дамуын кешенді салааралық бағалау;
медициналық оңалту –
организмнің бұзылған немесе семіп қалған
функцияларын емдеуге, қалпына келтіруге бағытталған медициналық іс –
шаралар кешені;
арнаулы білім беру бағдарламалары –
кемтар балаларды оқытуға
арналған бағдарламалар;
арнаулы білім беру –
кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай
отырып білім беру;
арнаулы білім беру жағдайлары –
техникалық және өзге де көмекші
құралдарды, сондай – ақ медициналық, әлеуметтік және кемтар
балалардың білім беру бағдарламаларын игеруі онсыз мүмкін болмайтын
өзге де қызметтерді қоса алғанда, арнаулы білім алу үшін жасалатын
жағдайлар;
Достарыңызбен бөлісу: