Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері


№ 2 дәріс. Физикалық демонстрациялық експеримент. Физика бойынша



Pdf көрінісі
бет3/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Снимок экрана 2023—03—16 в 15.19.59

№ 2 дәріс. Физикалық демонстрациялық експеримент. Физика бойынша 
зертханалық сабақтар.
 
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Физикалық оқу эксперименті, оның міндеттері және жүйесі. 
2. Демонстарциялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын талаптар.
3. 
Физика бойынша зертханалық сабақтарды өткізу
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап 
көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы 
физикалық оқу 
эксперименті
деп аталады. Физикалық оқу эксперименті физиканы оқытудағы ең 
негізгі көрнекі құрал болып табылады. Өйткені оны пайдаланудың нәтижесінде 
физикалық ұғымдар (жылдамдық, үдеу, өріс, жарық дисперсиясы және т.б.) 
қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток 
күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық 
заңдар (Ньютон, Ом заңдары және т.б.) тексеріледі.
Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі 
мынадай түрлерден құралады (
1-
сурет):
1
)демонстрациялық эксперимент;
2)лабораториялық эксперимент;
3)физикалық практикум;
4)сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент;
5)эксперименттік есептер шығару;
6)қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау.
Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде 
көрсетіледі. Демонстрациялық экспериментті көрсеткенде оқушылар пассивті түрде 
бақылаушы ролін атқарады. Лабораториялық экспериментте оқушылар өздері 
белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, 
өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды. 
Мектепте жүргізілетін лабораториялық эксперимент белгілі ерекшеліктеріне қарай 
5 топқа классификацияланады.
Фронталь лабораориялық жұмыстар
қысқа уақытты немесе бір сағаттық 
болады. Ол сабақта барлық оқушылар бір мезгілде бәрі бірдей жұмысты орындайды. 



Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
Мұның бірқатар ұйымдастыру
-
әдістемелік артықшылықтары бар: а)өтілетін 
тақырыппен тығыз байланысты болады; ә)барлық оқушының бірдей жұмысты 
орындауы, оны өткізу мен тексеру мұғалім үшін жеңілдейді.
Мұғалім бұл жұмыстың мынадай өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек: 
а)сыныпта барлық оқушыларды бірдей приборлармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі 
бола бермейді; ә)бір жұмысты 3
-
4 оқушы бірігіп топ болып жасайтындықтан
олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, қалғандары тек бақылауға мәжбүр; 
б)жұмыстың приборларын тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге 
оңайлыққа соқпайды.
Әртүрлі жұмыстар жүйесі,
әдетте, тоқсанның не оқу жылының аяғында 
өткізіледі. Өтілген бірнеше тарауларға қатысты әр түрлі 10
-
15 лабораториялық 
эксперимент қойып, әр топ оқушыларына бір мезгілде әр түрлі жұмыстарды 
(мысалы, 10
-
сыныпта, механикадан, молекулалаық физикадан, электр бөлімінен) 
орындаттырады. Бұл тәсіл бойынша әр оқушы жеке дара әр түрлі жұмысты орындап, 
оның өздігінен, шығармашылық түрде істеуіне мол мүмкіндік туғызылады. Бірақ, 
оның мынадай кейбір әдістемелік қолайсыздығы болатындығын мұғалім ескеруі 
керек: а)лабораторииялық жұмысты орындау күнделікті өтілген тақырыппен 
байланысты болмайды; ә)жұмысты орындау туралы әр жұмысқа әр түрлі нұсқау 
берудің мүмкіндігі қиын; б)жұмыстың нәтижесін сынып болып талқылау ыңғайсыз; 
в)әр түрлі лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру, тексеру, қорытындылау да 
қолайсыз.
Физикалық (лабораториялық) практикум 
оқу жылының аяғында 9
-10-11-
сыныптарда, 1
-
2 сағат бойы өткізіледі (мысалы дененің еркін түсу үдеуін өлшеу, 
шала өткізгіштіктердің вольт
-
амперлік сипаттамаларын алу, электрорезонансты 
зерттеу). Мұндай лабораториялық практикумдар күрделі аппаратуралармен 
жасалады, физикалық құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше 
ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылымми
-
зерттеу және өлшеу 
әдістерімен таныстырады.
Зерттеушілік лабораториялық жұмыстар 

металдар мен шала 
өткізгіштіктердің кедергілерінің температураға байланыстылығын зерттеу (10
-
сынып), 
эврикалық –
Бойль
-
Мариотт заңын анықтау (9
-
сынып), 
иллюстративтік 

Ньютонның екінші заңын тексеру (9
-
сынып) сияқты болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет