Бөж орындаған: Сахыбек Әсет


Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата27.11.2023
өлшемі271,68 Kb.
#129723
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-БӨЖ (Әлеуметтану) (1)

6.Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі
Отбасы — әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір
бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түр-
леріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңге-
реді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да ке-
лер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншы-
лықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-
қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қалана-
ды. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді,
ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Ба-
лалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір
бойы сақталады.
Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен
қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Яғни, балаларды тәрбие-
леу тек ата-ананың жеке ісі емес, бұған барлық қоғам қызығушылық танытуы
керек. Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса егемен еліміздің бола-
шағы отбасында тал бесіктен бастау алып,оқу тәрбие орындарында тәрбие-
ленген саналы ұрпақтың қолында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет