Тексерген: Давлеткалиев Б. Ш


Жер кадастрының даму аспектілері



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата27.11.2023
өлшемі250,66 Kb.
#130026
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МаулетАқниетГосРегСРС

1.2. Жер кадастрының даму аспектілері 
Басқа елдердегідей, Қазақстанда жер қатынастары қоғам өмірінде 
жердің ерекше рөлімен негізделген қоғамдық және экономикалық 
қатынастардың негізі болып табылады. Өндірістің, қарым-қатынастың, халық 
тұратын жерлердің барлық түрлерін орналастыру үшін жалпыға тән жер базисі 
бүкіл қоршаған ортаның басты компоненті болып табылады. Сондай-ақ, әр 
елде жер қатынастарын дамыту әр түрлі болады, мәселен, отырықшылыққа 
ерте көшіп, көбінесе егіншілікпен шұғылданатын халықтарда жер 
қатынастарының нарықтық формасы мен меншігінің жеке формасын 
қалыптастыру қоғам мен мемлекеттің ерте дамуының басымдылығын 
танытты.
Көшпелі 
халықтарда 
олар 
көбінесе 
мал 
шаруашылығымен 
айналысқандықтан, жер қатынастарының дамуында үлкен айырмашылықтар 
болды, отырықшылық өмірдегі жекелеген алқаптардағы халықтың шағын 
бөлігі ғана егіншілікпен шұғылданды. Қазіргі Қазақстан аумағында тұратын 
халықтардың жер қатынастарының даму тарихын, біздің көзқарасымызша 
шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңге ерте кезден Ресейге қосылғанға дейінгі жер 
қатынастарының тарихи дамуын жатқызуға болады.
Екінші кезең – Қазақстанның Ресей құрамында 1917 жылға дейін 
отарлық шегінде болу кезеңі. Үшінші кезең – бұл Кеңес кезіндегі жер 
қатынатарының дамуы мен қалыптасуы, яғни 1917 жылдан 1990 жылға дейін 
уақытты қамтиды. Соңғы төртінші кезең Қазақстанда жер реформасының 
басталуынан қазіргі кезге дейінгі кезең. Көбінесе ауыл шарушылығымен 
шұғылданатын халықтар үшін жер әрқашан маңызды мәнге ие болады. Ол 
ауыл шаруашылығында кеңестік базис қана емес, өндірістің басты жағдайы, 
еңбек және өндіріс құралы болып табылады.
Көшпелі мал шаруашылығы үшін жер қажетті азықтық алқаптарға орын 
бере отырып, мал өсірудің басты шарты болып табылады. Қазақстанның 
әртүрлі аймақтарындағы табиғи-климаттық жағдай жер ресурстарын 


7
пайдалануға ерекше жағдай қалыптастырды, яғни түрлі маусымда 
жайылымды пайдаланатын көшпелі мал шаруашылығын дамыту арқылы кең-
байтақ жайылым жерлерді пайдаланды. Осыған байланысты қазақтар 
жайылымды жылдың әр түрлі кезеңінде пайдаланды да, оны әр түрлі атады 
(жайлау, қыстау, көктеу, күзеу). Жер алқаптарының, жайылымдардың негізгі 
түрлерін бұлай бөлуді есепке ала отырып, Қазақстан аумағын ежелден 
мекендеген көшпенді халықтарда өздеріне тән жер қатынастары болғанын 
пайымдауға болады. Барлық мемлекеттің кез келген тарихи кезеңдеріндегі жер 
қатыныстарының негізінде меншік қатынастарының қалай реттелетіні, жер 
меншігінің формалары туралы мәселелер тұрады.
Республикада тарихи және құқықтық аспектілерде жер қатынастарын 
дамыту мәселелерін әр кезеңде көптеген, ғалымдар зерттейді. Мұнда олар 
түрлі тарихи кезеңдердегі жер қатынастарының ерекшеліктері мен жер 
меншігінің қатынастарының ерекшеліктері мен меншігінің формаларына әр 
түрлі пікірлер мен көзқарастар танытады. Пікірлерді бөлу негізінде феодалдық 
жер меншігінің болуы мен формасы және ерте кезден бері патриархалдық-
феодалдық жер қатынастарының сипаты туралы сауалдар туады. Пікірлердің 
үлкен айырмашылықтарына қарамастан, зерттеушілердің көзқарастарын 
топтастыруға болады.
Оңтүстік Қазақстанда кеңінен таралған кең-байтақ егін шаруашылығына 
келсек, көптеген зерттеушілер мұнда ерте кезден-ақ түрлі формадағы 
жекеменшіктің болғанын құптайды. Алайда зерттеушілер пікіріндегі басты 
мәселе – қазақтың ұшы-қиырсыз даласындағы көшпелі халықта феодалдық 
жер меншігінің болуы. Бұл мәселені зерделей келе, ғалымдардың бір тобы 
көшпенді қоғам меншік пен жер қатынастарын құқықтық реттеу 
формаларының болу мүмкіндігін жоққа шығаратындықтан, көшпелі 
халықтарда, соның ішінде қазақтарда феодалдық жер меншігінің болғанын 
көрсетеді. Алайда екінші топтағы ғалымдардың көпшілігі көшпенділерде 
феодалдық жер меншігінің болғанын құптаумен ғана шектеледі.


8
XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысымен шектеле отырып, бұл жер 
қатынастарының классикалық феодализм елдеріндегі жер қатынастарынан 
айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін ашпай, Қазақстандағы феодалдық 
жер меншігінің пайда болуын қай кезеңге жатқызу керектігі, олардың даму 
сатылары қандай екені туралы мәселені қалыс қалдырды. А. Е. Ереновтың 
пікірінше, бірінші пікірді жақтаушылар феодализмнің болуы ең алдымен 
феодалдық жер меншігінің бекітілуімен байланысты және оны экономикалық 
іске асыру жер рентасын беру болып табылатынын түбегейлі дәлелдей 
алмады. Олар ұсынған феодализмнің басқа экономикалық негізі – малды 
жекеменшіктеу, А. Е. Ереновтың пікірінше, қолайлы емес. В.Ф.Шахматов, 
негізінен көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданған Қазақстанда 
феодалдық қатынастар жер «ешкімдікі» болмай тұрғанда өндірістің негізгі 
құралы болған мал меншігі негізінде пайда болып, дамыды деп санайды. 
Осыдан ол Оңтүстік Қазақстанда монғол басқыншылығына дейін ірі 
феодалдық жер меншігі болды, қалған аудандарда ХІХ ғасырдың екінші 
жартысында капиталистік қатынастар негізінде ғана пайда болды деген ой 
айтады. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет