Тексерген: Давлеткалиев Б. Ш


Жер кадастрының міндеттері және сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата27.11.2023
өлшемі250,66 Kb.
#130026
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МаулетАқниетГосРегСРС

1.3 Жер кадастрының міндеттері және сипаттамасы 
Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана 
бастағаннан /егіншілік пайда болғанда/ туындады. Егіншіліктің және мал 
шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты 
/жыртылатын жер, жайылым/, яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке 
алуды талап етті. 
Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі 
қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, 
айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда 
болуы және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың 
құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді. 
Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның 
мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. 
Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді 
меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы 
пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады. 
Мысалы, жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын 
енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға 
және занды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында 
берілген жер учаскелерін нарықтық айналым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп 
жер нарығының қалыптасуына қүқықтық негіз салынып, жылжымайтын мүлік 
статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу 
мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін 
кепілдікке беру; ипотекалық операциялар және т.б.
Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді: 
- жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемалары және жер 
ресурстарын пайдаланудың, жақсарту, қорғаудың бағдарламаларын әзірлеу;
- жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен 
қәзіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жасау, жер учаскелерін 


10
орналасқан жерінде /карталарда/ бөлу мен шекараларын белгілеуді, жер 
пайдалануға, иеленуге қүқық беретін құжаттар жасау; 

елді 
мекендердің 
жер-шаруашылық 
құрылысының, 
жер 
пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер игеру 
жобаларын, сондай-ақ, жер пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да 
жобалар әзірлеу; 
- жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, 
топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық топырақтық, геоботаникалық 
және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу; 
- кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары 
жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу;
- жер бағалау жұмыстарын жүргізу. 
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру жерлерді 
пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге 
де функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету 
мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып 
жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің 
мазмұнын құрады. 
Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын 
ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы 
жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларын/соның ішінде әсіресе, жердің 
маңызы зор/ есепке алу қажеттілігін есептейді. Сол шаралардың ішінде ең 
маңыздылары болып топырақтардың құнарлығын арттыру, су және жел 
эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіп тастандыларымен 
ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру шаралары болып 
табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының сапалық 
жай-күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек. 
Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын арттыру 
бойынша нәтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел және су эрозияларына 
қарсы 
жүргізілген, 
ұйымдастыру-шаруашылық, 
агротехникалық, 


11
гидротехникалық шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тұзданудың, 
ластаудың, батпақтанудың және басқа да жерлердің жай-күйін төмендететін 
процестердің алдын алу кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар 
жүзеге асыру жер алқаптарының сапалық жай-күйін жан-жақты зерттеу және 
есепке алуға негізделеді. 
Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қаулысы; /06.06.1996 ж. 
№710/ бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақстан республикасының 
табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің 
орналасқан жері, көлем мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер 
учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де 
қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. 
Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, 
биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру 
және шығу форматтарының бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен 
ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады. 
Кадастр 
мәліметтер 
топографиялық-геодезиялық, 
аэро-
ғарыштық,картографиялық,жерді үйлестру, инвентаризациялық, топырақтық, 
геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жүмыстарын 
жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалық 
сипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның 
орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік 
береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да 
келтіріледі,оның кадастрлік нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады. 
Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан деңгейінде жинақталады. Онда учаскенің 
кадастрлік нөмірі, жеке немесе заңды тұлға /жер учаскенің құқықтық 
субъектісі/ аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық 
құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде 
шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәліметтер 
меншіктеу түрлері, жер санаттары аудандар, облыстар, қалалар, республика 
бойынша жүйелендіріледі. 


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет